Xix ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы



бет4/5
Дата17.11.2023
өлшемі49,27 Kb.
#191655
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Капарова Молдир КОК-217 1П
мақала Каирбекова, Рөлдік ойындар, Алгебра 10 класс КСП
«Исатай-Махамбет» жыры
Баспаға шыққан тарихи өлеңнің бірі- «Исатай-Махамбет» Исатайдың жорығын жыр қылған жыр. Мұнда көмескілеген жасырын жоқ.Болған оқиғаны өлең өлшеуіне түсіру жыршының алдыңғы мақсаты болған сияқты. Ығылман Исатай жырын тізуіне қарағанда, кейде Кенесары қолындағы Нысамбайға ұқсайды. Бұл да батыр сапарына тілеулес, соның ісінен жеміс күтіп, үміт етеді. Бұл жағынан ел мұңын жоқтап шыққан қолдың ақыны сияқты.
Исатай өз заманыда зор іс істеп өтті. Ол құр ғана сөз сөйлеуді қанағат қылған жоқ. Барлық ақыл мен қайратын іске жұмсады. Сол іс пен мақсаттың жолына басын бағалап, оның қадірін ұққан болса, ең алдымен сол жақсысын ұмытпау керек. Соның аруағы қалың елдің аузында үнемі аталып, үнемі еске алынып жүруі керек. Олай болса, Исатайдан соңғы бір алуан жақсының міндеті сол батырдың аруағын тірілту. Елге арналған жақсы сөз өлеңмен жақсы ұғылады, өлеңмен айтылса ұмытылмайды. Сондықтан Исатайдың жорығын жыр қылуды екінші түрлі батырлық міндеті деп санаған ақын шығады. Исатайды қадірлеген ел соның жүрісін өлең қылуды ақынға міндеті сияқты қылып артады. Осы сияқты ел ортасында ертеден орнаған салт бойынша қазақтың өлең өлшеуіне түскен тарихы жасалады. «Исатай» жырының тарихи өлең болатын зор себебінің бірі-осы. Осы хал Ығылман жырында өзге өлеңдерден анығырақ, ашығырақ көрінеді.Ел айтқан соң Ығылман Исатайдың ісіне өлеңмен күмбез орнатуға кіріскен. Батырдың басына зират салған ісмер сияқты өз қолынан келетін ескерткіш жасаған.Жырдағы әңгімені алсақ: тарихи оқиғаның жылы ізі суымай тұрған уақытта, сол оқиғаның өкшесін басып шыққандықтан үлкен шыншылдықпен жазылған. Өмірде анық болған оқиға көмескісіз, күңгіртсіз, айнаға түскендей ашық түскен.Бұрынғы батырлар жырының жасырынды сүйетін тұманды сарыны Исатай жырында суалып, жоғалған сияқты да ,оның орынына ел тіршілігі мен ел салты көлемірек болып көрінуге айналған. Бұл жағынан қарағанда Кенесары, Исатай жырлары сияқты тарихи өлеңдер әдебиетте жаңа бағыт туғызып, өмірге жанасуды мақсат қылған сияқтанады. Ел әдебиетіндегі өміршілдік, нағызшылдық толық пішінде ең алғашқы рет осы өлеңдерден шығады. Исатайдың Жәңгір ханға астамдық сөз айтып, айып тартып, алпыс атан төлеуі. Ел билерінің кесім айтуы, онын соң жырдың ішінде шай мен жылы үй , құс төсектің кіруі барлығы да әдебиетке ел өмірі көлемді суретпен кіре бастағанының белгісі. Бұлардан басқа орыс әскері, зеңбірек, қазақша соғыстың суреттері болсын, бәрі де бүгінгі заман адамдарына Исатай оқиғасы кеше ғана болған іс екенін анық білдіреді.
«Ағайынның арына,
Қарындастың қамына,
Қысқа күнде қырық шапқан.
Қысылғанның панасы-
Асыл едің Исатай
Ер Тайманның баласы».
Исатай, Махамбеттің жыры өзге халіне қарағанда, жоғарыда айтақан жаңа заманның жаңа түрлі жыры болды. Заманның толық суреті сияқты болып түскен әңгімелі өлең- тарихи белең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет