қалады. Сондықтан тамшысы бар электродтың бүйір жағы 4
кезеңдегі қысқа тұйықталу сәтіне дейін пісіру ваннасына
жақындайды (доға ұзындығы мен оның кернеуі азаяды).
Қысқа
тұйықталу процесі кезінде балқытылған электродты металл
тамшысы пісіру ваннасына өтеді. Содан кейін процесс қайталанады.
Қысқа тұйықталу кезінде пісіру тогы күрт өсіп (150-200 А-ге
дейін), нәтижесінде электр магниттік күштердің (6 және 7
кезеңдері) қысу әрекеті ұлғайып,
олардың бірлескен әрекеті
электрод
пен
бөлшек
арасындағы
сұйық
металдың
қосылыстырғышын бұзып тастайды. Тамшы бірден ашылып, әдетте
ол бұзылады және жан-жаққа қарай ұшады. Бұл металдың
шашыратылуына әкеп соқтырады. Оған қоса, осындай мәндері бар
ток тамшы мен пісіру ваннасы арасында түзілген тар
қосылыстырғыштан өтіп, металдың шайқалып төгілуін қамтамасыз
етеді.
Қысқа доғамен пісірудің циклдық режимі кезінде доғалық
аралықтың мерзімді тұйықталулардың жиілігі секундына 90-450
тұйықталулар шегінде өзгеру мүмкін.
Бұл режим жұқа табақты
металды пісіру кезінде ыңғайлы, барлық кеңістік қалыптарда
жартылай автоматты пісіруге жарамды.
Пісіру режимінің оңтайлы
параметрлері кезінде шашыраудан болатын электродты металдың
шығындары 7%-нан аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: