«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл!



бет72/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл!


Ақтөбе қаласы, М.Құрманғалиева атындағы
32 мектеп-гимназиясы
8 «А» класс оқушысы
Айтқұл Айя
Жетекшісі: Қуанышева Р.Қ.
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 75 жыл толды! Яғни, біз 75 жыл бойы бейбіт аспан аясында өмір сүріп жатырмыз. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке. Бұл атаулы күн – Отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды.
«Адам бір - ақ туады, бір-ақ рет өледі. Өлім әр-түрлі болады: біреу суықтан өледі, біреу қыз үшін өледі,енді біреу аурудан өледі. Мұндай өлімдерді көргенде құр ғана ренжисінде қоясың. Ал естігеніңде үлкен құрмет пен бас иетін өлім-майданда ерлерше өлім. Мен жаспын, менің өмір сүргім келеді, ең қызықты өмір әліде алдымда екенін жақсы білемін. Менің үстімде қызыл әскер киімімен әскерде жүрген Азия елінің ұлымын. Мен өз елімді қорғаймын; момын да бауырмал, ардақты да елім бар. Сол елім мен аттанарда былай деген болатын: «Тас түлегім, мен сені баулыдым, сылап өсіріп, қанатыңды қақтырдым, қиын бір кезең келіп қалды, жау жағадан, бөрі етектен алғалы тұр...» деген. Мен бұны ұмытпаймын!» деген Баубек Бұлқышевтің хаты маған ерекше ой салды. Мына 21 ғасырдың ұрпағы да, біз де кез келген уакытта өз елімізге деген ұлы махаббатымызды, Отаның бізге берген сый құрметін әр қашанда есте сақтауымыз керек. Өйткені, Отан маған да құлағыма сыбырлап тұрғандай. Еліңе қиыншылық түссе сен де қашанда дайын бол деп сыбырлағанын, мен де іштей оған әрине, мен қашанда дайынмын деп жауап бергім келеді.
Соғыс – барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш. Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар арасында болған. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Бұл соғыс екінші дүниежүзілік соғыс болып саналады. Соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншама отбасы ер жігіттерінен айырылып, қара жамылды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезімі, қолына қару алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңісті жақындата түсті. Сұрқия соғыс біздің Қазақстаннан да аттап өтпеді. Жүз мыңдаған отандастарымыз соғыстың алғашқы сәтінде–ақ майданға аттанды. Жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай еңбектенді. Әр атқан таны үшін Аллага рахметтерин айтып, ари карай Согыс битеди деген умиттеринен айнымаган болатын. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Соғыс адамзат баласын біріктірді. Олар бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті.
Ғаламтордағы мәліметтер мен үлкен кісілердің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылып, бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.
Баримиз билетендей, шабуыл жасаспау туралы Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. 1940 жылдың орта кезеңінде-ақ, далірек айтсак 18 желтоқсан куни Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде, яғни 3-4 айда «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті МаншүкМ әметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін» — деп әскери комитетке өтініш берді. Сонымен қатар, Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасты.
Біз қазіргі кезде Соғыс туралы тек кітаптардан, журналдардан, кинолардан, соғыс ардагерлерінен естіп қана қойғанбыз. Жеке өз басым соғыс туралы ойлауға да қорқамын. Сондықтан болған соғыс туралы естігенде немесе оқығанда әрдайым тебіреніп, таңырқап отырамын. Сол кездегі апаларымыз қалай өз қорқыныштарын жеңді екен, қалайша өз бастарын құрбандыққа тікті екен деп ойлаймын. Бірақ, менің ойымша олар түк бүгелместен менің сұрағыма күлимсирей жауап берер еді. «Шырағым, әрине менің бойымда қорқыныш сезімі болды, алайда туған жерге деген махаббатым үлкенірек болды. Туған жерімді бұл фашистке бермеспін деген намыс мені алдыға қарай сүйреді. Не де болса намысшылдық әр қазақтың бойына тән қасиет. Тек соны керек кезде оята және қолдана білу қажет.» деп жауап берер еді. Эссені жаза отыра, осыдан бір-екі жыл бұрын мұғалімімнің берген тапсырмасы бойынша Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» деген кітабын оқығаным есіме түсті. Бұл кітап Бауыржан Момышұлы туралы болатын. Батыр атамыз журналистке соғыста басынан өткізген жағдайлар туралы айтып берген болатын. Әрбір оқиғаны кызыға оқып, бейне бір сол журналист баланың орнында өзім отырғандай сезінетінмін. Өзінің болаттай қатты мінезімен, табандылығымен, айбындылығымен «Отан үшін отқа түс күймейсің» деп өз батальонын, жауынгерлерді алға сүйреп «Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді, Қорқақққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет» деген сөздерімен жігерлендіріп жеңіске жеткізді.Бауыржан атамыздың жеткен жетістіктері бәріне мәлім. Өз басынан көптеген қиыншылықтарды өткізе отыра, келешек ұрпаққа көптеген өсиет қалдырды. Солардың бірінде былай дейді: «Ей, бүгінгі жас қауым, бейтаныс арғы ұрпақ! Әр әке: «балам бақытты болсын екен, үрім-бұтағым үзілмесе екен, өшпесе екен» деп тілейді. Бір ғасырда бір Наполеон, екі жүз жылда есуас Гитлер тумай қоймас. Ондай жауыздардан елді, жерді сақтап қалу – сенің борышың алғы ұрпақ. Ей, жүзжылдан кейінгі, мың жылдың ар-жағындағы үрім-бұтақ, жұрағат, жас ұрпақ! Естисің бе менің үнімді, жете ме саған менің дауысым?!Жетсе, бүгінгі баламыздан бастап, көпұлтты отанымыздың барлық болашақ ұрпақтарына айтар екіауыз сөзім бар, ол «Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер деген сөз. Ол халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар деген сөз». Әрине, Бауыржан атамыздың бұл өсиеті нағыз патриоттық сөздері әрбір ұрпақтын жүрегіне жетті деген ойдамын.Себебі, бұл сөздер менің бойымдағы қорқынышты лезде жойып, патриоттық сезімімді оятты. Осы сөздерден кейін мен Отанымды қорғауға дайын екенімді ,зор еңбек етіп,елімді алға қарай жетелейтін бірден-бір жас ұрпақпын екенімді түсіндім.
Соғыс деген қайдан шықты?!
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам есі кетіп, отан несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қанбасты?
Ия, бұл жырларды қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаев жазып кеткен болатын. Мінеки, биыл Ұлы Отан соғысына 75 жыл. Елді қан қақсатып, зарлатып өткен 5 жыл бар адамзаттың тарихына үлкен орны толмас қасірет әкелді. Қазақ - ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халык. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Жауынгерлердің бойындағы Отанға деген патриотизм, туған елге, жерге деген сүйіспеншілік, ұрпақ алдындағы жауапкершілік соғыс өртін тұтатқандарға деген өшпенділік пен ыза-кекке айналып, Талғат пен Хиуаз болып көкжүзінде самғады, Әлия мен Мәншүктің пулеметінде сарнады, Бауыржан мен Қасым болып орыс орманын шарлады, Матросов пен Баймағанбетов болып дзотттың өзін жалмады. Өздері өлді, өмірлерін ұрпақтың амандығына арнады. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оныңішінде 96 ҚазақКеңесОдағының Батыры атағыналды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және көп басқа жауынгерлеріміз. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік көрсетіп, тағдыр талқысымен келгендерге қол ұшын беріп, миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартты.
Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған. Мыңдаған адамдар мерт болды, мыңдаған адамдар мүгедек болып қалды, мыңдаған адамдар бет алдына босып кетті. «Белгісіз жауынгер бейітінде», «Бауырластар зиратында» сол бір қара көз қазақтың жатпағанына кім кепіл?! Олар жат жердің топырағын жастанып, туған жерден жырақта от кешіп жүрді Бірақ, не де болса Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Бұл Қазақстаннан шыққан қаһарманман жауынгерлердің қанымен, жанымен алынған, мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған жандардың жеңісі еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қара түнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірін толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіреті. Жеңіске Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз 30,8 миллион пұтастық, 14,4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3 194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді. Бұл соғысқа дейінгі бес жылдағы көрсеткіштен бірнеше есе көп. Республиканың барлық экономикасы әскери «рельске» қойылды: бейбіт мақсаттағы шығыстар барынша қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық, 23 сағаттық жұмыс күні бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті.
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ерлер мәңгі есімізде, оларға қамқорлық жасау - бүгінгі ұрпақ, біздің, қасиетті парызымыз. Ардагерлер сыйлаған жарқын болашағымызды, Отанымызды сүйіп, бағалауымыз керек. Қадірлі ардагерлеріміз қазіргі кезде азайып бара жатыр. Сондықтан, мүміндікті барынша қолданып, бірде-бір ардагерімізді назардан тыс қалдырмауымыз керек. Барынша көмектесіп,сыпайылық көрсетіп,құрметтеуге міндеттіміз.
Өз ойымды қорытындылай келе, ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады дегім келеді. Бізге ең маңыздысы – кешегі Ұлы Дала тіккен ерлік туын құлатпай, асқақ ұстаған осы заманғы батырларын жас ұрпақ қастер тұтсын, ардақтасын деген ізгі тілекті жүзеге асыру. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп,қасиеттейді! Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Қайратты да қайсар апаларымызға,ағаларымызға бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз! Ата-бабаларымыздың осынау қайнаған қанды шайқаста көрсеткен ерен ерліктері тарих бетінде алтын әріптермен жазылып, ел жадында мәңгі жатталып,сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет