В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық


ХРОМДЫ ЛЕГИРЛЕНГЕН БОЛАТТАРДЫ



Pdf көрінісі
бет69/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

138


ХРОМДЫ ЛЕГИРЛЕНГЕН БОЛАТТАРДЫ
ПІСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Легирленген және көміртекті шыңдалатын болаттарға легирлеуші 
элементтердің сомалық мөлшері 10% дейін болатын болаттарды 
жатқызады. Осы болатты легирлеу көпкомпонентті және кешенді, ал 
негізгі легирлеуші қоспалар - хром, марганец, кремний, никель, титан 
және т.б. 
Жауапты құрылымдар үшін уақыт аралығында үзілуге қарсыласы 
шамасы кд
у
= 900-1 300 МПа орташа беріктегі перлиттік класындағы 
легирленген болаттар пайдаланылады. Бұл 25ХГСА, 30ХГСА 
маркасындағы және көміртек мөлшері аз немесе көп болаттар мен 
көміртектің мөлшері аз күрделі легирленген болаттар, мысалы 
12Х2НВФА мен 23Х2НВФА маркалары. Осы болаттар 30ХГСН2А, 
28Х3СНВФА мен 30Х2ГСНВМ маркасындағы жоғары легирленген 
болаттармен 
салыстырғанда 
жақсы 
пісірілу 
қасиеттерімен 
ерекшеленеді.
Ішінде 45% артық темір болған кезде легирлеуші элементтердің 
сомалық мөлшері 10 % жоғары қорытпалар жоғары легирленген болат 
деп саналады. Негізгі легирлеуші элементтердің мөлшеріне сәйкес 
болаттар хромды, хром-никельді, хром-марганец, хром-марганец-
азотты және т.б. болып бөлінеді.
Хромды болаттың құрамы хром мен көміртектің болуына 
байланысты әртүрлі болып келеді. Құрамында 12-13% хром және 0,08 
% артық көміртегі бар болат мартенситтік класқа, 13-16% хром – 
мартенситтік-ферриттік класқа, ал хромның құрамы 16% - ферриттік 
класқа жатады.
Жоғары легирленген болаттарды пісіргенде бір стандартты 
маркадағы пісіру сымдарына химиялық құрамы бойынша көбірек 
пайдалануға рұқсат берілген. Пісіру жалғастарының түрлі типтері, 
пісірудің кеңістіктегі орны және өзге де факторлар негізгі металды 
балқыту тереңдігінің өзгертуін және жік металының химиялық 
құрамын анықтайды. Яғни, қаптама құрамын жікте ферриттің қажетті 
құрамын қамтамасыз ету және осылайша жікте ыстық жарықтардың 
пайда болудың алдын-алу үшін түзету керек. Мұндай тәсілдер арқылы 
жіктердің ыстыққа қажетті беріктігі мен коррозиялық төзімділігіне 
қолжеткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет