орындайды. Бұл ретте жанарғының көлденең жылжытылуы кезінде
шеткі нүктеге жеткенде, кідіріс жасап, электродты сымның
диаметріне тең келетін арақашықтыққа төмен қарай түсу керек.
Содан кейін жоғарыға қарай көтеріліп,
қарама-қарсы жаққа
көлденең бойынша жылжып, бұл жерде қайтадан кідіріс жасап,
сосын қайтадан төмен қарай түсу керек, және т.б.
Бұрыштық жікті тік қалпында төменнен жоғары қарай
дәнекерлеу кезінде жанарғы бөлшектің бүйір бетінде кідіріс жасай
отырып, «шыршаны» салып жатқандай жылжиды.
Жоғарыдан төмен қарай пісіру кезінде (түбірлік, толтырушы
және қаптайтын білікшелер) жиектерін бөліп, түйіспе пісірілген
жікті пісіру жанарғысының шеткі нүктелерде кідіріс жасап, ирек
жылжытылуы арқылы орындалады. Бұл ретте жанарғының
көлденең еңкеюі пісіру бетіне қатысты 90°-дық градусты құрау
керек. Жанарғымен жұмыс істей отырып, доғаның пісіру
ваннасының алдыңғы шетінде орналасқанына көз жеткізу керек.
Балқытылған металдың доға алдында
айдалуына жол берілмеу
керек. Бұл пісіру сапасын нашарлатады.
Төбелік қалпында пісіру.
Төбелік қалпында жиектерін бөліп,
түйіспе жігін орындау кезінде пісіру жанарғысының ирек
жылжытылуын орындау керек. Бұл ретте жанарғының көлденең
еңкейілуі пісіру бетіне қатысты 90°-ты құрау керек, ал жіктің шеткі
нүктелерінде шағын кідірістерді жасау керек. Сондай-ақ, түбірлік,
толтырушы және қаптайтын жіктер орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: