«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет80/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!




Ақтөбе қаласы, «№ 19 орта мектебі» КММ
Оңайбергенов Дамир
7 «Д» класс оқушысы
Жетекшісі: Аташева Жулдыз Уртайевна

Ұлы Отан соғысы – 1941 жылы 22 маусымда таңғы төртте басталған болатын. Бұл күн мен түн бар қараңғы қазақтың тып-тыныш ұйқысынан айырып, зәре-құтын ұшырған болатын. Бірі әкесінен, бірі ағасынан айырылды. Бұл күн мен түн барша адамдарға қасірет тигізген еді. Сол күннен бастап, қаншама қазақ батырлары елім, жерім деп қатал да, мейірімсіз, суық соғысқа аттанды. Олардың әрқайсысы өз қарабастарын ойламай, өз Отанын қалай қорғауға болатынын, қалай жауға тап беруге, қалай минаны атуға болатынын ойластырып, әртүрлі тактиканы қарастыратын. Осыншама тактиканы ойластыру, пулемёт атудың қаншама қыр сырын меңгеру бұл тек жігіттерге тән қасиет деп айтуға болады. Алайда, бұл қате пікір. Себебі, қатал соғыстың қыр сырын меңгерген біздің қазақ қыздарымыз қаншама. Солардың бірі біздің жерлесіміз- Әлия Молдағұлова.


Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова- 1925жылы 25 қазанда (кейбір деректерде 15 маусым немесе 20 сәуір) Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасысында дүниеге келген. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан. Әлия өзінің әкесінің тегімен кетпей, анасының тегімен кеткен болатын. Өйткені, оның әкесі Сарқұлов Нұрмұхаммед сол кезде тергеуде болып, қызы Әлияны тергеуге алып, қудаламас үшін, әкесі Әлияға әйелі Молдағұлова Маржанның тегін береді. Сол кезден бастап ол, Молдағұлова Әлия атанады. Әлияның негізі азан шақырып қойған аты-Ылия. Оны кішкентай кезінен бастап, анасы «Ақмоншағым» деп еркелетіпті. Кейіннен Әлия бала кезінен өзінің анасынан айырылып, кейіннен нағашысының қолында тұрады. Кейін 1935 жылдан бастап, Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Сол уақыттан бастап, Әлия орыс балаларының арасында ең тәрбиелі, ең озат қыз атанды. Тіпті, бұл балалар үйі орыс балаларға толы болатын. Сонда да Әлия аз уақыттың ішінде орыс тілін қатардағы орыс балаларынан да өте жоғары деңгейде меңгеріп алады. Ал орыс балалары Әлияны «Әлия» деп атауға тілдері келмей, оны «Лия» деп атайды. Әлия Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері - Артекке жіберіледі. Қатал соғыс басталғаннан кейін балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуациялынған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авияциялынған техникумына түседі, бірақ көп ұзамай 1942 жылы ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. Алайда, Әлия бұл уақытта небәрі 17 жаста болды. Кәмелеттік жасқа келмегендіктен, әрі жап-жас болғаны, үшін оны командир картоп ашу бөліміне жібереді. Ашуланған Әлия қабағы тас түйіліп, командирдің лауазымына қарамай, оған «Командир! Мен сізбен келіспеймін! Мен кішкентай қыз емеспін! Мен картоп ашу үшін келген жоқпын. Қазақтың қызы болғандықтан, менде де намыс бар. Жіберіңіз мені майданға! Мен елім, жерім деп келіп отырмын! Сізге айтпады демеңіз!» деп, Әлия бар жан тәнімен командирге бар ойын еш қысылмай жеткізеді. Жап-жас қыздың көзінен от жалынын көрген командир, оның бұл өтінішін қабылдап, Әлияны Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебіне жолдама береді. 1943 жылы Әлия бұл мектепті аяқтап, нағыз снайпер қыз болып шығады. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері атанды. Соғыс майданына келіп жеткен Әлия, соғыс алаңына қарап, жаудың бетіне тіке көзбен қарайды. Соғыста ешбір аяушылық жоқ. Әлия намыстанып, талай жаудың дәл жүрегіне көздеп, қаншама өз жерлестерін аяуды білмейтін неміс фашистерінен, офицерлерден құтқарып қалады. Талай фашисті қырған, сонда да жүрегі өте нәзік Әлиядан бұндайды ешкім күтпеген. Тіпті талай қазақ әскерлері Әлияға қарап, соғыстан еш қорықпай, бой түзетін. Алайда, бұл мақтаныш пен қуаныш көпке ұзала қоймады. 1944 жылы 14-қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында өкінішті бір жағдай орнады. Дәл майданның ортасында фашисттің көзіне тіке қараған Әлия сөзбен жеткізе алмас ерлігімен қаза тапты... Талай ерлікпен көзге түскен Әлияның бұл қазасы орны толмастай үлкен қайғы болды.
Ер есімі, ел есінде демекші, оның бұл ерлігі ұмытпастай, әр жауынгердің, командирдің жадында үлкен орын аларлықтай сақталды. Оның бұл ерлігін, еңбегін, өжеттілігін ескерген КСРО, Молдағұлова Әлия Нұрмұхамбетқызын «Ленин» орденімен марапаттады. Әрі 1944 жылы 4 маусымда Әлияға «Кеңес Одағының батыры» атағы берілді. Ал өзі болса, Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленді...
Әлия көптеген адамдардың жүрегінде өшпес іздер қалдырды. Сол үшін де Әлияны еске алып, оны ешқашан ұмытпас үшін Әлия Молдағұлованың атына көптеген қалалардағы көшелерге есім берілді. Мәселен, Мәскеу, Орал, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Санкт-Петербург. Тағы Әлияның атына онға жуық ескерткіштер орнатылды. Олар әр өңірімізден табылады. Олар:Новосокольники қаласы (авторы М.Әйнеков)
Ақтөбе (Л.Рапутов, Е.Штамм)
Ақтөбедегі Мемориалды кешен (авторы Б.Әбішев)
Әліпбайсай ауылы (Б.Әбішев)
Алматыдағы “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен
Мәскеудегі ескерткіш (Б.Әбішев)
Мемориалдық музейдегі бюсті (О.Шанов).
Әлияға арналған суреттер де аз емес. “Әлия” (С.Әлімбетов), “Мәңгілікке сапар” (А.Ануфриев), “Ауыл Бұлақ” (А.Корват), “Мерген Әлия Молдағұлова” (А.Сапугов), “Мерген Әлия”/күріштен жасалған/ (Ф.Терещенко), “Әлия” (О.Нұржұмаев), “Бұлақтағы Әлияның үйі” (Н.Өтегенов), “Соңғы көктем” (Т.Телеушев).
Сонымен қатар Әлияға арналған Ақтөбе облысында өте үлкен мемориалдық музей де бар. Мен жазда бұл музейге барып көрдім. Музей Ақтөбе облысының Қобда деген ауданында орналасқан. Музейге кіреберістен кіргенде, бірден керемет сезімге ие боласың. Әлияның әлеміне кіргендей боласың. Музейдің ішіне кіргенде, Әлияның киімін, қолданған заттарын көргенде Әлияның ерлігін көзіне елестеп, көзіне жас алмау мүмкін емес. Әсіресе, оның қару-жарақтарын көргенде, Әлияның майдандағы бейнесін, жағдайын міндетті түрде елестетесің. Тіпті, сол кезде соғыстағы жағдайды өз көзіңмен шынайы көргендей боласың. Жалпы музейде, Әлияның көптеген қару-жарақтары, ас ішкен ыдыстары, балалар үйіндегі түскен суреттері, сонымен қатар балалық шағындағы өз үйінің макеті және соғыс алаңында киген киімдері, каскасы да бар. Әрі Әлия жайлы жазылған ән жинақтары, поэммалары, түсірілген киноларының дискілері және көптеген шығармалары сақталған. Олар: “Әлия-Мәншүк” жинағы, “Песнь Праматери Хобды” (А.Утегенов), “Гүл-ғұмыр” поэмасы, ән “Он тоғыз жас” (Е. Ашықбаев), ”Қызғалдақ-ғұмыр Әлия” мен “Сағыныш”әні (Г.Аймаханова), “Әлия” әні (Б.Тәжібаев пен С.Байтереков), “Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз” әні (композитор Қ. Қожанбаев), “Әлия”әні (Ә.Садуакасова), “Әлия”деректі повесі (Ә.Оралбай), “Әлия-Мәншүк” поэмасы (Т.Молдағалиев), “Әлияның жүрегі” (Я.Хелемский), “Әлия Молдағұлқызы” повесі (Ж.Жұмақанов), “Әлия” дастаны (С.Жиенбаев), “Шығыс шынары” повесі (Ә.Нұрмаханова), “Әлия” поэмалары (К.Деркаченко, Р.Трофимов), балет “Әлия” (М.Сағатов), “Әлия” атты деректі фильм (режиссер Ю.Пискунов) және «Снайперлер» фильмі (реж. Б. Шәмшиев), “Әлия” спектаклі (Ә.Тарази), “Жарық жұлдыздар” поэмасы (С.Жиенбаев).
Қорытындылай келе айтқанда, Әлия Молдағұлова барша қазақтың жүрегінен үлкен орын алды. Себебі, ол өз артынан өшпестей із қалдырды. Қаншама сарбаздардың өмірін сақтап, өз жанын қиды. Қан майданда қашып кетпей, соңына дейін берілмей шайқасты. Ерлікпен қаза тапты. Тіпті, өз артынан ұрпақ та қалдырып үлгермеді. Тек қана елім, жерім деп өз отбасысын ойламай, небәрі қан майданға 18 жасында аттанып, 19 жасында қаза тапты. Бұл оқиға ешкімнің есінен кетпейді. Себебі, ол өзі кеткенімен, жүрегіміздегі оның бейнесі мәңгілік! Әлия Молдағұлова мәңгілік жасайды!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет