Металдың ағындық ауытқуы жоғары тұрақтылық доғасы (290-
450 А тогы кезінде доғаның кернеу 28-40 В) кезінде орын алып,
токтың жоғары мәндері кезінде сапалы пісірілген жіктерді
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бұл режим қалыңдығы 5 мм-ден асатын металдарды пісіру үшін
қолданылады.
Металдың үздіксіз айналатын тасымалдау режимі – ротациялық
тасымалдау. Металдың ротациялық тасымалдануы балқытылатын
электрод ұшындағы сұйықтықтың ұзын бағаны түзілген кезде орын
алады. Өте үлкен ток (450-650 А тогы кезінде доғаның кернеуі 40-
50 В) және электродтың қатты
шығып кетуі салдарынан бұл
процесте электрод доғаның әсер етуінсіз балқытылатындай,
түзілетін тамшының температурасы соншалықты үлкен болады. Бұл
жағдайда ток жүргізетін мүштікте дейінгі арақышықтық 25-35 мм-ді
құрайды. Бойлық магниттік өрістің әсер етуі салдарынан сұйықтық
бағаны өз осі бойынша айналып, конустық түрде кеңейтіледі (3.19-
сурет). Бұл ретте металл тамшылары радиалды бағытта негізгі
материалға өтіп, салыстырмалы түрде тегіс әрі кең балқытылуды
құрайды.
Түсті металдарды пісіру кезінде инерттік газдар міндетті түрде
пайдаланылып, сондай-ақ, олар коррозияға
төзімді және төмен
легирленген болаттарды пісіру кезінде де қолданылады. Аргон мен
гелий бір-бірінен доғаның тығыздығымен, жылу өткізгіштігімен
және оның сипатымен ерекшеленеді. Аргонның тығыздығы ауаның
тығыздығына қарағанда, шамамен 1,4 есе үлкен, ал гелий ауадан
0,14 есе жеңіл. Пісіру ваннасын қорғау үшін ауыр газ тиімдірек
болғасын, демек, пісіру ваннасын гелийлік қорғау кезінде аргонмен
қорғау кезіндегідей дәл осындай әсерді алу үшін, газ шамамен 2-3
есе көп шығындалады.
Аргонға қарағанда, гелийдің жылу
өткізгіштігі көбірек болады, сондай-ақ,
гелий доғасындағы энергия біркелкі
таратылады.
Аргондық доға плазмасына өзегіндегі өте
үлкен энергия мен перифериясында одан
кішірек энергия тән.
Бұл айырмашылық
пісірілген жіктің
профиліне үлкенірек әсер етеді. Гелийлік
доға терең және кең параболитикалық
пісірілген жіктің алуын, ал аргондық
3.19-сурет. Металдың үздіксіз айналатын
тасымалдауының сұлбасы:
Достарыңызбен бөлісу: