В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет54/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

 
ПЛАЗМАЛЫҚ
 ПІСІРУ ТЕХНИКАСЫ
Плазмалық пісіру өнімділігі жоғары процесс болып табылады. 
Бұл процесс кезінде жылу көзі ретінде плазмалық ағынды, яғни 
энергияның үлкен қоры бар ионданған бөлшектердің ағыншасын 
пайдаланады. Плазмалық ағын температурасы 20 000-30 000°С-ге 
дейін жетеді. 
3.5. 
 109


Доғалық пісіруден плазмалық пісіру доғаның пішінімен 
ерекшеленеді. 
Инерттік 
газ 
ортасында 
балқытылмайтын 
электродпен пісіру кезінде доға қоңырау пішінді болады. 
Плазмалық пісіру кезінде (3.12-сурет) шүмек қабырғасын орап алуы 
салдарынан доға цилиндр пішінін (бұл қысылған доға деп аталады) 
алады. 
Плазма түзейтін газ жанарғының камерасына беріліп, шүмек 3 
арқылы ағып шығып, доғаны қысады. Газ бөлігі доға бағаны 
арқылы өтіп, қызып, ионданады және шүмектен 
3
плазмалық ағын 
4
шығады.
Доға 
бағанын 
жуып-шаятын 
сыртқы 
қабаты 
сылыстырмалы түрде суық болып, шүмекті бұзылудан сақтай 
отырып, доға мен шүмек арасында электр және жылу оқшаулауын 
құрайды. 
Плазмалық пісіру кезінде доғаның екі түрі болады: тікелей және 
жанама әсер ету доғалары. Электрод 
1
пен бөлшек 
5
арасында 
жанатын доға тікелей әсер ету доғасы, ал электрод 
1
пен шүмек 3 
арасында жанатын доға жанама әсер ету доғасы деп аталады. Газбен 
қорғалған шүмек 
3
арқылы инерттік газбен пісіру аймағының 
қосымша қорғанысы жүзеге асырылады. Ол жоғары температуралы 
ағынның үлкен жылдамдықпен ағып, пісіру аймағына өзімен бірге 
қоршаған ауаны әкетіп бара жатқасын керек болады. Негізінен 
тікелей әсер ету жанарғылары қолданылады. 
Микроплазмалық пісіру. 
Қалыңдығы (он микроннан 1 мм-ге 
дейін) өте жұқа металды, сондай-ақ, ұсақ және өте ұсақ бөлшектерді 
қосу үшін 
микроплазмалық пісіру немесе 1,5-2,0 
мм диаметрлі плазманың ағыны өткір 
болатын 
инелі 
доғамен 
пісіру 
пайдаланылады. 
Микроплазмалық ағынды жасау 
үшін 
өзекті 
электрод 
пен 
газ 
өткізілетін электр бейтарап арнадағы 
саңылауы (шүмегі) бар жазық электрод 
арасында қоздырылатын, ұзындығы 
өте үлкен 
3.12-сурет. Плазмалық пісіру процесінің 
сұлбасы: 
1
— вольфрамдық электрод; 
2
— цанга; 

газбен қорғалған шүмек; 
4
плазмалық 
ағын; 
5
— пісірілетін бөлшек 
110
Су 


Микроплазмалық ағысын құру үшін өзекті электрод пен 
шүмек арқылы жазық электродтын арасында электрлік бейтарап 
арнада айтарлықтай ұзындықты доғалы разрядты қоздырып 
пайдаланады (сур. 3.13.). Бейтарап арна арқылы газ өткізіледі. 
Газ 2 өзекті электродтан 1 доға плазмасы 6 арқылы шүмекке 
қарай арна бойымен жылжып электрондармен соқтығысып 
иондалады. Шүмектен плазмалық ағыс 4 шығады. Арна 7 мен 
шүмек қабырғалары сумен суытылады.
Плазмалы ағысы жарқыраған алаумен қоршалған айқын 
жарқыраған конустың (ядро) тұрақты пішінінде болады. 
Қыздыру 
негізінде 
қыздырылатын 
дене 
бетін 
ағыс 
түйіршектерінің тікелей бомбалау есебінен жүргізіледі. 
Микроплазмалы пісіру кезінде 0,1-10 А-лі ток қолданылады
газ шығыны 10-30 л/сағ. және шүмек диаметрі - 0,8 мм болып 
табылады. Қалыптастырғыш газ плазмалық ағысты ине 
пішініне келтіреді. 
Көмекші доға үнемі жанып турады, ал оның қосылуы 
жанарғының ішіндегі контакттарды тұйықтату арқылы іске 
асырылады. Жұмыс үшін екі түрлі доға қолданылады: тіке 
және жанама әрекетті. 
Үнемі жанып түрған көмекші доғаның есебінен доға да өте 
тұрақты, үнемі және оп-оңай қоздырылады. Доға едәуір 
ұзындықта (10-12 мм) ұстап туралады және осындай 
ұзындықтағы доғаның шамамен ±1 мм ауытқуы пісіру 
сапасына әсері болмашы. 
Өткір инетәрізді ұшты және доға ұзындығының ± 1 мм 
ауытқуларына сезімталдығы жоқ плазмалық алау дәлме дәл 
жинақы жіктердің қалыптасуымен сенімді пісіруді қамтамасыз 
етеді.

3.13-сурет. Микроплазмалық ағынды жасау сұлбасы: 
1
— өзекті электрод; 
2
— газ; 
3
— су; 
4
— микроплазмалық ағын; 
5
— 
шүмек; 
6
— доға; 
7
— арна; 
Е
— электр өрісінің кернеулігі; 
l
— доға 
ұзындығы 
111


Сонымен қатар, доға қысымының әсерінен пісіру ваннаның 
бас жағынан аяқ жағына сұйық металдың бағытталған ағуы
өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет