В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет61/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

122


75...80°
3.22-сурет. Қысқа доғамен пісірудің циклдық режимі (а...г) кезінде және 
металды ағындық тасымалдау (д) кезінде төмен және тік қалпында әртүрлі 
жіктерді орындау кезінде пісіру жанарғысын еңкейту бұрыштары (пісіру 
бағыты нұсқармен көрсетілген) 
Төбе 
Төмен 
Төмен 
Төмен 
3
.23-сурет. Көп өтпелі жіктерді әртүрлі кеңістік қалыптарда орындау 
кезінде білікшелерді (1.8) салу реті 
123
Төбе 
Төмен 
Тік 


Тік қалпында пісіру төменнен жоғары қарай да, жоғарыдан 
төмен қарай да орындалу мүмкін, алайда, бұл жағдайда жанарғы 
қалпы маңызды болады. Пісіру металдың толық балқытылуын 
қамтамасыз ететін, жанарғының қалпы кезінде ғана орындалу керек
яғни доға пісіру ваннасының алдыңғы шетінде орналасу керек. 
Балқытылу. 
Балқытылу
— бұл негізгі металдың балқытылу 
тереңдігі. Пісіру тогының мәні балқытылу тереңдігіне әсер ететін 
негізгі параметр болып табылады. Токтың ұлғайтылуы немесе 
азайтылуы сәйкесінше балқытылу тереңдігінің ұлғаюйын немесе 
азаюйын тудырады. Балқытылу тереңдігін жанарғыны жылжыту 
жылдамдығымен бірдей болатын электродты сымды беру 
жылдамдығын арттыру арқылы да ұлғайтуға болады. Бұл ретте 
доғаның ұзындығы азайып, сәйкесінше, пісіру тогы ұлғаяды, яғни 
сымды 
беру 
жылдамдығын 
өзгерте 
отырып, 
балқытылу 
жылдамдығын өзгертуге болады. 
Пісірудің басқа параметрлерін өзгерту балқытылу тереңдігіне 
салыстырмалы түрде кішігірім әсерін тигізеді. Доғаның кернеуі 
азайған сайын, балқытылу тереңдігі де азаяды және керісінше. 
Доғаның тұрақсыздығы балқытылу тереңдігін азайтады. 
Пісірілген жік білікшесінің өлшемі. 
Пісірілген жік білікшесі 
биіктігімен (дөңестігімен) және кеңдігімен сипатталады. Осы 
параметрлердің дұрыстығы пісірілген жік білікшесінің, әсіресе, көп 
өтпелі пісіру кезінде барынша аз ақаулықтармен орындалатынына 
кепілдік береді. Көп өтпелі пісіру кезінде жіктің дөңестігі үлкен 
болған жағдайда, металдардың сапалы бірігуін қамтамасыз ете 
отырып, келесі жікті салу қиынға соғады. Қатты тарылған жік те 
жік металының және негізгі металдың жақсы бірігуін қамтамасыз 
етпейді. 
Пісірілген жік білікшесінің сипаттамасы оның өлшеміне де, 
пішініне де байланысты болады. Пісірілген жіктің өлшемін (жіктің 
сума метріне шаққандағы балқытып қапталған металдың мөлшерін) 
өзгерту үшін пісіру режимін өзгерту керек. Пісірілген жіктің 
өлшеміне негізгі әсерін пісіру тогының мәні мен пісіру жанарғысын 
жылжыту жылдамдығы әсер етеді. Пісірілген жіктің өлшемі пісіру 
тогына 
тура 
пропорционал 
және 
жанарғыны 
жылжыту 
жылдамдығына кері пропорционал. 
Доға ұзындығының ұлғаюы жік енінің ұлғаюын және оның 
дөңестігінің азаюын тудырып, бұл ретте көлденең қимадағы жіктің 
ауданы өзгерусіз қалады. Пісірілген жік білікшесінің ені 
ұлғайғанда, оның дөңестігі азайып, пісірілген жіктің сұйығырақ 
металы негізгі металмен тиімдірек бірігіп қосылады, яғни 
металдардың бірігуі жақсарады. 
124


Пісірудің өнімділігін (балқытып қаптауда) ұлғайту үшін доға 
ұзындығының ұлғаюы жік енінің ұлғаюына қарағанда, оның 
дөңестігінің ұлғаюын тудырып, пісірілген жіктің білікшесі өте 
дөңес болып қалады. 
Артқа қарай еңкейтіп пісіру кезінде пісірілген жіктің тар әрі биік 
білікшесі қамтамасыз етіледі. Оған қоса, жанарғының бойлық 
еңкейту бұрышын азайта отырып, пісірілген жік білікшесінің 
биіктігін азайтып, оның енін ұлғайтуға болады. 
Алға қарай еңкейтіп пісіру одан да тегіс және жалпақ пісірілген 
жік білікшесінің алуын қамтамасыз етеді. 
Пісіру жанарғысымен жұмыс істеу. Пісіру технологиясын 
толықтай елестету үшін пісіру жанарғысымен жұмыс істеу әдіс-
тәсілдерін сипаттау керек. Бұдан әрі келтірілген ұсыныстар 
анықтамалық болып табылады. Біліктігін арттыруына қарай әрбір 
пісіруші жанарғыны жылжытудың өз әдіс-тәсілдерін жасап 
шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет