Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия



бет88/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

Ұсынылған әдебиет:

  1. Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Шестакова Н.А., Ысқақов М.А., Серекпаев Н.А.Өсімдік шаруашылығы практикумы. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2016ж. 324 б.

  2. Аринов К.К. Солтүстік Қазақстанда тұқымтанудың агрономиялық негіздері. Оқу құралы. АҚ «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» баспасы, 2013, 118с

  3. Практикум по растениеводству. Можаев Н.И., Аринов К.К., Шестакова Н.А., Искаков М.А., Серекпаев Н.А. Типография АО «КазАТУ им. С.Сейфуллина», 2014. 309с.

  4. Шестакова Н.А., Аринов К.К. Учебно-методический комплекс дисциплины «Управление продуктивностью посева и качеством растениеводческой продукции». Типография АО «КазАТУ им. С.Сейфуллина», 2015, 92 с.

  5. Методические указания к лабораторно-практическим, семинарским и самостоятельным занятиям по дисциплине «Растениеводство». Шестакова Н.А., Аринов К.К., Жирнова И.А. Типография АО «КазАТУ им. С.Сейфуллина», 2016, 78 с.



5. Қорүнемдегіш технологияларын жоспарлау және экономикалық тиімділігін есептеу

Мақсаты: Ресурсүнемдегіш технологияларын жоспарлау және экономикалық тиімділігін есептеуді үйрену және ауылшаруашылығы машиналарын қолдануды, олардыі тиімділігін қарастыруды үйрену.


Тапсырма:
1. Қорүнемдегіш технологияларын жоспарлау
2. Жасалған агрошаралардың (техкарта) экономикалық тиімділігін есептеу


Материалдар мен құрылымдар:
1. Оқулықтар, кестелер, альбомдар, суреттер, есептегіш құралдар

Ең жоғары мүмкін өнім алуға әсер ететін барлық факторларды іске асыруды ескеріп екпе дақылдардың операциялық өсіру технологиясын жасаудағы негізгі принциптерді (қағидаларды) меңгеру қажет:



  1. Агрохимия, механизация, өсімдіктерді химиялық қорғау т.б. арналған анықтамалық материалдарды қолдана білуді;

  2. Пәрменді түрдегі операциялық технологияны жасағанда төмендегі негізгі мәселелерді шешу бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру үшін "қимыл" орнын және бастапқы материалдарды анықтап алу қажет және есептеу бөлімін орындау керек (ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай НМӨ, жоспарланған өнімге тыңайтқыштар мөлшерін, тұқымның себу мөлшерін);

3. Барлық бастапқы деректерді ескеріп нақты шаруашылық, танап жағдайында операциялық технология жасауы;


Студент алғашқы деректерді өзінің шаруашылығынан алады немесе нақты облыс, аудан жағдайларына үлгілейді (моделдейді) және мыналарды қарастырады:
1. Ылғалдану жағдайлары (бір жылда және өсіп-жетілу кезеңінде ай-сайын түсетін көпжылдық орташа ылғал мөлшері, нақты танап бойынша топырақтың 1 м қабатында себу алдындағы немесе дақылдың өсіп-жетілуінің басындағы өнімді ылғал қоры және өсіп-жетілу кезеңінде түсетін күтілген ылғал мөлшері).

  1. Картограммадан нақты танап бойынша сіңімді қоректік заттардың мөлшері, ал танап тарихы кітабынан соңғы жылдардағы дақылдар өнімі және енгізілген тыңайтқыштар туралы деректер алынады.

  2. Танаптардың арамшөптермен ластануы картасының арамшөптердің түр құрамы және олардың шаршы метрге данамен алынған саны жөніндегі мәліметтер алынады.

  3. Бастапқы деректер негізінде төмендегідей есептеулер жүргізіледі:

  1. Ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай НМӨ, ал суармалы жағдайда бағдарланған өнімге негіздеп суармалы мөлшерін.

  2. Ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай бағдарланған НМӨ-ге картограмма материалдарына сүйене отырып органикальгқ және минералдық тыңайтқыштардың енгізу мөлшері есептеледі.

3. Нақты жағдайларды ескеріп егін жинау қарсаңындағы
қолайлы сабақ бітіктігінің мәнін анықтайды, тұқымның далалық
өнгіштігі мен өсімдіктердің сақталуы үлгіленеді, зертханалық
өнгіштік және тұқым тазалығы жөніндегі деректер алынады да
тұқымның себу мөлшері есептеледі.


Операциялық технологияны жасағаңда төмендегідей негізгі сұрақтарды есепке алу қажет:

  1. Технология пәрменді болуға тиіс және дақылды өсірудің барлық негізгі мәселелері қамтылу керек.

  2. Технологияны жасағанда барлық есептеулер мен бастапқы материалдарға сүйенген дұрыс және оларды пайдаланған жөн, сонымен бірге мынаны белгілейді:

а. сорт немесе будан;
б. алғы дақыл және ауыспалы егістегі орны (ауыспалы егіс кескіні);
в. есептелген тыңайтқыш мөлшерін енгізудің орны, уақыты және әдісі;
г. негізгі және себу алдындағы топырақ өндеудің мерзімдері және әдістері;
д. арамшөптермен ластануын және олардың ботаникалық құрамын ескере отырып арамшөптерге, зиянкестер мен ауруларға қарсы себуге дейін және себуден кейінгі күрес шаралары;
е. дақылдың биологиясы мен топырақ-климат және метеорологиялық жағдайларға байланысты себу мерзімдері мен әдістері;
ж. егістікті күтіп-баптау (мерзімі, әдісі т.б.)
з. егін жинау.
Бүкіл осы аталған мәселелерді шешу үшін ұсынылып отырған кескінді пайдалану керек, оның үстіне ескерте кететін жәйт, жұмыстарды жүргізу мерзімдерідегі ұзақтық 3-5 тәуліктен аспауға тиіс, нақты жағдайда, студенттің (агрономның) көзқарасы бойынша, барынша жақсы құралдар, ауылшаруашылық машиналары, гербицидтер таңдап алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет