ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БОЛАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ
ҚҰРАМЫ БОЙЫНША ПІСІРІЛІМДІКТІҢ
ЕСЕПТІК БАҒАСЫ
ПО ХИМИЧЕСКОМУ СОСТАВУ
КОНСТРУКЦИОННЫХ СТАЛЕЙ
Металдар мен олардың қорытпаларының технологиялық
пісірілімі бірқатар факторға тәуелді: олардың химиялық белсенділігі,
легирлеу деңгейі, қорытпалар құрамы мен құрылым ерекшеліктері.
Металдың химиялық белсенділігі жоғары болған сайын оның
қоршаған ортамен өзара әрекет жасау, алдымен тотығу қабілеті арта
түседі, бұл болса пісіру кезінде тиімді қорғаныс пен металлургиялық
өңдеуді талап етеді. Балқытылған болат пен темір негізіндегі
қорытпаларды ауамен қарым-қатынас жасаудан электродтық
қаптамалар, флюстер мен инерттік газдар қорғауды қамтамасыз
етеді.
Белгілі химиялық құрамы болатын пісірілімнің нысана сандық
көрсеткіші мына теңдеу бойынша анықталатын
көміртектің
эквивалентті құрамы
болды:
С
экв
= С + Mn/6 + Si/24 (4.1)
мұнда C, Mn, Si — пайызбен көрсетілген көміртек пен легирлеу
элементтерінің мөлшері.
Көміртектің балама мөлшеріне (және осы өлшемге байланысты
шынығу және жарық жасау қабілетіне) байланысты барлық
құрылмдық болатты тиісінше төрт топқа бөледі: жақсы,
қанағаттанарлық, шектеулі және нашар пісіріленетіндер (4.1-кестесі).
Бірінші топтағы болаттар (С
балама
< 0,25 %) режимдер, қалындығы
мен конструкциялық құрылымның кең диапазонында шынықтыру
құрылымдары мен жарықтарын тудырмай-ақ жақсы пісіріледі.
Қанағаттанарлық деңгейде пісірілетін екінші топтағы болаттар
(С
балама
= 0,25-0,35 %) пісіру режимін дұрыс таңдағанда суық
жарықтарды тудыра алмайды, алайда бірқатар жағдайда оларды
жылыту керек.
Шектеулі пісірленетін үшінші топтағы болаттар (С
балама
= 0,36-
0,45%)
жарықтарды
қалыптастыра
алады.
Осы
болаттың
жарықтардың пайда болуына кедергісін пісіру режимдерін өзгерту
арқылы реттеу мүмкіндігі шектеулі, сондықтан оларды жылыту
керек. Жылыту температурасы болаттың маркасына байланысты
150-450 °С шегінде таңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |