«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Ұлы Отан Соғысының батырларына мың тағзым!



бет46/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Ұлы Отан Соғысының батырларына мың тағзым!


Ақтөбе қаласы, №37 орта мектебінің
5 «Ә» класс оқушысы
Бекболат Ақмаржан

1991-1945 жылдары халық үшін де жер үшін де өте қиын кезең болды. Көптеген батырлар өз елі үшін, өз жері үшін «Ұлы Отан» соғысына қатысып, өмірлерін құрбан етті. Мен көп батырларды білмеймін, бірақ Мәншүк, Әлия, Бауыржан, Рақымжан деген батырлардың ерлігін естіп, білемін.


Мысалы Мәншүк Мәметова(оның шын есімі Мәнсия) туралы айтып кетер болсақ, ол - пулеметші болған. Мәншүк апамыз 1943 жылы соғыс кезінде қайтыс болды. 1942 жылы Великие Луки қаласын жау қолынан азат ету үшін барын салып шайқасты. Осы кезде оған медициналық институттағы бір жылдық білімі көп көмектесті. Кейін құрамында Мәншүк бар Ушаков батальоны Бурцевоны қорғауға аттанды. Ауыл төрт мәрте қолдан-қолға өткендіктен, шайқас тартысты болды. Осы кезде қазақ қызы жауға қарсы пулеметтен оқ жаудырды. Көптеген сарбазынан айырылған неміс әскері кейін шегінуге мәжбүр болды.Көп ұзамай пулеметшілер батальонына алынған Мәншүк бөлім командиріне дейін көтеріліп, сержант атағын алды. Осы батальон 1943 жылдың күз айында Изоча станциясын жау қолынан босатуға қатысты. Алайда кеңес әскері көп сарбазынан айырылып, кейін шегінеді. Мәншүк осы кезде "Сендер бара беріңдер. Мен кетсем, сендерді кім қорғайды?" деп қалып қояды. Осылайша қайтпас қайсар ару "Максим" пулеметімен жүздеген немістің көзін жойып, өлім құшағына итерді. Ол 1943 жылдың 15 қазанында ерлікпен қаза тапты.
Ал Әлия Молдағұлова (шын есімі Ілия), ол 1944 жылы қайтыс болған. 1942 жылдың желтоқсанында, майданға аттануға деген үздіксіз өтініші бойынша Әлия снайпер нұсқаушылар мектебіне оқуға түседі. Сол күндері екі қыз Лия мен Надежда Матвеева дос болып кетеді. Кейіннен Надя Лияның серіктесі болды, олар бірігіп снайпермен шабуыл жасайтын. Қиындықтарға қарамастан, Әлияқ ызығушылықпен оқыды. Майданға барып, жеккөрінішті фашистерді атқысы келді. Сонымен қатар, ол бір ғана тілектің жеткіліксіз екенін түсінді. Ол бәрінше бер жасау керек екенін білді. Ал командирлер: «Нағыз снайпер – бұл жоғары білікті маман. Қай жерде нағыз снайперлер болса, жауда бір минут тыныштық болмайды» дегенді құлаққа құйды. 1942 жылдың желтоқсанында, майданға аттануға деген үздіксіз өтініші бойынша Әлия снайпер нұсқаушылар мектебіне оқуға түседі. Сол күндері екі қыз Лия мен Надежда Матвеева дос болып кетеді. Кейіннен Надя Лияның серіктесі болды, олар бірігіп снайпермен шабуыл жасайтын. Қиындықтарға қарамастан, Әлия қызығушылықпен оқыды. Майданға барып, жек көрінішті фашистерді атқысы келді. Сонымен қатар, ол бір ғана тілектің жеткіліксіз екенін түсінді. Ол бәрінше бер жасау керек екенін білді. Ал командирлер: «Нағыз снайпер – бұл жоғары білікті маман. Әлия жау қолынан қаза болса да, оның ерлігі тарихта алтын әріптермен жазылған.
Соғыс жылдары өз ерлігімен, батылдығымен, отансүйгіштігімен көзге түскен де түспеген де батырлар көп болған, әрбіруінің өз тағдыры, өз тарихы болған. Алайда біз әрбір соғысқа қатысқан қазаққа, әрбір адамға мың тағзым етеміз. Ұлы Отан соғысы 75 жыл уақыт бұрын аяқталды. Ол туралы көптеген фильмдер мен кітаптар жазылған. Дегенмен, бұл соғыс туралы біз білмейтін мәліметтер әлі де жеткілікті.
Біз мақтан ететін ұлы батырларымыз әрқашан біздің жадымызда болады. Біздің бейбіт елде өмір сүріп жатқанмыз қаһармандарымыздың арқасында. Батырларымызды ұлықтап, олардың бізге жасаған өшпес қайсарлықтарын ұрпақтан ұрпаққа таратып, мәңгі есімізде сақтау міндетіміз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет