«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет71/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ақтөбе қаласы, «№18 орта мектебі» КММ
Болат Диана
7 «Б» класс оқушысы
Жетекшісі: Карасаева Г.Б.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Туған жер бұл біздің алтын қазынамыз! Туып өскен жерімізді біз мүлде сатып кете алмаймыз, өйткені ол мәңгілік жүрегімізде! Осындай табиғаты сұлу,көркіне көз тоймайтын асыл мекенде, шырайлы, жанға қуат сыйлайтындай құт мекенде тұрып жатырған, біздің арманымыз жоқ шығар, сірә! Мен Қазақстаныммен мақтанамын!
Ал осындай туған жеріміздібізге біршама қиындықпен алып берген батырларымыз ше? Олардың бізге істеген жақсылығының орын біз шынында да ешқашан толтыра алмаспыз!
Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, баурында еңбектеп, мейірімге бөленген ең қасиетті, құт мекені. Туған жерге деген сүйіспеншілік адамды алға қарай жетелеп отырады. Сол арқылы адам өз арман-мақсатына жетеді!
Менде, туған жерім, Қазақстаным туралы айта берсем бір парақ емес тіпті, бірнеше параққа да сыйдыра алмасым анық. Мен туған жерімді қатты жақсы көремін жіне оған міңгілік, яғни туған жерім үшін мәңгілік еңбек етемін! Себебі менің болашағым туған елімде, жерімде мен оны жасырмаймын, ешқашан!
Ал бізге осы тұрып жатырған мекенімізді, қастерлі жерімізді, аяулы төңірегімізді кім алып берді, сло туралы бір сәт болсын ойландық па ?! Негізінен батыр, батыл, қайсар ата-бабаларымыздың арманы, біздің болашағымыздың, яғни келер ұрпақтың болашағының тыныш әрі бейбітшілікте болуы еді. Жіне олар сол үшін, тәуекелге бел буып, өз өмірлерін, жастық шақтарын құрбан етті. Мысалы, бір есімде қалғаны «Өмір мен өлім» шығармасында Баубек Бүлқышев былай айтқан еді «Сендер соғыс дегенді білмей өтетін боласыңдар. Біз жастығымызды сендердің бақыттарыңның жолына құрбан еттік. Сендер тыныш өмірде бақытты жасайтын боласыңдар. Біз кәрлі кезеңнің, соғысты заманның жандарымыз.» Шынында да осы сөздерді оқығанда көзіме еріксіз жас келді. Осы уақыт аралығында тіпті біршама ойландым. Ал біз есесіне не істедік?! Біз бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Тек сабағымызды оқимыз. Басқа уайым-қайғымыз жоқ. Ата-анамыз жанымызда, бақытты ғұмыр кешіп жатырмыз. Ал ол кезде ше?! Тіпті мектепті жаңа бітірген ұл-қыздар да, Отан үшін сұранып соғысқа кетті. Көркіне көз тоймайтын, айдай сұлу аруларымыз да бұл қанды соғыста ажал құшты. Бұл соғыс барша қазақ халқына ауыр тиді. Аналары балаларынан, енді келіп кішкене еш кінәсіз сәбилер жетім қалып, әкелерінен айырылды. Сол кездің өзінде сәбилердің көргені тек пулемет, сол атыс, тапанша болған шыар сірә, ал біздің жегеніміз алдымызда, көйлегіміз көк, көңіліміз тоқ. Біз қандай бақыттымыз!
Батырларымыздың, батыр апаларымыздың ерліктері тайға таңба басқандай қазақ халқының жадында. Ал айдай сұлу аруларымыздың ерліктеріне тоқтала кетсек: Орал облысы Жасқұс ауылында дүниеге келген Мәншүк Мәметова жастық шағын Алматыда өткізеді. Ол кезде Алматыдан 1000 шақырым жерде болып жатырған еді. Ол Алматыда оқып жүрседе жүрегі жай таппады, үнемі соғысқа сұранумен болды. Алайда оны соғысқа қабылдамаған еді. Бірақ ақырында оны соғысқа хатшы ретінде алады. Ол соғыста медбикеде болған. Алайда оның арманы пулеметші болу еді. Ақырында пулеметпен де атып үйренеді. Оның атқан оқтары нысанаға дәл тимей кетпеді. Ол өз арманына қол жеткізді. Соғыс алаңында ол көптеген ерлік көрсетті. Ол бірде биіктіктен жауға қарсы атыс жүргізеді. Ол бар оқты өзіне қарсы алып шайқасты жалғастырады. Жауынгер Мәншүктің арқасында аман қалады. Бұл оның ерлігінің бастамасы еді. Сол бір күндері оқта Мәншүкке тиді. Ол жарақат Мәншүкті шыдатпады. Бірақ жауға қарсы өшпенділік, Елге деген сүйіспеншілік жарақатын ұмыт қалдырды. Ол бар күш, жігерін ашып, жауға қарсы пулеметпен атқылай берді. Жолды жауынгерлерге тазартып беріп, сонымен қатар бір өзі жетпістей жауды атып түсірген екен. Сол жерде, сол бір күні,сол уақытта ерлігімен айдай сұлу, батыр, қайсар аруымыз ажал құшты. Менің ойымша бұндай ерлік көп адамның қолынан келе бермейді. Біз қазағымыздың көк туының желбіреуіне ат салысқан аруымызды ешқашан ұмытпаймыз!
Сен біздің жүрегіміздесің, Мәншүк!
Әлия Молдағұлова да жауға қарсы шайқасты. Ол Балттық жағалауы флотының 22 әскери тобы 54 атқыштар тобының бригадасы құрамында Отан алдындағы борышын өтейді.Осы жылдың қызанында мерген қыз 32 жау солдаты мен офицерінің кһзін жойған екен. Бұл айдай сұлу аруларымыз бар жастық шағын біздің болашағымызға құрбан етті. Бұл арулармыздың ерлігі мен есімі біздің мәңгілік өшпестей жадымызда сақталады! Осы тұста Бауыржан Момышұлы атамызға тоқтала кететін болсақ 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған Бауыржан Момышұлы жеті жылдық мектебін Шымкентте оқиды. Сөйтіп мектебін үздік бітіріп соғысқа қабылданады. Ол 1941 жылы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шығады. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Бауыржан атамыз тіпті Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысқан екен. Бұл оның патриоттық сезімінің, елге деген тұңғиық сүйіспеншілігінің белгісі емес пе?! Бауыржан Момышұлының нақыл сөзі бар «Опасызда Отан жоқ, Отанда опасызға орын жоқ!».
Туған жеріміз Ақтөбеміздің батырларына тоқталсақ Әлия Молдағұлова аруымыз. Ол өзіміздің Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген. Осы тұста 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне шыққан батырларды ұмытпауымыз қажет. Мысалы, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев аға-апаларымыз. Олардың орны біз үшін бір бөлек. Олар да көп қиындықты бастан кешірді. Жастық шақтарын құрбан етті. Біз мұндай үлкен ерлік жасаған, елі мен жері үшін күрескен батырларымызбен мақтанамыз! Осы кісілердің арқасында Қазақ халқы өз тәуелсіздігін алды.
Қазақстан гүлденіп, көріктенді. Осы қанды соғыстан кейін барша халықтың айызы қанды. Ал, бұл біздің еш қиналмастан тәуелсіздігімізді алып берген ата-бабаларымыз, аға-апаларымыздың арқасы. Құдайға шүкір біз бір тұтас елміз! Біз біргеміз!
Мен эссені еліміздің батыр қыздарына өлең арнап аяқтаймын!
Мен сіздермен мақтанамын,
Мақтанамын қысылмай.
Қанша жерден болсын бәлкім,
Мен сенемін толықтай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет