В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет55/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

 
 
ҚОРҒАУШЫ ГАЗДАРДА БАЛҚЫМАЛЫ 
ЭЛЕКТРОДПЕН ПІСІРУ ТЕХНИКАСЫ
Қорғаушы газдарда балқымалы электродпен доғалық пісіру — 
бұл үздіксіз берілетін, балқытылатын электрод пен бөлшек 
арасында жанатын электр доғамен металдарды балқытып қосу 
процесі. Доғаның жану аймағы газдың көмегімен қорғалады (3.14-
сурет). Қорғаушы газы мен жылжымалы балқымалы электрод – осы 
процестің екі міндетті қатысушысы. 
Балқымалы электродпен пісіру кезінде, жік негізгі металдың 
балқытылуы мен қосымша металдың, яғни электродты сымның 
балқытылуы арқылы пайда болады. Демек, пісіру жылдамдығын, 
электрод пен бөлшектің кеңістік қалпынан басқа, пісірілген жіктің 
пішіні мен өлшемдері электродты металдың балқытылу сипатына 
және оның пісіру ваннасына тасымалдауға байланысты болады. 
Электродты металды тасымалдау сипаты электрод материалымен, 
қорғаныш газының құрамымен, пісіру тогының тығыздығымен 
және басқа да факторлармен белгіленеді. 
Балқымалы электродпен қорғаушы газдарда пісіру кезінде 
электродты балқытудың және электродты металдың пісіру 
ваннасына тасымалдаудың бірнеше режимін атап өтуге болады: 
3.14-сурет. Балқымалы электродпен қорғаныш газында пісіру процесінің 
сұлбасы: 
1
— электродты сым; 
2
— қорғаушы газы; 
3
— бағыттаушы жанасу 
түтікшесі; 
4
— газды шүмек; 
5
— пісіру ваннасы; 
6
— доға; 
7
— негізгі 
металл; 
8
— жік металлы; 
9
— пісіру кабелі 
1

112
Дәнекерлеу 
бағыты 



шашыратусыз қысқа доғамен пісірудің циклдық режимі

оңтайландырылған қысқа доғамен пісіру режимі; 

пісірудің ірі тамшылы режимі; 

импульстік пісіру режимі; 

металды ағындық (Spray) тасымалдау режимі; 

металдың үздіксіз айналатын тасымалдау (ротациялық 
тасымалдау) режимі. 
Ағындық және ірі тамшылы режимдері, сондай-ақ, металдың 
үздіксіз айналатын тасымалдау режимі доғаның салыстырмалы 
түрде үлкен энергиясымен байланысты және әдетте қалыңдығы 3 
мм-ден асатын металды төмен және көлденең қалпында пісіру үшін 
қолданылады. 
Шашыратусыз қысқа доғамен пісірудің циклдық режимі мен 
импульстік пісіру режимінде төмен энергетикалық көрсеткіштері 
болады, бірақ, олар әдетте қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі металды 
барлық кеңістік қалыптарда пісіруге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет