«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет33/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Сәтпаев орта мектебі
Мекилова Аружан
Соғысты жеңген ерлер,батыр ұрпақ,
Жалындаған жастығын өрт шарлыған,
Сіздер жайлы ерліктің әнің шырқап,
Тебірену қалмайды ел салтынан!

Қ.Әбілдәқызы

Тарихтың ақ парағы сарғайса да,сол жылдар мәңгі есте қалады.Ұлы жеңіске 75жыл толды! Еліміз бүгіңгі бақытқа оңайлықпен жеткен жоқ. Кешегі ел басына күн туғанда аталарымыз етігімен су кешіп,қан майданға аттанды. Қайғыдан, аштықтан азап шеккен халықтың басынан қаралы күн туды. Батыр ерлер қан майдандағы ерлігімен рух биіктігімен «Біз өлсек те жауды жеңіп, айдарын қырқып, абыройын талқандап өлеміз!» деп аттанған жауынгер батырлар.


БАТЫР - ел қамы үшін жаумен айқасып , жеңіп шыққан ер жүрек адам. Алтын- жерден, Батыр-елден.
БАТЫР ҚАЛА-Ұлы Отан соғысында қаһармандық,ерлік көрсеткен қалаға берілген жоғарғы атақ.
Ленинград қаласы (қазіргі Санкт-Петербург) Фашистердің қоршауында қалған бұл қаланың тұрғындары 872 күн бойы жаумен арпалысты.
Сталинград қаласы. Қала 1942 жылы 19 - қараша мен 1943 жылы 2 - ақпан арасында жау қоршауында қалып, тұрғындары ерлікпен шайқасты.
Севастополь қаласы. Севастополь үшін шайқаста Кеңес Одағының батыры Дабаш Бабажанов айрықша көзге түсті. Оның ерлігі батыр қаланы қорғау үшін болған қырғын-қиямет соғыс бейнеленген панорамаға түсірілген. Қалаға 1965 жылы 8 - мамырда «Батыр қала» атағы берілді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ - елі, жері үшін басқыншы жаумен шайқасқан батырлардың ерлік істерін жырлайтын фольклорлық шығарма.
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді!
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін,
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім ! – деп қазақ елінің жүз жасаған ақыны Жамбыл Жабаев өлеңі сол жылдардың ұранына айналды.
«Шегінерге жол жоқ, артымызда - Мәскеу ! » Ключовтың айтқан сөзі Қызыл әскердің жанына рух, жігер болды.
«Батыр-қол бастар, көсем-жол бастар» демекші қорқыныш әркімде болады, үміт күрескерге өмір сыйлайды. Қан майданға өлу үшін емес, өмір сүру үшін барды жауынгер.
Батыр, «дара кісі» деп Бауыржан Момышұлын, Хиуаз Доспанова апамызды өз басым дәріптеймін, ерлік жолындағы мінездеріне тәнтімін.
Бір газет журнал бетіндегі мақаладан үзінді:
«Болашағын әуелеген бұлттар арасынан көрген қыз аэроклуб оқуына жазылады. Ең алғашқы ұшуынан кейін ұстазына:
Мен ештеңе түсіне алғаным жоқ , - дейді қаймықпастан.
Оған ұстазы:
Онда сіз жақсы ұшқыш боласыз! Егер алғашқы ұшудан кейін - ақ, бәрін түсіндім десеңіз, талабыңызға күдіктенген болар едім?! - деп жауап береді.»
Әңгімелерді тыңдап, біліп оқыған сайын мен біздің батырларға қатты таң қаламын! Біріншіден, мен олардың батылдығына, екіншіден олардың шыдамдығына, үшіншіден рухының күштілігіне қарап әлі күнге дейін таң қаламын! Менің ойымша бұндай жағдайдан өтіп, күрескен адам ардагер емес, болаттан жаралған адамдай! Осындай қатаң соғыстан өткен адам әрқашан өмірдің орнын біледі. Себебі, әрбір жорыққа аттанған сайын адам өз өмірін басқа адамдардың өмірі үшін бәйгеге тігеді. Қолына қару алып күрескен ардагерлер де, сол азаматтар үшін киім кешек тігіп, жіберіп отырған тыл ардагерлері де көп еңбек етті. Сондай ардақты азаматтарымыздың бірі (бүгінде өздері санаулы ақ қалды), ауыл ақсақалы Тәжі ақсақал тыл еңбеккері болған іздеп барып сұрақтарыма жауап алған болатынмын.
- Сәлембердік ата!
- Бақытты бол, айналайын!
- Тылда жұмыс атқарыпсыз, сол жылдарды баяандап берсеңіз деп келіп едім... . Дегенім сол-ақ еді атай ауыр күрсініп алып, әңгімесін бастап кетті.
Ақсақалдын айтуынша 1941 жылы соғыс басталғанда ол кісі не бары 11 жастағы бала болыпты. Егін ору, бидай өсіру жұмысынан бастаған , тыл еңбеккерлерінің жұмысына араласқан. Қолмен жер жыртып, өгізді жегіп, күнің атысымен кештің батысына дейін жұмыста болған. Божыр фермасында мал шаруашылғымен айналысып, күнін күнелткен. Сырттан өзге ұлт өкілдері көшіріліп әкелініп, шешендер, немістер олар да осы кісілермен бірігіп жұмысқа салынып , белсенді еңбеккер болыпты.
Бүгінде ерліктері мен еңбектері ел есінде қалған ауылымыздың бірегей азаматы.
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыздар!
«Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.
Ауыл тұрғыны болған ардагер атамыз Хамидулин Раһиль Галиуллович 22 жасында соғысқа аттанған. АРДАГЕР — құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мәнді білдіретін этикалық ұғым. «Медаль за отвагу, медаль за победу», «Орден Отечественной войны» марапаттарымен бүгінгі ұрпағы өз батырымен мақтанады. Жауынгер, ардагер ұғымын еске алуымыз, тарихты тануымыз, бұл - біздің рухани байлығымыз.
Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі.
Олардың ерлігін айтып, ата-бабасының батырлық болмысын есте ұстап, онымен мақтану – кез келген ұрпақтың парызы. Бабаның ерлігі ұрпаққа рух береді. Сонау Керей мен Жәнібектен бастап Қабанбай мен Бөгенбайдың, Шақшақ Жәнібек пен Ер Жәнібектің, соңғы хан Кенесары мен соңғы батыр Оспанның ерлігін жалғастырған жандар қазақ жерінде аз болған жоқ. Бұған Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсеткен қазақстандықтар дәлел бола алады. Бір батальонды шашауын шығармай жау тылынан үш рет аман алып шыққан әскери қолбасшы, даңқты жауынгер Бауыржан Момышұлы, Отан үшін деп жаудың төсін мүбәрак кеудесімен жапқан Сұлтан Баймағамбетов, жүздеген фашистің көзін құртқан, даңқты автоматты Төлеген Тоқтаров, жеті сағат бойы ерлікпен ел қорғаған Мәлік Ғабдуллин, ұшқыш Талғат Бигелдинов пен Нүркен Әбдіров сынды батырлардың ерлігі ұмытылмақ емес...
Туады ерлер ел үшін
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кешпейді асыл ер —
деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған.
Біздің тағлымымызды зер сала, тарихты оқып - үйрену бүгiн де, ертең де келешек ұрпақ үлесiнде! Нәзік жанды арулар отты майдан алыбындағы ерлігімен танылған «Шығыстын қос шынары Алия мен Мәншүк» соғыстағы қазақ қыздары. Төрт қыздан құрылған танк экипаж құрылды. Жамал Байтасова - танк командирі, Күлкен Танбергенова - зарядтаушы қыз, Кулжамила Талканбаева – механик, шопыр қыз, Жамиля Бейсенова - радио операторы, атқыш қыз. Бұл батыр арулар жайлы мәлімет аз, олардың соғыста қандай жаймен опат болғаны жайлы да мәлімет жоқ, өкінішке орай. «Қазақ Әдебиет газетінде», «Қарағанды советтік газетінде», «Қайда екен, Қайда сол БАТЫР ҚЫЗДАР» атты мақала жарық көрді. Мақаланың авторы сержант Топатай Жүнісов. Тарих бетін біздер де, сіздер де біле бермейтін жер қойнауында қалған батырларымыз көп. Соның бірі Халида Маманова соғыс басталғанда мединституттың түлегі болды. Оны дәрігелер фронтына алмапты. «Халық жауының қызы» деген жала жабылыпты. Сондағы Халида Маманованың Сталинге арнап жазылған хатынан: «Если я дочь врага, народа пошлит, тогда отправьте меня в штрафбат» Сталин мырза бұл хатты оқып, Халиданы дәрігерлер фронтына бекіттіріпті.
Шайқас аланындағы 41% медицина қызмерткерлері әйел адамдар болды. 70% жаралы адамдар майдан алаңынан шығарылды. 90% адам соғыс аланына қайта оралды.
Жоғарғы жақта айтып өткенімдей дәріптеп, құрмет тұтатын Хиуаз Доспанова ұшқыш батыр ару, қазақ қыздарынан шыққан дара ұшқыш. Авиа саласындағы қыз балалар техниканы қалай орнату керек, түнгі күзет, физикалық тұрғыда массалық ауыр құрылғылармен жұмыс жасаған. Абай Құнанбайұлының немере қызы Ишаги Жагыпарова, Тынысбекова Бибінұр, Мадина Искакова және әлі күнге дейін зерттеліп отырған қан майдандағы тұлғалар. Жанға жылылық ұялататын ардагерлердің мейірімді сөздері, мейірімді істері, мейірімді ойларын ғаламтор желісінен ізденіп, оқып отырып, кітаптардың беттерін парақтай отырып, көзіме еріксіз майдан жасы ұялады.
Ия, «Батыр» өлсе де, аты өлмейді! Жауынгер батырларға, ардагер батырларға бүгінгі ұрпақтан мың тағзым! «Соғыс» сөзі атымен жойылсын дейді қазақ халқы, бейбіт мемлекетттер. Үлкен кеме аралында татулығымыз жарасып тарихымыздың сары алтын қоры тола берсін!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет