«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы



бет51/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Мәңгілік даңқ!


Ақтөбе қаласы, №41 Фариза Оңғарсынова атындағы мектеп-гимназиясы
6 «б» сынып оқушысы
Қошқарбай Аманай Бағдатұлы

М ен бір жауынгердің оқиғасын айтқым келеді - бұл менің үлкен атам, менің анамның атасы. Шын мәнінде құрмет пен атаққа лайықадам, біз отбасымызбен атамызды үлкен мақтанышпен еске алып отырамыз. Бұл кіші жүздің Шөмекей руынан шыққан - Шарғазин Уали. Оның өмір жолы қиын болды, көбінесе қайғылы сәттерге толы болды, бірақ онда қуаныш пен бақытқа да орын болатын. Ол - 1912 жылы Ырғыз ауданының N1 ауылында дүниеге келген. Дегенмен құжаттарда 1917 жылы туған делінген. Сол уақыттарда құжаттар көбінесе кеш және ата-аналардың сөзімен ғана жасалған болатын. Сондықтан құжаттардан көптеген қателіктерді байқаймыз. Менің атам көпбалалы отбасынан шыққан, бірақ медицинаның дамымағандығынан, аурудың алдын-алу шаралары мен екпенің болмауынан балалар көбіне науқасқа шалдығып, шетінеп кетіп отырған. Атамның бауырларынан үш қыз, екі ер бала ғана аман қалған. Отбасындағы кішісі - атам. 4 сыныптық мектепті бітіріп, аға-апаларының жолын қуып ерте жұмыс жасай бастайды.


1932 жылы ашаршылық кезінде ол ағасы,және оның 5 жасар қызымен бірге Ырғыздан Орск жақта тұратын апасына қарай бет алады. Ол кезде бұл Қазақстан территориясы, қазіргі Домбаров ауданы, бұрын Яснинский деп аталған екен. 1956 жылға дейін ол Ақтөбе облысы, қазір Орынбор облысы болып саналады. Олар жол бойы қатты қиналады. Аштықтан ағасы жолда қайтыс болады, ал үлкен атам оны өз қолымен жерлейді. Қолындағы кішкентай қарындасымен бірге ол сапарды жалғастырады, бірақ олар тек түнде ғана жол жүреді, өйткені күндіз күн қатты ысығандықтан әрі аштықтан жүру мүмкін болмаған екен. Кішкентай қарындасы қатты әлсіреп, жүруден қалады,ал үлкен атам оны арқалапәрі қарай жол тартады. Бірақ ақыры көздеген мақсаттарына жетіп, апасы тұратын Прийск-Кумак ауылынааман-есен жетеді. Сол кездерде ол жерде алтын өндірісі жақсы дамыған екен.Ауылға жетіп, тынығыққан соңүлкен атам шахтада жұмыс істей бастайды.
1939 жылы ол қатардағы жауынгер ретінде кеңес-фин соғысына шақырылады. 1941 жылы соғыс аяқталғаннан кейін ол үйге оралды. Бірақ бейбіт күндер ұзаққа созыллмайды. Ұлы Отан соғысы басталып, 1942 жылы ол қайтадан Адамовск аудандық әскери комиссариатынан майданға шақырту алады. Ол өз Отаны үшін Артиллерия қолбасшысының взвод құрамында Вердин үшін шайқаста Суворов атындағы Қызыл Ту орденімен марапатталған 134 атқыштар дивизиясының құрамында қызмет етеді. Соғыс кезінде ол барлаушы телефонист болған, байланыс үшін жауап берген. Ерлігі үшін екі медальмен және Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Қарша жауған миномет отынан тайсалмай, сымдармен катушкаларды тартып, үздіксіз байланыста болу үшін импульстарды түзеді. Арқасына ауыр жүк артып, ол бірнеше рет өзеннен өтті. Ол екі рет жараланды, бірақ ауырсынуға қарамай қызметінде қалды. Ресейден, Беларуссиядан, Польшадан өтіп, Берлин мен Рейхстагқа дейін барған. Алайда, ол үйіне 1946 жылдың жазында ғана оралды. Өйткені, соғыс қимылдары бір сәтте тоқтамады, жауды жоюға тура келді. Үлкен атам үйге оралғанда, болашақ әйелімен кездеседі. Өмірі бір арнаға тоғысқандай болады. Ол өз ауылында шахтер болып жұмыс істейді. Әйелі қыз туады, алайда тағдырдың сынағы тоқтамаған екен. Әйелі мен қызы қайтыс болады. Екі жылдан кейін, үлкен атам қайтадан өзінің бақытын табады. Әйелі босанып,ұлды болады. Ұлының атын – Досан деп қояды. Бірақ өмір қайтадан өз қиындығын ұсынған екен. Әйелі екінші баласын өмірге әкелу жолында қайтыс болады. Атамүлкен ұлы Досанмен жалғыз қалады. Енді ол үш жылдан кейін ғана отбасын құруды шешеді. Үйленіп 4 ұл және бір қыз дүниеге келеді. Ең үлкені – менің нағашы атам – Досыбай. Өмірібір арнаға тоғысып, ел қатарлы ғұмыр кешеді. 1964 жылы бүкіл отбасы Қазақстанға, Ырғыз ауданына, Жабасақ совхозына (қазіргі Әйтеке би ауданы) қоныс аударды. Ол жерде де үлкен атамеңбек етуін тоқтатпайды. Кез-келген жұмысты бар ынтасымен жасайды. Атқосшы, зауытта жүргізуші болып жұмыс істейді,балаларын тәрбиелейді. 1970 жылы қыс айында қатты мұздың салдарынан көлік аударылып, апаттың салдарынан үлкен атам қайтыс болды. Өзінен кейін ол 6 баладан, 12 немереден, 16 шөбереден тұратын үлкен отбасын қалдырды. Үлкен атам – Қазақстанда, өз Отанында жерленді. Саналы өмірін Отанына арнаған менің атам – нағыз патриот. Біз бәріміз де атамыздың тарихын білеміз, есте сақтаймыз және құрметтейміз. Жыл сайын 9 мамырда біз «Мәңгілікдаңқ» шеруіне барып, құрметті жауынгер Шарғазин Уәлидің портретін алып шығамыз.















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет