Xix ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы



бет1/5
Дата17.11.2023
өлшемі49,27 Kb.
#191655
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Капарова Молдир КОК-217 1П


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы


XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
практика

Орындаған: Капарова Молдир


Тобы: КОК-217
Тексерген: Қажыбай Аян Төлегенұы

2023 жыл
№6 практикалық сабақ жұмысы


XIX ғасырдағы бостандық күрес жырлары. Тарихи өлең. Қазақ даласындағы қоғамдық-саяси ахуал



  1. XIX ғасыр әдебиетіндегі ұлт-азаттық күрес батырлары туралы жырлар. Кенесары – Наурызбай жыры. Нысанбай ақынның бұл жыры туралы Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайылов пікірлері. Кенесары – Наурызбай жырының көркемдік сипаты.

Тарихи өлеңдердің ішінде баспаға шыққан ірі өлеңнің бірі «Кенесары-Наурызбай» жыры. Бұл да барлық тарихи жырлар сияқты белгілі дәуірдің туғызған әңгімесі.Кенесарының қайғы, өкінішімен біткен жорығы, қазақ баласының барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып көп жайылған. Бұл жырдың көп жайылуына екінші бір себеп болған нәрсе- Кесесары ісінің өзге батырлардың ісінен әлде қайда көлемді оқиға болғандықтан туады. Кенесары қазақ елінің ескіден қадірлеген Абылай ханның тұқымынан шыққан, өзі де орыс құлдығына елдің бағынып алып, қиын қыстау заманға келіп қысылған кезінде ескі еркін күннің ескерткіші сияқты , жоғалған ұжмақ жоқшысы болып шыққан. Артынан көп елді ертіп, қалың көптің тілеуіне сүйенгендігінен көп жылдай күшті үкіметтің қолына түспей, қарсылық істеп өткен. Сол елден ерекше еңбегі үшін үш жүздің баласы сол қысылшың аласапыран заманда да хан сайлаған. Кенесары жорығына қазақ баласының әрбір руы да араласқан. Іспен араласпаса, сөз қосып, тілеу қосқан. Үш жүздің игі жақсысының ауызнда Кенесары істері көп жылдарға шейін қан қыздыратын әңгіме болып жүрген. Сондықтан Кенесарының өз жорығы ғана әңгіме болмай, сол «Кенесары қолында бірге жүрген батырлардың ішішінде, әсіресе, Наурызбай өмірі көп жыр туғызған қызықты әңгіме болған. Қазіргі біз қарастыратын Нысамбай жыры сол ірі оқиғалардың дәл ішінде болған «Кенесары-Наурызбай» жыры болады. Бұл жырдың айтушысы қайғылы оқиғаның қызығы мен қайғысының қалың ортасында болған, қан майданның ішінен шыққан жортуылшы ақын, қалың қолдың жыршысы. Шеру тартқан жүрістің, бағытты, қызық жорықтың жыршысы. Кенесары Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын түрлі өлеңшығарса да , дәл Нысамбай жеткен өріске жеткен емес. Нысамбай жырында оқушының көз алдында ағып отырған қандай қызулы жанды шындық бар. Бұл өлең ақын қиялының еріккендегі ермегі емес. Барлық сөзінде сол жорықтың қуанышы мен қайғыс кеше ғана көз алдынан өткізген, көзі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі сол оқиғаның адамы. Сондықтан әңгіме тізуінде жаңылмайтын сенімділік бар.Нысамбай жырында қырғыз үнемі жазықты болмайды. Қайта Кәрібоздың кінәласқан сөзінде Наурызбайды жеңуі ақынның ерекше әділдігін білдіреді.Қырғызда кінә аз. Жазығы: «Ежелгі жау болмас» деп Абылай тұқымына бағынғысы келмегендік. Жалғыз сол кінәсі үшін қырғыз, қазақ қолынан көп зорлық, көп қиянат көреді. Соның бәрін бадырайтып айтпасы да Нысамбай бүркемей, жасырмай сездіреді. Кенесары жырындағы өлең тілі ерекше сұлу, кестелі тіл оқушыға ұтымды, артынан лепілдетіп ертіп отыратын құрыш қайратты қызу бар. Ақынның жанын салған қызумен шын сезімін білдірген, міні жоқ. Ұзақ қайғы өлеңі болып шығады. Өлең тілі құр ғана ұйқасы мен қызуын қуған сөз емес, сол заманның кестелі сұлу, шешен түрлерінен құралған сом алтындай жұмыр келетін кесек тіл. Әуезовтің тағдыры қиын болған шығармаларының бірі - «Хан Кене» пьесасы. Пьесаны да Әуезовтің «Кенесары-Наурызбай» жырындағыдай ұлт-азаттық қозғалыстың соңынақырғызбен болған соғысқа арнаған. Окулықта жырдың фабуласына, сюжетіне шолу жасалып, мазмұны айтылған. Әуезов мұнда суреттелген оқиғаларға қатысты өзінің көз- қарасын сездіре отырып, Нысанбай жыраудың ұлт-азаттық көтерілісінің жыршысы ретіндегі акындық, адамдық бейнесіне де баға береді, өз ойын білдіріп отырады. Жырдың көркемдік ерекшеліктеріне катысты терен ойлар айткан. Жалпы тарихи жырлар туралы, оның ішінде Нысанбай жыраудың шығармашылығы туралы кейінгі жылдардағы зерттеушілердің «Кенесары-Наурызбай» жырына қатысты ойлары Әуезов ойларымен толықтай үндеседі. Әуезовтің 1924-25 жылдары айтқан «Кенесарының қайғы-екінішімен біткен жорығы қазақ баласының барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып көп жайылған. Бұл жырдың көп жайылуына екінші бір себеп болған нәрсе - Кенесары ісінің өзге батырлардың ісінен әлдеқайда ірі, әддеқайда көлемді оқиға болғандықтан туады» деген ойлары Кенесары тұлғасына да, Нысанбай жырына да берілген әділ баға. Әуезов еңбегінде Нысанбайдың шығармашылық бейнесі терең талданып, Абылай хан заманындағы Бұқар жыраудың шығармашылык қызметінің өзіндік ерекшеліктерімен салыстыра көрсетілген. Бұқар жырауға қарағанда Нысанбайдың қолдың ішінде жүрген, әскердің барлық қиын-қыстау соғыстарының басы-қасында жүрген жыраудың поэтикалық қызметінің қалыптасу себептерін нәзік байқағыштықпен ашкан. Әуезовтің Нысанбайға берген бағасы өте жоғары, өйткені «Кенесары-Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын талай түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес». Сондай-ак Нысанбайдың да, негізінде, туыстас екі халық арасында болған бір кақтығыстың себептері мен барысына шындық тұрғысынан келгенін айтқан. Әуезовтің «Хан Кене» пьесасында да жырда суреттелген кезең, оқиғалар қамтылған. Тарихи жыр мен драмалық шығарманың көркемдік талаптарының, поэтикасының өзіндік ерекшеліктеріне орай пьесада жыр сюжеті дәлме-дәл қайталанбаған. Сюжеттік қимыл, тартыс сахналық қойылымның мүмкіндіктеріне байланысты орайластырылған. Кейіпкерлер жүйесінде де айтарлықтай өзгешеліктер бар. Кенесары бейнесі жырдағы бейнемен толықтай үндес болса, Наурызбай, Бұғыбайлардың бейнелерінде өзгешеліктер кездеседі. Пьесада тарихи-әлеуметтік талдау, реалистік тереңдік, психологиялық талдау жағы терең. «Кенесары-Наурызбай» жырына қатысты Әуезовтің ой-пікірлері ең алғашқы, ең дәл айтылған әділ баға. Әуезов «Әдебиет тарихы» деген зерттеуінде «Кенесары - Наурызбай» жырының жазылу себебіне, мән-мағынасына назар аударған. «Нысанбай жырында оқушының кез алдында ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Барлық сөзіңде сол жорықтың куанышы мен кайғысы кеше ғана көз алдынан өткізген, кезі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі - сол оқиғаның адамы» деп, шығарманың шындыққа кұрылғанын баса көрсеткен. Ұлы жазушы Нысанбай жырында қырғыз үнемі жазықты болмайды. Қырғызда кінә аз. Соның бәрін бадырайтып айтпаса да, Нысанбай бүркемей, шындықты бүкпесіз жеткізгенін мақұлдайды. Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласады. Ақын мұны да жасырмай жырлаған. Бұл Нысанбайдың өзге акындардан ерекшелігін, сыншыл жыршы екенін көрсетсе керек деген тұжырым жасайды зерттеуші.

  1. Қазақ әдебиетіндегі «Топжарған», «Күйші», «Жасауылқырған», «Наурызбай – Қаншайым», т.б. шығармалардағы Кенесары заманының шындығы.

М. Сералиннің «Топжарған» поэмасы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысты, осы қозғалыстың жетекшісі Кенесары ханды және Наурызбай батырды сынға алған шығарма ретінде бағаланған. М. Сералиннің аталмыш шығармасына мұндай баға беруге 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің «Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының өрескел саяси қателері туралы» қаулысынан кейін басталған ұлт зиялыларын, ғалымдарды «ұлтшылдар» деп қуғындау науқаны және 1950 жылы қазақстандық бір топ тарихшылардың «Правда газетіндегі Е.Бекмахановты «ұлтшыл» деп айыптаған мақаласы, көп ұзамай Е. Бекмахановтың қуғындалуы әсер еткен еді.Еліміздегі әдебиетші ғалымдардың ізденістері М. Сералиннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін онан әрі зерттеуге тың серпін берді.
Шығарманың «Күйші» атануы да осы бір өзекті сарынмен тікелей байланысты. Күйші жігіт басында оянған махаббат сезімін де ақын келістіре толғайды. Жалпы жастық, махаббат деген үлкен рухани күш. Ол адамды шабыттандырады, қанат бітіріп, көкке ұшырады. Бойға бұрқыраған жігер күш беріп, тау қопартады. Адам санасын нұрландырып, мол жарыққа кенеледі. Қарашашқа ынтыққан поэмадағы күйші жігіт халі осындай. Бұрынғы өзі тартып жүрген тоқсан түрлі күйді қоя тұрып, шабыт қанатына мінген өнерпаз өз жүрегінің жаңа күйін – махаббат күйін төгеді. Поэмадағы күйші жігіт – есте қаларлықтай кесек тұлға. Ақын оның асқан өнерпаздығын, өміріндегі бұралаңы бар күрделі сәттерді құлпырта сөз бояуларымен айқын суреттеп берген. Домбырадағы тоқсан құбылған құдіретті күйдің адам сезімдерімен ұштасқан кейде реалистік, кейде романтикалық кейпін ­өрісін ақын өрен шабытпен өлең өрнегіне шебер түсірген. Күйші жігіттің барлық қадір–қасиеті – халықтың бойындағы асыл мінез, қадір­қасиеттердің жарқын көріністері. Бұл шығарманың бүкіл рухынан көрініп тұр. Поэмада адамдар тұлғасы нақтылы сипатталған. Бірі ұнамды, бірі ұнамсыз дегендей. Поэманы оқығанда есте қалып қоятын кейіпкердің бірі ­ хан Кенесары Қасымов. Кенесары – тарихи шындыққа сәйкес, өзінің зұлымдығымен, жауыздығымен айқын көрінеді. Бұл жөнінде академик Қ. Жұмалиев: «Ақын сөз арасына, кейбір ғана қысқаша сурет, баяндау, репликалар арқылы, Кененің жексұрындық мінез­құлық әрекеттері де шеберлікпен көрсетеді. ...Жауыздық, қара жүректілік, менмендік, қара халықты менсінбей, оларға тәкаппарлықпен қараушылық бәрін бір­екі шумақпен­ақ ақын түйіп берген емес пе?» ­ деп поэмадағы Кенесары бейнесі жөнінде дәл топшылау жасады.
Жасауылқырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің түрлі кезеңдерін бейнелейтін тарихи жырлардың көркемдік-идеялық мазмұны, олардың өмір шындығына қатысы, жанрлық сипаты осы уақытқа дейін арнайы зерттелмей, тұтас күйінде ғылыми айналымға түспей келедіОның үстіне бір кезде негізінен кеңестік идеологияның сұранысы мен талаптарын қамтамасыз еткен «Жасауыл қырғыны» сияқты танымал туындыларды жаңа дәуір тұрғысынан жан-жақты талдап, орынды бағасын беретін кез жетті. Осындай ғылыми-рухани қажеттіліктің нәтижесінде аталған шығармалардың анау кеңес үкіметі заманындағыдай тек жақсы жақтарын белгілі бір шеңбер көлемінде қарастырумен шектеліп қалмай, әр қырынан сөз етіп, кемшіліктерінің де қандай сипатта екендігін ашып көрсету әдебиет тарихы алдындағы зәру мәселе демекпіз. Сонымен бірге «Жасауыл қырған» жырының нұсқаларындағы көркемдік-эстетикалық факторларды зерделеумен бірге, уақыт, заман шындығының суреттелу сипатын, олардың бойындағы тарихи-танымдық мәселелердің қозғалу деңгейін анықтау, жырдың жазылу, жариялану кезеңдерін саралап ашып көрсету қажеттілігі де күн тәртібінде.  «Наурызбай-Қаншайым» жырында айтылмыш дәстүр өте кең әрі әдемі бейнеленген. Жалпы, Наурызбайдың қыз ауылындағы істері түгелімен дерлік қазақтың үйлену салтын көрсету болып шыққан. Оларды тізбелеп жатпай, сюжетінің өрбуіне оралсақ, мұнда тағы да эпостық жәйтті көреміз. Ол – күйеу жігіттің үйленгеннен кейін қайын жұртында біраз мекен етуі. Наурызбай тойды қызықтап, Қаншайымның елінде бір ай жатып қалады. Кенесарыға берген уәдесі еске түсіп, дереу қайтпақ болады. Алайда, қыздың Әли, Мұса деген екі ағасы тағы жиырма екі күн ұстап қалып, тойды одан әрі жалғастырады. Мұнда да қазақтың құдалық салты, кәдесі тәптіштеп баяндалады, байлардың дәулеті, сән-салтанаты әңгімеленеді. Қойшы, әйтеуір, межелі күн бітіп, Наурызбай жас келіншегін алып, жолдастарымен еліне аман-есен жетеді. Ағасы ұлан-асыр той жасап, мұндайда жасалатын ырым-жоралғының бәрін үлкен салтанатпен орындайды. Дәстүрлі эпос осымен бітеді.
Ал, «Наурызбай-Қаншайым» жыры олай тәмамдалмайды, трагедиямен аяқталады. Сұлулығына елдің бәрі таңырқаған Қаншайым өзінің қайын ағасы Кенесарының көзі тиіп, қайтыс болады. Наурызбай қатты қайғырады, жылап тұрып, қырық жігітке өзінің жайын айтады: «Ойлайсыздар, қырық жігіт, Бір қатынға қайғырып, Мұнша неге солды деп. Мен ойлаймын ісімнің Ырымы жаман болды деп… Қауіп қылып қатты қорқамын… Өмірім де менің қысқа деп». 

  1. Шортанбайдың «Ақжолтай Ағыбай батыр» жыры. Кенесарыға арнаған өлеңі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет