В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет63/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. 
Қорғаушы газдарда балқымалы электродпен доғалық пісірудің 
қандай артықшылықтары бар? 
2. 
Пісіру кезінде аргон негізінде қорғаушы газдарының қандай 
қос және үштік қоспалары қолданылады? 
3. 
Ұзын доғамен пісіру процесі қысқа доғамен пісіру процесінен 
немен ерекшеленеді? 
4. 
Балқымалы электродпен пісіру кезінде электродты металды 
тасымалдаудың қандай режимдері мүмкін? 
5. 
Көмірқышқыл газда пісіру режимінің негізгі параметрлері 
қандай? 
6. 
Пісірілетін металдың балқытылу тереңдігі қорғаушы газында 
доғалық пісірудің қандай параметрлеріне байланыста болады? 
7. 
Пісіру тогын таңдау неге байланысты болады?
126


8. 
Металдың балқытылу тереңдігі неге байланысты болады? 
9. 
Доға кернеуін ұлғайту мен кішірейту кезінде жіктің 
қалыптасуы қалай жүзеге асырылады? 
10. 
Қорғаушы газдарда балқытылмайтын электродпен доғалық пісіру 
процесінің қандай ерекшеліктері бар? 
11. 
Пісіру үшін қандай вольфрамдық электродтар қолданылады? 
12. 
Пісіру доғасының қысылуы қалайша орындалады? 
13. 
Пісіру доғасын қысу кезінде оның қандай параметрлері өзгереді? 
14. 
Микроплазмалық пісіру қандай жағдайларда пайдаланылады?


4- 
тарау 
ТӨМЕН ЖӘНЕ ОРТА ЛЕГИРЛЕНГЕН 
БОЛАТ ПЕН ШОЙЫНДЫ ЭЛЕКТРПІСІРУ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
4.1.
ПІСІРІЛІМДІЛІК
ТҮСІНІГІ
Пісірілім 
— металдың немесе металл қоспаларын пісірудің 
белгіленген технологиясында бұйымның құрылысы мен пайдалану 
шарттарынан туындайтын талаптарға сәйкес келетін байланысты 
жасау қасиеті.
Пісіру жалғастрының пайдалану қасиеттеріне қойылатын 
талаптар қабылданған жеңілдіктермен қанағаттанатын болса, 
материалдардың пісірілім 
жеткілікті
, ал пісіру жалғасының 
пайдалану қасиеттерінің ең төменгі деңгейі қамтамасыз етілмейтін 
болса, 
жеткіліксіз
болып саналады. Бұл ретте, бір материалдың 
пісірілу қасиетін бұйымның мақсатына қарай түрліше бағалауға 
болады.
Пісірілім физикалық және технологиялық деп бөлеміз.
Монолиттік пісіру жалғастарын алудың принциптік мүмкіндігін 
физикалық
пісіріім деп түсінеді, бұл әртекті материалдарды пісіру 
кезінде өте маңызды.
Технологиялық
пісірілім 
материалдың 
пісіру 
термодеформациялық циклі мен пісірудің металлургиялық әсеріне 
деген реакциясы болып табылады. Аталмыш реакцияны мысалы, 
пісіру жалғастар металының механикалық қасиеттерін қаттылық, 
соққы тұтқырлығы және т.б. көрсеткіштері болып табылатын негізгі 
металдың бір негіздегі қасиеттерімен салыстыру арқылы бағалауға 
болады. Бұдан басқа, пісірілімді бағалаған кезде жарық тудырудың 
төзімділігін және арнайы қасиеттерін ескереді (коррозиялық 
төзімділік, жоғары және төмен температуралардағы беріктігі, морт 
сынуды болдырмау). Металды тозуға дейін жұмыс істейтін 
бөлшектерге балқытып пісіру кезде олардың төзімділігі айрықша 
маңызды болады. Сондай-ақ технологиялық пісірілім түсінігі 
,
128 


балқытып пісіру қабаттардың төзімділігін қамтиды.
Көміртекті болаттың пісірілім қасиеттері құрамында алдында 
көміртектің бар-жоғымен анықталады. Пісірудің қарапайым 
технологиясында негізгі металға тең келетін, метал жігіндегі 
жарықтарсыз және жік маңындағы аумақтағы иімділігін 
төмендемейтін пісіру жалғасын алу мүмкіндігін статикалық 
жүктемелерде жұмыс істейтін құрылыстарды дайындауға арналған 
төмен көміртекті болаттың жақсы пісірілу қасиеті деп түсінеді. Жік 
және жік маңындағы аумақтың металлы құрылысты пайдалану 
температурасында және пісіріленетін жіктің пішінінен болатын 
кернеу шоғырлануының бар-жоғы кезінде сынғыш жағдайға 
ауысуына төзімді болу керек.
Материалдың пісірілімін абсолюттік көрсеткіштер бойынша 
емес, бұрын пайдаланылған материалдардың немесе негізгі 
металдың қасиеттерін пайдалану арқылы бағалайды. Пісіру 
жалғастарының әртүрлі жеке қасиеттерін сынаудың нәтижелері осы 
өнім үшін белгіленген техникалық шарттардың нормативтеріне 
сәйкес болса қанағаттанарлық деп таниды.
Пісірілімді бағалау үшін таңдауы пісіру құрылысының 
мақсатына және металдың пісіру әсерінен болатын құрылымы мен 
қасиеттеріндегі өзгерістеріне негізделетін бірқатар сынамаларды 
жүргізеді.
Пісіру жалғастарының металының ыстық жарықтардың 
пайда болуына төзімділігі
— пісірілімнің алғашқы және ең маңызды 
көрсеткіші, өйткені қатаю кезінде туындайтын керу кернеуінің 
әсерінен 
болатын 
кристалданудың 
кең 
температуралық 
интервалымен қорытпаларды пісірген кезде елеулі кемшілік болып 
табылатын ыстық жарықтар пайда болуы мүмкін.
Пісіру жалғастарының металының суық жарықтардың пайда 
болуына төзімділігі

пісірілім маңыздылығы бойынша екінші 
көрсеткіші, өйткені пісіру жылынуының әсерінен негізгі металдың 
құрылымы өзгереді. Шынықтырылған қорытпаларының жік 
маңындағы аумағында полиморфтік құбылыстардың нәтижесінде 
мартенситтік үлгідегі морт құрылымдар пайда болады, бұл суық 
жарықтарға себепкер бола алады.
Пісіру жалғастарының металында болатын үдерістер пісіру 
құрылымдарының морт сыңғыштығын тудыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет