В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет60/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

1
— электродты сым; 
2
— доға; 
3
— пісіру 
ваннасы 
118


доға емшек тәрізді пішінді жіктің алуын қамтамасыз етеді (3.20-
сурет). 
Электродты сымды берудің кез келген жылдамдығы кезінде 
гелийлік доғаға қарағанда, аргондық доғаның кернеуі әлдеқайда аз 
болады. Нәтижеде аргондық доғаның ұзындығы бойынша кернеуі 
азырақ өзгеріп, бұл, өз кезегінде, оның көбірек тұрақтандырылуына 
әкеп соқтырады. Аргондық доға (аргонның төмен де, 80%-дық 
мөлшері де бар қоспаларды қоса алғанда) электродтық металдың 
ағындық берілуін қамтамасыз етеді. 
Әдетте таза аргон түсті металдарды пісіру кезінде 
пайдаланылады. Таза гелийді пайдалану оның доғасының 
тұрақсыздығы салдарынан шектелген. Оған қарамастан, қажетті 
пісірілген жіктің профилін (терең және кең параболикалық 
пішіндес) аргон мен гелийдің қоспасын қолдану арқылы алуға 
болады. Бұл ретте электродты металды тасымалдау сипаты 
аргондық доға кезіндегідей болады. 
Гелий мен аргонның қоспасы (оның құрамында гелийдің 60-90% 
мөлшерінің болуы жағдайында) негізгі металға максималды жылу 
берілуін алу және балқытылуын жақсарту үшін пайдаланылады. 
Кейбір металдарға көмірқышқылды газды гелиймен ауыстыру 
жылу берілуді ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал 
гелий инерттік газ болып табылғандықтан, бұл жағдайда пісірілетін 
метал қасиеттерінің өзгеруі орын алмайды. 
Таза аргон мен гелийдің пайдаланылуы түсті металдарды пісіру 
кезінде жақсы нәтижелерді қамтамасыз етеді. Алайда, осы 
газдардың таза күйінде қолданылуы қара металдарды пісіру кезінде 
оң сипаттаманы алуға 
3.20-сурет. Әртүрлі қорғаушы газдарда пісіру кезінде алынатын 
пісірілген жіктердің пішіні мен металдардың балқытылуы тереңдігі. 
119


мүмкіндік бермейді. Гелийлік доға қатты шашырауы бірге жүретін, 
басқарылмайтын режимге өтіп, ал аргондық доғада күйіктеспеге 
әкеп соқтыру мүмкін. Аргонға оттегінің 5%-ын немесе 
көмірқышқыл газының 3-10%-ын (25%-ға дейін) қосу пісіру 
сипаттамасын жақсартады. 
Инерттік газға қосылатын оттегі немесе көмірқышқыл газының 
көлемі негізгі металл бетінің күйіне (тотқақтың болуы), пісірілген 
жіктің талап етілетін профиліне, кеңістіктегі қалпына және 
пісірілетін материалдың химиялық құрамына байланысты болады. 
Әдетте оттегінің 3%-ын немесе көмірқышқыл газдың 9%-ын қосу 
сапалы 
пісіруді 
орындауға 
жеткілікті 
болады. 
Аргонға 
көмірқышқыл газының қосылуы пісірілген жіктің алмұрт тәрізді 
профилін алуға мүмкіндік береді. 
Доғалы пісірудің кез келген басқа типі сияқты қорғаныш 
газдарда балқымалы электродпен пісіру процесі доғаны тұтанудан 
басталады. Доғаның оңай тұтануын қамтамасыз ету үшін электрод 
(электродты сым) пісірілетін бетпен жақсы жанасу керек, яғни 
пісірілетін бетте май, саз, тотқақ және жанасуды қиындататын басқа 
да заттар болмау керек. 
Әртүрлі пісіру режимдеріне арналған электродты сымның 
шыңуы 3.21-суретіне сәйкес белгіленеді, себебі электродтың шығуы 
ұлғайған кезде доғаны инициалдау қиынға соғады. Жанарғыны 
еңкейту бұрышы 5-20°-ты құрау керек. 
Жанарғыны жұмыс істеуін жеңілдету үшін беруші жіктің және 
пісіру кабелінің салмағын өтеу мақсатында (бөлек келтіру кезінде), 
оларды иыққа лақтырып, келесі әрекеттерді орындау керек: 
жанарғыны бөлшекке жақындап және оған тигізбей, пісіру 
маскасын түсіру және триггердің батырмасын басу керек. 
Триггердің батырмасын баса отырып, пісіру тізбегі мен 
қорғаушы газының берілуі қосылады. 
Электрод бөлшекпен жанаспағанша, электродты сымды беру 
қозғалтқышы іске қосылмайды. 
Кейін сымды электродпен бетке тигізіп, оны тырнай отырып, 
жанарғыны бөлшекке қарай жақындату керек. Сымның жабысып 
қалуын болдырмау үшін жанарғыны дәнекерлеу бағытына қарама-
қарсы бағытқа 10-15 мм-ге жылдам созып, оны кішкене көтеру 
керек. Сымның бөлшекпен жанасуы пайда болған кезде, сымды 
беру механизмінің электр қозғалтқышы жұмыс істей бастап, 
триггердің батырмасы басылып тұрғанша, жұмыс істейді. 
Дұрыс орнатылған доғада жұмсақ әрі ызыңдаған дыбысы 
шығады. Доғада бұрыс дыбыс шыққанда, мысалы, сымды беру 
жылдамдығының жоғары екенін көрсететін қатты сатырлау кезінде, 
120


г 

в 
электродты сымды беру жылдамдығын реттеу керек. Бұл ретте сым 
пісіру ваннасына тиіп, қысқа уақытқа сөніп қалады. Тәжірибесі мол 
пісіруші пісіру доғасының қажетті ұзындығын есту арқылы оңай 
анықтай алады. 
Доғаны сөндіру үшін триггердің батырмасын босату керек. Бұл 
пісіру тізбегін сөндіріп, электродты сымды беру қозғалтқышы 
тоқтайтын болады. Пісіру кезінде электрод жабысып қалса, 
триггердің батырмасын босатып, сымды кескіштің көмегімен тістеп 
кесу керек. 
Қорғаушы газында балқымалы электродпен пісіру кезінде 
жанарғының пісірілетін бөлшекке қатысты қалпы үлкен мәнге ие 
болады. Егер пісірілетін бөлшектер қалыңдығы бойынша тең 
болатын болса, олардың арасындағы көлденең бұрышы бірдей болу 
керек. Егер бөлшектері қалыңдығы бойынша тең болмаса, онда 
жанарғы жұқа металл жаққа қарай еңкейеді (көлденең бұрышы 
азаяды). Бойлық бұрышы 5-25°-ты құру керек. 
Пісіру бұрышын алға қарай еңкейту арқылы да, оны артқа қарай 
еңкейту арқылы да орындалады. Артқа қарай еңкейтіп пісіру 
121
Жанарғының
жұмыс
саңылау 
Жанасу түтікшесі 
3,2 мм-ге 
батырылды 
Электродтың 
шығуы 19...25 
мм 
Электродтың шығуы
Доға ұзындығы
Жанасу 
түтікшесі 3,2 
мм-ге шығып 
тұр 
Электрод-
тың шығуы
Жанасу 
түтікшесіне дейінгі 
арақашықтық 


электродты сымның берілу бағытының жанарғының жылжу 
бағытына қарама-қарсы орналастырылғанын білдіреді. Алға қарай 
еңкейтіп пісіру электродты сымның берілу бағытының жанарғының 
қозғалыс бағытына сәйкес келетінін білдіреді. Пісіру тәсілін өзгерту 
үшін жанарғыны жылжыту бағытын өзгертудің қажеті жоқ, оның 
бойлық бағытындағы еңкеюін өзгерту керектігін атап өткен жөн. 
Пісіру 
жанарғысының 
жылжу 
жылдамдығы 
минутына 
шаққандағы 
метрлерде 
көрсетілетін 
пісіру 
жылдамдығын 
анықтайды. Пісіру жылдамдығына келесі факторлар әсер етеді: 

пісірілетін бөлшектің қалыңдығы (металл қалыңдығы ұлғайған 
сайын, пісіру жылдамдығы азаяды және керісінше); 

электродты сымды беру жылдамдығы (беру жылдамдығы 
ұлғайған сайын, пісіру жылдамдығы ұлғаяды); 

пісіру бағыты (алға қарай еңкейтіп пісіру кезінде пісіру 
жылдамдығы жоғары болады). 
Артқа қарай еңкейтіп пісіру кезінде доғаның жоғары 
тұрақтылығы мен азырақ шашырауға қол жеткізіледі. Артқа қарай 
еңкейтіп пісіру қалың металдарды қосып біріктіру үшін 
қолданылады, бұл ретте балқытылудың үлкен тереңдігіне қол 
жеткізіледі. Оған қоса, бұл жағдайда пісіруші пісіру ваннасын көріп 
отырады, бұл пісірудің сапасын арттыруға көмектеседі. 
Алға қарай еңкейтіп пісіру жұқа металдарды қосып біріктіру 
үшін қолданылады, бұл ретте пісірудің азырақ тереңдігіне қол 
жеткізіліп, бірақ пісіру үлкенірек жылдамдықпен орындалады. 
Пісіруді төмен қалпында орындаған оңай, бұл жағдайда пісіру 
қосылысының сапасы жақсырақ болады. Төмен қалпында пісіру 
кезінде балқытып қапталған металдың ағып кетуі мен газдық 
қорғанысы жақсырақ қамтамасыз етіледі. Төмен қалпында пісіруді 
меңгергесін, басқа кеңістік қалыптарда пісіруге өтуге болады. 
Төменнен жоғары қарай көлденең, тік және жоғарыдан төмен қарай 
тік қалыптарда пісіру 10 
%
-ға азайтылған пісіру тогы кезінде 
орындалады. 
3.22-суретінде әртүрлі кеңістік қалыптарда пісіруді орындау 
кезінде пісіру жанарғысын еңкейту бұрыштары көрсетілген, ал 3.23-
суретінде көп өтпелі пісірілген жіктерді орындау кезінде 
білікшелерді салу реті көрсетілген. 
Бұрыштық жіктерді пісіру кезінде пісіру жанарғысын көлденең 
еңкейту бұрышы 45°-ты құрау керек, ал түйіс жіктерді пісіру 
кезінде бұл бұрыш бірнеше градусты ғана құрау керек. Себебі, өзге 
жағдайда, жіктің бүйір жағындағы металдың балқытылуы 
нашарланып, сәйкесінше, жік металы мен негізгі металдың бірігуі 
нашарланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет