Xix ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы



бет2/5
Дата17.11.2023
өлшемі49,27 Kb.
#191655
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Капарова Молдир КОК-217 1П
мақала Каирбекова, Рөлдік ойындар, Алгебра 10 класс КСП
«Ағыбай батыр» – тарихи жыр.Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан белгілі батыр Ағыбай Қоңырбайұлының (1802–85) ерлік істерін баяндайды. Жырдың екі нұсқасы сақталған. Қарағандылық жыршы Тәужи Айнатасов жинаған «Ағыбай батыр» жырында Кенесарының түрікмен елінен бір тұлпар әкеп беру туралы өтінішін орындауға аттанған Ағыбай батырдың сапар кезіндегі ерліктері баяндалады. Нұсқа толық емес, он бір буынды, қара өлеңмен жазылған. Жыр оқиға желісі, құрылысы, суреттеу тәсілі жағынан өте қызғылықты. Романтикалық сарын басым. Ақын, халық ауыз әдебиетін жинаушы Нұрғали Бейсеновтен 1949 ж. жазып алған "Ағыбай батыр" жырының 2-нұсқасы көркемдігі мен мазмұны жағынан құндырақаласы Ағыбай нақтылы өмірде Ресей отаршыларына қарсы күрес жүргізсе, жырда қалмақпен соғысып ерлік көрсетеді, даңқы бүкіл елге жайылған қолбасшы атанады. Бұл жыр да он бір буынды қара өлеңмен жазылған. Батыр ерлігі тарихи жыр шеңберінен асып, ертегі сарынымен бейнеленген, осы арқылы жырдың тарихи-әлеум. идеясы айқын байқалады. Ағыбай батырдың елін сыртқы жаудан қорғау жолындағы ерлік істері туралы осындай мазмұндағы басқа нұсқалар Қазақстан Ғылымдар Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар орталығында сақтаулы.

4. «Жанқожа батыр», «Досан батыр», «Бекет батыр» жайлы тарихи өлеңдер.


Ал Бекет, Досан, Жанқожа туралы шығармалар тарихи жыр қалпында хатқа түскен, олар ол деңгейден өтіп үлгірмеген. Рас, ХVІІІ ғасырдың да, ХХ ғасырдың да тарихи жырлары жанрлық құрамы жағынан біркелкі емес: онда көптеген жанрлар араласып, ұштасып жатыр. Тарихи өлең жанрын арнайы зерттеген ғалым—Б.Уахатов. Ол өзінің 1974 жылы шыққан «Қазақтың халық өлеңдері» деген монографиясының бір тарауын тарихи өлеңдерге арнаған. Ғалым бұл жанрдың тарихи жырдан айырмашылығын өте дұрыс атап көрсетіп, оның жанрлық анықтамасын белгілейді. «Шынында да,—деп жазады ол,—тарихи өлеңдердің шағын түрлерінің көлемі қысқа, эскиз секілді болып келеді де, ұзынсонар оқиғаның ішінен тек сол өлеңнің идеясын ашарлық сәттерді ғана даралап көрсетеді»48. «Тарихи деректерге сай болған оқиғаны сол болған күйінде көрсетіп, нақтылы сурет жасайды»49. Тарихи өлеңнің жанрлық сипатын айта келіп, автор оны лирикалық өлеңдерден шыққан деген пікірге тоқтайды. Алайда тарихи өлеңнің лирикаға жақын екені рас, онда лиризмнің болатыны да хақ, бірақ бұның бәрі тарихи өлеңді лирикадан шықты деуге дәлел бола алмайды. Себебі тарихи өлең болған оқиғадан соң араға көп уақыт салмай-ақ дүниеге келіп жатады, демек ол жанр ретінде лирикалық өлеңсіз-ақ туады. Бұл жерде анықтап алатын бір нәрсе: тарихи өлең эпикалық түрге жата ма, әлде лирикалық түрге жата ма? Міне, осы тұста та48 Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. – А., 1974. – 247-б. 49 Сонда. – 248-б. 26 тарихи жырлар хақында 27 рихи өлең мен тарихи жырдың айырмашылығы көзге айқын түседі. Тарихи жыр өзінің поэтикасы, орындалу мәнері, тіпті мазмұны жағынан да эпикалық түрге жатады. Ал, тарихи өлеңде лирикалық сипат болғанымен, бірақ ол лирикалық өлең емес. Сонымен, тарихи жыр мен тарихи өлең жанрларын зерттеген ғылыми еңбектерге жасаған шолудан шығатын қорытынды мынадай. Қазақ фольклорының құрамында «тарихи жыр» және «тарихи өлең» деген екі жанр бар екені дау туғызбайды. Алайда, оларды зерттеуде мұндай біркелкілік жоқ. Ғылымда олардың ара жігі әлі толық ажыратылып болмаған. Соның салдарынан зерттеушілер тарихи жырға көп көңіл бөліп, тарихи өлеңдерді әлі арнайы сөз ете алмай жүр. Бұл жанрлар жеткілікті зерттелмегендіктен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда да лайықты дәрежеде қамтылмай жүр. Оның үстіне тарихи жырдың да, тарихи өлеңнің де жанрлық табиғаты әлі толық зерттелмей жүр десе де болады. Сол себепті кейбір фольклористеріміз «тарихи жырды кейінгі дәуірде туған эпос» деп, кейбір зерттеушілеріміз «кенже эпос» деп қарастырып жүр. Ал, шындығына келсек, қазақ фольклорында «тарихи жыр» да, «тарихи өлең» де өзінше өмір сүре алатын, дербес жанрлар. Бұл—қазақ халық әдебиетінің өзіндік дара сипаттарының бірі. Тарихи өлең—өмірде болған, нақты оқиғалар мен адамдарға арналған шағын, бірақ біршама эпикалық сарыны бар шығармалар. Тарихи өлең, әдетте, оқиғаның ізі онша суымай тұрғанда, фактілер ұмытылмай тұрғанда туады да, онда шындық іздері басым жатады. Сонымен бірге тарихи өлеңде көркемдік те бар, әрі лиризм де кездеседі.
1. Мұсабай жырларындағы тарихи шындық және көркемдік шешім.
2. Тарихи жырдың жанрлық сипаты. Тарихи жырлардың тарихи өлең, тарихи эпоспен туысатын тұсы, өзіндік ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет