В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет68/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

Қорғаушы газдарда пісіру
. Төменлегирленген және төмен 
көміртекті болаттарды пісірген кезде балқытылған электрод металы 
мен пісіру ваннасының металын сақтау үшін көмірқышқыл газды 
кеңінен пайдаланады. Қорғаушы газдың құрамы пісіру үдерісінің 
технологиялық сипаттамаларына және жік металының құрамына 
елеулі әсер етеді. Көмірқышқыл газдан басқа қорғаушы газдары 
ретінде оның мынадай қоспаларын пайдаланады:
137


CO
2
+ О

СО
2
+ Аг 
СО
2
+ Аг + О2 
Бұл ретте, қосылған газдардың мөлшері газ қоспасының 50 % 
дейін болуы мүмкін.
Көмірқышқыл газға аргонды (кейде бұл қоспаға оттегіні де 
енгізеді) қосу пісірудің технологиялық қасиеттерін өзгертеді 
(балқыту тереңдігі мен жік пішіні, доғаның тұрақтылығы және т.б.) 
және жік металындағы легирлеуші элементтердің шоғырлануын 
реттеуге мүмкіндік береді. Қорғаушы газдары ретіндегі «таза» 
аргон мен гелий шектеулі пайдаланылады – жауапты мақсаттағы 
құрылымдарды пісірген кезде ғана.
Көмірқышқыл газ бен оның қоспаларындағы пісіруді балқымалы 
электродпен жасайды. Кейбір жағдайларда көмірқышқыл газда 
пісіру үшін балқытылмайтын көмір немесе графит электродын 
пайдаланады. Алайда мұндай тәсіл сирек қолданылады, мысалы 
қалыңдығы 0,3-2,0 мм төменкөміртекті болаттардың борттық 
жалғастарын пісіргенде.
Кеңістікте түрліше орналасқан жіктерді балқымалы электродпен 
жартылай автоматты пісірген кезде әдетте, диаметрі 1,2 мм дейін 
электродтық сымды, ал төменгі жағдайда – диаметрі 1,2-3,0 мм 
сымды пайдаланады.
Төмен көміртекті және төмен легирленген болаттарды пісіру 
үшін Св-08ГС және Св-08Г2С маркасындағы легирленген электрод 
сымдарын пайдаланады.
Жоғары пісіру тоқтарын пайдалана отырып, пісіру икемденуінің 
және соққы тұтқырлығының төмен көрсеткіштері бар жік 
металының қалыптасуына әкеп соғады, бұл суытудың жоғары 
жылдамдығына байланысты болуы мүмкін. Қалыпты режимде 
дайындалған жік металының қасиеттері Э50А типіндегі 
электродтармен жасалған жік металының сипаттамасына сәйкес 
келеді.
Өнеркәсіпте көмірқышқыл газда ұнтақ сыммен пісіру үдерісі 
пайдалануда. Аталған пісіру әдісінің технологиялары және пайда 
болатын пісіру жалғастарының қасиеттері қосымша қорғаныссыз 
пісіру кезінде ұнтақ сымдарды пайдаланудағы қасиеттерге ұқсас 
болып келеді. Ұнтақ сымның сапасына, әсіресе, білігінде ылғалдың 
бар-жоғына ерекше мән беру керек. Пісіру кезінде ылғалды білікті 
пайдаланғанда су оттегі мен сутекке бөлінеді, ал пісіру ваннасы 
металында ерітілген сутек шоғырлануының көп болғаны жік 
металының жоғары кеуектілігін тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет