Соғыс дегендерден алыс болып, тып- тыныш өмір сүре берейікші халқым! Мен «қорқып өмір сүргенің құрсын, қатарда босқа жүргенің құрсын»- деп, өз эссемді аяқтағым келеді.
Туған жердің батырларына мың тағзым!
Ақтөбе қаласы, «№18 орта мектебі» КММ
Жұмалы Назкен
6 класс оқушысы
Жетекшісі: Бижанова Б.Ж
Мен Қазақстан жерінде туып өстім. Менің кіндік қаным тамған жер, менің Отаным Қазақстан. Ол мен үшін қашанда ыстық және де әрдайым жүрегімде болады. Туған жерді сүю дегеніміз өскен өлкеңе, халқыңа, ұлы адамдарға тағзым ету. Қазақстанның жері ұлан-байтақ, кең. Мен үшін әлемдегі ұлы дала және ұлы жер. Бұл біздің арғы ата-бабаларымыздан бізге беріліп келе жатқан мұра. Олар біздің жерімізді жауға бермей, тереторриямызды кеңейтті. Жер біздің сол ата-бабаларымыздан бері келе жатқан аса құнды, баға жетпес байлығымыз. Тіпті осы жерді қорғау үшін батырларда күн-түн демей шайқасып, жерімізді ешкімге бермеді. Олардың барлығы жерді өз жандарынан артық көріп, ешқашан артқа шегінбеді. Олардың бұл ерліктері әлі де барлығын таң қалдыруда. “Ер есімі, ел есінде’’ деген сөз бекер айтылмаған ғой. Батырлар өз жандарын Қазақстанның болашағы үшін құрбан етті. Бізге, ұрпақтарына үлкен сенім артты. Сол себепті біз, барлығымыз бір жұдырықтай болып, өз Отанымызды қорғап, аянбай еңбектеніп, қызмет етуіміз қажет. Барша қазақ халқының қазіргі мақсатыҚазақстанның гүлденуіне үлес қосу. Қазақстанды жаудан қорғау үшін соғысқа аттанып, жорықта ерлік көрсеткен жауынгерлер, батырлар өте көп. Біз оларға алғыс айтып, тағзым етуіміз керек. Ертедегі ата-бабаларымыздың жасаған ерліктеріменмақтану біздің парызымыз.
Сонау ерте заманда қазақтардың басын біріктіріп, жерлерін қорғауға үйреткен батыр хандар Керей мен Жәнібек, алғаш Қазақ хандығын құрған болатын. Одан кейін көптеген хандар жерімізді кеңейту үшін жорыққа аттанып, көп жерлерді басып алды. Барлық қазақ білетін Қабанбай мен Бөгенбай атты батырлар да талай шайқаста жауды ойсырата жеңді.Сол сияқты Аманкелді батыр, Наурызбай батыр, Көтібар батыр, және де Қобыланды батыр секілді тағы да басқа көптеген батырлар жеріміз үшін аянып қалмады. Осы Қазақстан тарихында қазақ хандығын басқарған соңғы хан Кенесары хан болды. Ол ұлы тұлғалардың бірі Шоқан Уалихановтың атасы. Ол өз заманында әділ билік еткен, батыл билеуші. Ал қазақ жерін қорғау үшін қолына найза алып, атқа қонған батырлардың бірі Оспан батыр. Оның да жасаған ерліктері аз емес. Тарих біздің өткен өміріміз. Сол себепті әрбір қазақ өз тарихынбілуі қажет деп ойлаймын.
Біздің жерімізге неміс фашисттері кіріп, жерімізді тартып алғылары келді. Алайда ұлан байтақ жерін оңайлықпен бере қоймайтын қазақ халқы мен батырлары оларға қарсы соғысқа аттанады. Сөйтіп “Ұлы Отан соғысы” басталып кетеді. Бұл соғыс дүниежүзілік соғыстар қатарына жатады. Осы Ұлы Отан соғысы басталып жатқан кезде барлық ер азаматтардың біреуін қалдырмайжинап, әскер құрып немістерге қарсы соғысуға жібереді. Сол кездегі жалпы әскер саны шамамен бір миллионнан асады. Ал қалған халық сол соғысқа кеткен әскерлерге тамақ, киім кешек, тағы да басқа қажетті заттарды жіберіп тұруы міндетті болды.Тіпті офицерлер біреудің қорасындағы жалғыз сиыр, қойларын да олардың рұқсатынсыз алып кетіп жатты. Әйелдер егін егіп, егіншілікпен айналысты. Сол соғыс кезінде де қару жарақтар, киім-кешектер барлығына бірдей жеткілікті болмады. Алдыңғы қатардағыларда қару-жарақ болмаса да олар ешқашан артқа шегінбеген. Осы әскер құрамында тек ер жігіттер ғана емес, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова сияқты тағы да басқа көптеген нәзік жандыларда болды. Олар осы Ұлы Отан соғысына қатысуға өздері өтініш берді. Олар да қыз балалар екендеріне қарамай тек алға ұмтылды. Әлия шебер мерген еді. Көздеген оқтары да дәл тиетін. Ал Мәншүк ұшқыш болды. Көп фашистердің көздерін аспанда ұшып жүріп ақ құртты.Осы соғыста ел есінде қалған командир әрі жауынгер Бауыржан Момышұлы. Ол өз командасындағы әскерлерді үнемі алға жетелеп, рух беріп жүретін. Бұл Ұлы Отан соғысы 1941-ші жылы басталып, 1945-ші жылы аяқталды. Соғыс тура төрт жыл көлеміне дейін созылды. 1945 жылы Кеңес Одағының әскері Германияға қарсы соғысты сәтті аяқтап жеңіске жетті. Соғыста ерен еңбек көрсетіп, ерлік жасағандар “Халық қаһарманы” деген атаққа ие болды. Осы соғыста қаншама қандастарымыз жазықсыз өлді. Олар жерімізді қолдарынан келгенше қорғады.
Осыдан кейін қазақ халқы енді өз-өздеріне келіп жатты, СССР-дің құрамына кірді. Россия президенті қазақтарды басқаруға Колбинді қойды. Бұл қорлыққа шыдамаған қазақ жастары көп ұзамай желтоқсан айында оларға қарсы көтеріліске шықты. Бұл желтоқсан айы басқа айларға қарағанда ызғарлы болды. Осы кезде көтеріліске шыққан қазақ жастарын полицейлер аяусыз соққыға да жығып, көп жастарды өлім жазасына да кесті. Бұлардың барлығы қазақтар үшін тағы бір ұмытылмас оқиға болды. Желтоқсан құрбандары өздерінің ата-бабаларынан қалған жерді ешкімге бермеу үшін жас екендеріне қарамай көптеген ерліктер жасады. Солардың бірі Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира сынды батырлар. Олар Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алу үшін, қазақ халқы ешкімге тәуелді болып өмір сүрмеу үшін аянып қалмады. Осының салдарынан көптеген жастарды оқуларынан, жұмыстарынан шығарып жіберді. Бұған қарамастан олар ешқашан берілмеді. Барлығы бірлікте, Қазақстанның болашағы үшін өздерін құрбан етті. Осы ызғарлы желтоқсан көтерілісінде қыршыннан кеткен жастар сол кезде бастарынан көп қиындық кешсе де, қазір олардың есімдері әлі күнге дейін ел есінде. Олар бізге бейбіт өмір сыйлады. Олар нағыз батырлар және қаһармандар. Осылайша желтоқсанның ызғарына тоңбай, төтеп бере алған қазақ жастары аңсаған мұраттарына жетті. Олардың есімдерін, бұл желтоқсан оқиғасын ешқашан ұмытуға болмайды. Себебі ол тарихта қалатын, көпке үлгі болатын ұмытылмас оқиға еді.
Осы желтоқсан көтерілісінен кейін Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президент болып сайланды. Біздің рәміздеріміз шығарылды. Халық сонша жыл күткен тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан жылдан жылға көркейіп, гүлдене бастады. Осы тәуелсіздік алуымыз ертедегі ата-бабаларымыздың арқасы. Енді Қазақстан мәңгі тәуелсіз жүз елу елдің қатарында қала береді. Қазіргі таңда да біздің елімізде батырлар өте көп. Олар қолдарына найза алып жауға шаппаса да, күнделікті өмірде халыққа көмектеседі, қайырымдылықпен айналысады. Тіпті кейде адамдардың өмірін өлімнен құтқарып, тағы да басқа ерліктер жасап жатады.
Міне қазақ жерін осылай ешқандай жау тартып ала алмады. Себебі ертеден бері батырлар жаумен күресіп келді. Осының барлығы солардың арқасы. Мен өз Отанымды жақсы көремін және ол үшін аянбай қызмет етуге дайынмын. Барша қазақ халқы осындай жерде өмір сүріп жақандарына шүкіршілік етуі керек. Себебі бұл жер бізге оңайлықпен келген жоқ. Талай қазақ батырларды осы жерді жау қолына бермей, өздері қаза болды. Олардың орындары, жасаған ерліктері біз үшін қашанда қымбат. Осында айтылған барлық қазақтың батырлары болмағанда біз өз жерімізді қорғай алмаушы едік. Мен барша осы біздің жерімізді жау қолына бермегендері үшін басымды иіп, алғыс айтамын. Біз де сол батырлардың ұрпақтарымыз. Бізге ата-бабамыздан мұра болып қалған жерді барлығымыз бір жұдырықтай болып қорғауымыз керек. Ендігі Қазақстанның болашағы біздің қолымызда. Осы өткен және болған оқиғаның барлығы біздің тарихымыз. Ал барлық батырларды ұлы тұлғалар деп атауға болады. Туған жердің батырларына тағзым ету біздің парызымыз!
Достарыңызбен бөлісу: |