Xix ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы



бет3/5
Дата17.11.2023
өлшемі49,27 Kb.
#191655
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Капарова Молдир КОК-217 1П
мақала Каирбекова, Рөлдік ойындар, Алгебра 10 класс КСП
Тарихи жырлар — белгілі тарихи оқиғаларға байланысты туған эпикалық шығармалар. Тарихи жырларда оқиғаның дәлдігі сақтала бермейді.
Әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, коғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан қорытылып бейнеленеді. Бұл жанрда ру-тайпалық мақсаттар қаға-беріс қалып, жалпы халықтық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады. Батырлар жырында кездесетін ғайыптан туу, жар іздеу, құда түсу, батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар Тарихи жырларда ұшырамайды. Сондай-ақ, әсіресе көркемдеу құралы (гипербола) Тарихи жырларда мүлде әлсірейді. Бұл жырлардың бәрі — ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты кейіпкерлер — тарихта болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары — көбінесе, сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-ретімен баяндайды.
"Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей кабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға басады" (Әуезов М., "Уакыт және әдебиет", 1962, 75-бет).
Тарихи жырлардың шығу, пайда болу мерзімдері әр халықтың фольклорында әр түрлі. Қазақ ауыз әдебиетінде тарихи жырлар 4 кезеңге бөлінеді.

  1. Алғашқы кезеңдегі Тарихи жырлар Алтын Орда, Ноғайлы, Астрахан, Қырым хандықтарына карсы феодалдық соғыстар (14 - 17 ғ.) суреттеледі ("Едіге", "Нұрадин", "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази", "Мұсахан", "Телағыс", т.б. жырлар).

  2. Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорықтарды (18 ғ.) қамтитын екінші дәуірде Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар туды.

  3. Үшінші дәуірде ұлт-азаттық, бостандык жолындағы күресті (19 ғ.) сипаттайтын жырлар шьпсғы: "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Досай батыр", "Жанқожа батыр", т.б.

  4. Төртінші кезең 20 ғ-дың басындағы төңкеріс жылдарындағы елеулі оқиғалар және 1916 жылғы патша үкіметіне карсы халық көтерілісі жайындағы жырлармен шектеледі ("Туар ма екен бізге күн", "Еріксіз келдім елімнен", "Зарлы заман кезінде", "Құлақасқа", "Бекболат", "Ұзақ батыр", "Амангелді" т.б.).

Қазақ әдебиетіндегі Тарихи жырларды Үмбетей, Мұрат, Тілеміс, Нысанбай, Жанкісі, Шернияз, Жамбыл, Нұрпейіс, Мұрын сияқты ақынжыраулар шығарған, толықтырып, өндеп қайта жырлаған. Тарихи жырларға алғаш көңіл бөлген Ш.Уәлшанов еді. Ол "Абылай", "Орақ батыр" жырларын жазып алып, зерттеді. Одан кейін 19 ғ-да В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, И.Аничков, 20 ғ-дың басында М.Ж.Көпеев, Ә.Диваев т.б. көрнекті фольклористер Тарихи жырларды жинауда көп еңбек сіңірді. Қазір Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында 400-дей Тарихи жырлар бар. Кеңес дәуірінде Тарихи жырларды зерттеуге С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мщанов, Ә.Маргцлан, К,.Жцмалиев, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Н.С.Смирнова, Б.Кенжебаев, Ф.Бердібаев, Б.Уақатов, Н.Төреұлов, К.Сейдеханов, т.б. ғалымдар зор үлес қосты. Көптеген Тарихи жырлар хрестоматияларға, жинақтарға енді, жеке кітап болып басылды

3. Кенесары – Наурызбай, Исатай – Махамбет, Бекет батыр, т.б. тарихи өлеңдердің әдебиет тарихындағы орны, ғылыми бағалануы, зерттелуі, басылым көруі.



Тарихи өлеңдердің ішінде баспаға шыққан ірі өлеңнің бірі «Кенесары-Наурызбай» жыры. Бұл да барлық тарихи жырлар сияқты белгілі дәуірдің туғызған әңгімесі.Кенесарының қайғы, өкінішімен біткен жорығы, қазақ баласының барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып көп жайылған. Бұл жырдың көп жайылуына екінші бір себеп болған нәрсе- Кесесары ісінің өзге батырлардың ісінен әлде қайда көлемді оқиға болғандықтан туады. Кенесары қазақ елінің ескіден қадірлеген Абылай ханның тұқымынан шыққан, өзі де орыс құлдығына елдің бағынып алып, қиын қыстау заманға келіп қысылған кезінде ескі еркін күннің ескерткіші сияқты , жоғалған ұжмақ жоқшысы болып шыққан. Артынан көп елді ертіп, қалың көптің тілеуіне сүйенгендігінен көп жылдай күшті үкіметтің қолына түспей, қарсылық істеп өткен. Сол елден ерекше еңбегі үшін үш жүздің баласы сол қысылшың аласапыран заманда да хан сайлаған.Кенесары жорығына қазақ баласының әрбір руы да араласқан. Іспен араласпаса, сөз қосып, тілеу қосқан. Үш жүздің игі жақсысының ауызнда Кенесары істері көп жылдарға шейін қан қыздыратын әңгіме болып жүрген. Сондықтан Кенесарының өз жорығы ғана әңгіме болмай, сол «Кенесары қолында бірге жүрген батырлардың ішішінде, әсіресе, Наурызбай өмірі көп жыр туғызған қызықты әңгіме болған. Қазіргі біз қарастыратын Нысамбай жыры сол ірі оқиғалардың дәл ішінде болған «Кенесары-Наурызбай» жыры болады.Бұл жырдың айтушысы қайғылы оқиғаның қызығы мен қайғысының қалың ортасында болған, қан майданның ішінен шыққан жортуылшы ақын, қалың қолдың жыршысы. Шеру тартқан жүрістің, бағытты, қызық жорықтың жыршысыКенесары Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын түрлі өлеңшығарса да , дәл Нысамбай жеткен өріске жеткен емес. Нысамбай жырында оқушының көз алдында ағып отырған қандай қызулы жанды шындық бар. Бұл өлең ақын қиялының еріккендегі ермегі емес. Барлық сөзінде сол жорықтың қуанышы мен қайғыс кеше ғана көз алдынан өткізген, көзі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі сол оқиғаның адамы. Сондықтан әңгіме тізуінде жаңылмайтын сенімділік бар.Нысамбай жырында қырғыз үнемі жазықты болмайды. Қайта Кәрібоздың кінәласқан сөзінде Наурызбайды жеңуі ақынның ерекше әділдігін білдіреді.Қырғызда кінә аз. Жазығы: «Ежелгі жау болмас» деп Абылай тұқымына бағынғысы келмегендік. Жалғыз сол кінәсі үшін қырғыз, қазақ қолынан көп зорлық, көп қиянат көреді. Соның бәрін бадырайтып айтпасы да Нысамбай бүркемей, жасырмай сездіреді.Кенесары жырындағы өлең тілі ерекше сұлу, кестелі тіл оқушыға ұтымды, артынан лепілдетіп ертіп отыратын құрыш қайратты қызу бар. Ақынның жанын салған қызумен шын сезімін білдірген, міні жоқ. Ұзақ қайғы өлеңі болып шығады. Өлең тілі құр ғана ұйқасы мен қызуын қуған сөз емес, сол заманның кестелі сұлу, шешен түрлерінен құралған сом алтындай жұмыр келетін кесек тіл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет