Ясауитану пәнінен бақылау сұрақтары 1- деңгей


Пақырнама шығармасы туралы айтсақ



бет10/15
Дата20.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#159069
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Ясауитану жауаптары (1)
kz, Sport презентация, сандық әдістер. Тест, baitilenova (1), қазақ әдебиеті 11Б БЖБ№1, 7. РЕГЛАМЕНТ СОРЕВНОВАНИЙ БИАТЛОН, 6-апта.Ясауи тариқаты, Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы (1)
Пақырнама шығармасы туралы айтсақ
“Фақр-наме (пақырнама)” атымен танымал болған шығармасы жеке өз алдына бір шығармаға қарағанда Диуани Хикметтің кіріспесіне (бір бөліміне) ұқсайды. Фақрды (пақырлық), сүлук (сопылыққа кіру әдебі) әдебі мен сүлук мәртебелерін қарастыратын бұл шығарманың Ахмет Ясауи тарапынан жазылмағандығы, тек Ясауи пікірін негізге ала отырып, оның жолын қуушы бір Ясауи дәруіші тарапынан жазылғаны анық. Ф.Көпрүлүнің пікірі бойынша бұл шығарма Хазинидің “Жәуаћиру-л-әбрар мин әмуажи-л-бихар”атты еңбегінен алынған.
ХІ‡ ғасырда Шағатай тілінде көшірілген Қожа Ахмет Ясауидің тағы бір рисалесі Мирату-л-Құлуб Швецияның Упсала қаласындағы университет кітапханасының ескі жазбалар қорында сақтаулы. Көлемі 534 парақтан тұрады. Рисалені жинақтаған Қожа Ахмет шәкірттерінің бірі - Сопы Мұхаммед Данышменд Зарнуқи.Мирату-л-Құлубтың жазылу мақсаты – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық ой-тұжырымдарын жинау болып табылады. Әйтсе де еңбекте Нежмүддин Күбра мен Сопы Мұхеммед Данышмендтің де өз ойлары мол ұшырасады. Еңбек шариғат, тариқат және хақиқат деген үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде исламдық және сопылық ахлақ, екінші бөлімде тариқат әдебі (этикасы) жайында айтылса, ал үшінші бөлімде мағрифату-л-лаћ (Аллаћты тану) турасында әңгімеленеді. Мирату-л-Құлуб еңбегінде жалпы сопылық ілімнің өзегін құрайтын «көңілдің көзін ашу», «рухани жетілу» басты мәселе ретінде қаралады. Ондағы мол ұшырасатын сопылық дүниетанымдық категориялар Ясауидің ой-пікірін тұжырымдаудың кілті ретінде қызмет еткен. Еңбекте сопылық әдебиетте жиі кездесетін «Нұр-ы Мұхаммедия», «үммү-л-әруах» категориялары, сондай-ақ адам рухының жоғарғы сапалық тазалық категориясы – «қалб-ы сәлим», дәрежелік өту сатылары – «дариялар» мәні таратыла айқындалған. Көңілдің (рухтың) тазалыққа, кемелдікке жетудегі ең негізгі шарттары мен қағидалары әдістемелік теориялық деңгейде түсіндірілген.

3- деңгей

  1. Ясауи кесенесін туралы сипаттап түсіндіріңіз

  1. Исламның басты қайнары сүннеттің мәні мен маңызын көрсетіңіз

Сүннет дегеніміз-Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) үнемі жасаған амалдары.
Негізінде сүннет-жол, шариғат үкімі деген мағынаны білдіреді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде былай дейді:
"Үмбетім бұзылған заманда кімде-кім бір сүннетімді ұстап, жаңғыртса, оған жүз шейіттің сауабы бар". Мұхаммед Пайғамбарымыздың әр сүннеті біз үшін өте маңызды. Сүннет - бұл барлығымыз үшін өмірді пайдалы әрі жақсы өткізуде керемет нұсқаулық болмақ. Негізгі сүннет амалдар саны өте көп.Осы тұста біз Алла елшсінің (с.ғ.с) күнделікті өмірге қажетті 11 сүннетін айта аламыз. Ерте жатып, ерте тұру ;Жиі күлу; Мисуак пайдалану; Шашты майлау;Ауқаттанғанда «үштен бір» ережесін сақтау; Жақсы нәрсе айту немесе үндемеу;Хиджама жасау (қан жіберу); Сырқат жандардың көңілін сұрау;Ас-суды отырып ішу; Оң жағымен жату; Үйге кірер кезде «Бісміллә» деп айту.Міне, осы амалдар пайғамбарымыздың күнделікті өмірде жасаған амалдары болып табылады екен. Сүннет амалдардың арасында адамдар үшін орындалуы күрделі амалдар да бар.Себебі олар тек бір ғана тәндік құлшылықты емес, сондай-ақ жүрек құлшылығы мен ақыл-ойдың араласуын да қажет етеді екен.Олар:
1. Алланың жаратылыстары туралы ойлану.
Алланың жаратылыстары туралы ойлану – Құрани Кәрім шақыратын және қасиетті кітаптың аяттарында ең жиі аталатын амалдардың бірі.
2.Жақсығабұйыру-
«Өзге адамдарды жақсылыққа шақыра отырып, оны өздерің ұмыт қалдырасыңдар ма?» (Бақара44аят).
Адамдардың басым көпшілігі бұл аятты мүлдем басқаша түсінеді, яғни, өзі амал етпейтін қандай да бір жақсылығын өзгеге бұйырғанның бұнысы әбестік әрі бұрыс болады. Алайда, бұл мүлдем сыңаржақ пікір. Имам әл-Байдауи бұл аятты былай деп тәпсірлейді: «Алла пенделерін өзгелерге жақсылықты бұйырғаны үшін емес, өздерінің сол айтқандарына амал етуді ұмыт қалдырғандықтары үшін кінәлайды». Сол себепті адамның алдында екі бірдей міндет тұрады: жақсылық жасау және жақсылықты бұйыру. Алайда, бұл міндеттің бірін ұмытқан адам екіншісіне амал етуін тоқтатуы керек деген сөз емес.
3. Рұқсат етілмеген заттан тыю — алайда, бұның бір шарты бар: аталған амалды оны адамның ұстанатын мәзһабына сәйкес немесе барлық Ислам ғұламаларының тұжырымдауынша нақ тыйым етілген әрекет болуы тиіс.
4. Үнемі Алланы еске алып, зікірде болу;
5. Күн сайын Құран оқу – Құранды өміріңіздің ажырамас бір бөлігіне айналдырам десеңіз, ең әуелі Құранды дұрыс оқудың ілімін үйрену керек. Кейін Құранды толықтай жаттап, оны үнемі қайталап отырғаныңыз абзал болады.
6. Әр мұқтаждығыңызда не болмаса қандай да бір қиын мәселе туындаған жағдайдың баршасында Алладан жәрдем тілеп, Аллаға жалбарыну.
Мақала топтамаларында айтылған барлық сүннет амалдарды күнделікті құлшылықтарымыздың қатарына кірістіріп, оларға ұмытпай амал етуіміз үшін Алла Тағаладан тауфиқ сұрайық. Алла қаласа, біздің жүрегімізді нұрландырып, Өзінің діні мен иманында тұрақты етер.

  1. Исламның басты қайнарларын түсіндіріп олардың мәнін ашыңыз

Исламның басты қайнар көзі – Құран және сүннет
Құран – Ислам мәдениетінің және құрылымдарының ең маңызды және басты қайнар бұлағы. Әлеуметтік топтардың мойынсұнуын қажет ететін заң. Әрбір кісінің мемлекет пен халық алдындағы міндеттерін көрсетіп тура жолды меңзейтін қасиетті кітап. Бұл кітап мұсылман жамағатының діни, саяси, әлеуметтік, ахлақи және әскери құрылымдарының құрылып, ары қарай өркендеуіне себепші болды. Өйткені мұсылмандар білгісі келген нәрселердің барлығын Құраннан алатын еді. Құранда артық, керексіз болған ешбір нәрсе жоқ. Адамдарды тура жолға шақырушы бұл кітапта ақыл иелеріне айтылған «Оқы» сөзінен-ақ, Алла тағаланың білімге берген маңызын түсінуге болады. Исламның бұл әміріне мойынсұнған және маңызын түсінген әртүрлі нәсілдегі мұсылмандар әдебиет, ахлақ, социология, философия, өнер, құқық және методология сияқты ғылым салаларын зерттеуге белсенді талпыныстар көрсетті. Хазірет Пайғамбар (с.а.с.) адамдардың Құрандағы түсіне алмаған аяттарын хадисімен, іс-әрекеттерімен, амалдарымен білдіріп отырған. Осылайша оның әрбір іс-әрекеті және амалдарынан шыққан сүннеті Ислам әлемінің ең маңызды жол көрсетуші қайнар көзі болып сүннет есептеледі. Шындығында да Ислам әлеуметі үшін мемлекеттің басшысы, қолбасшысы, соты, мұғалімі және тәрбиешісі болған Мұхаммед (с.а.с.) ең алдымен пайғамбар еді. Оның сүннеті Құранның түсіндірмесі, ал өзі тірі Құран еді. Ол екі дүниеде де бақытты болу жолын көрсетуші, жетекші. Сахабалар тұтас тәрбиені Пайғамбарымыздан (с.а.с.) үйренсе, Алла елшісін Раббымыз өзі тәрбиелеген. Осы себептен де оның ісәрекеттері өзінің қалауы бойынша емес, уахи жолымен болатын еді. Сахабалар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ең ұсақ әрекеттеріне дейін елеусіз қалдырмайтын. Оның әрбір әрекетін иләһи әмір ретінде қабылдайтын. Әрбір мәселеде сүннетін үлгі тұтатын, тіпті қазіргі таңдағы және ақыр заманға дейінгі үмбет осылай жалғастырмақ. Құран кәрімдегі «Пайғамбар сендерге нені берсе, қабыл алыңдар, нені тыйым салған болса, тыйылыңдар» («Хашыр» сүресі, 6) деген аят мұсылмандардың Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әмірлеріне, оның күнделікті іс-әрекеттеріне көп көңіл бөлулеріне себепші болған.



  1. Ислам сенім негіздерін талдап көрсетіңіз

Ислам діні негіздері 3-ке бөлінеді.
1. Сенім (иман) негіздері.
2. Ғибадат негіздері.
3. Моральдық негіздер.
Мұсылман болу үшін "усул-и дін" (діннің негіздері) деп аталатын сенім негіздеріне міндетті түрде иман ету керек. Алладан басқа илаһ болмағанына, Хз. Мұхаммедтің Алланың құлы және елшісі екеніне, сену, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру және қажылыққа бару — исламның негіздері мен шарттары болып табылады. Сүйікті пайғамбарымыз бір хадисінде: "Ислам 5 нәрседен құрылған. Алладан басқа илаһ болмайтынына. Хз; Мұхаммедтің Алланың расұлы екеніне қуәлік ету, намаз оқу ораза тұту, зекет беру және қажылыққа бару",- деп бұйырып, осы негізгі 5 нәрсені түсіндірген.
(Ислам дінінде "Аллаға, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, қаза мен тағдырға, ақыретке, өлгеннен кейін қайта тірілуге сену" иман негіздерін құрайды. Адам осы алты негізге иман еткенде ғана "мүмін" болады. Ислам осы 6 негізді діннің міндеттері (зарұрат-ы диние) деп атайды. Бұлар жүрекпен бекітілмесе, иман жүзеге аспайды. Олардың бәрін немесе бірін қабылдамау адамды иманнан шығарады.
Ислам мен иманның негіздерін қабылдаған адамды "мүмін" және "мұсылман" деп атайды. Мүмін және мұсылман адам - құлшылық ететін және азаптан құтылған адам. Алла мүміндерге үлкен сыйлық және жұмаққа кіргізуге уәде берген. Олардың ақыретте де бақытты болатынын көрсеткен. Сенбейтіндердің және ақиқатты қабылдамайтыңдардың (кәпірлер) да үлкен азапқа душар болатынын және отта жанатынын хабарлайды. Сол себептен мүмін тура жолмен жүрсе, ал кәпір тура жолдан таяды. Ислам негіздерін иман негіздері деп аламыз.

  1. Ислам ғибадат негіздері, түрлері жайлы сипаттаңыз, көрсетіңіз

Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Яссауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Яссауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Яссауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменолы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Яссауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады.



  1. Исламның бес шартын (парыз) көрсетіңіз, мағынасын түсіндіріңіз

  1. Ислам ахлақ (мораль) негіздері туралы түсіндіріңіз, көрсетіңіз

Ахлақ» ғылыми тұрғыда алғанда, ғасырлар бойы ғылым саласы ретінде қарастырылып келеді. Оған жалпы ғылым салаларының зерттеушілері бірқатар анықтамалар берсе, ахлақ саласын зерттеушілер де ахлақтың анықтамасын беруге тырысқан. Мысалы: Ахлақ – адам баласын жоғары дәрежеге жетелейтін ілім. Ахлақ – жақсылық жасауға шақырып, жамандықтан тыйатын ілім.
Ахлақтың мақсаты – жақсы және жаман мінездерге ие болған адамды көркем мінезге жетелеу. Бірақ ахлақ ілімі адамды материалдық тұрғыдан алып қарастырмайды. Керісінше адамның өз қалауы мен таңдауы арқылы істеген әрекеттерін, жақсы және жаман мінездерін қолға алып, ненің жақсы, ненің жаман екендігін анықтап, рухани жетістікке апаратын жолды көрсетіп, жамандықтан құтылудың жолын үйретеді.

  1. Сопылықтың пайда болуын сипаттаңыз, көрсетіңіз

Сопылықтың пайда болуын сипаттаңыз, көрсетіңіз
Ислам дінінің тарихына ой жіберіп қарайтын болсақ, сопылық ағымы өз бастауын сонау сахабалар заманынан алатындығын бағамдаймыз. Құраннан барлық сауалдың жауабын табуға болады дейді. Осыған қарап, ислам діні кейбіреулердің айтатынындай, тек этикалық нормалар жинағы емес, ол барша тіршілік туралы түсінік беретін әмбебап ғылым.
Барша адамдардың ғалым болмайтыны сияқты кез-келген мұсылман дін ілімінің білгірі бола алмайды. Ғалым болу үшін сіз аспирантураға түсіп оқып, ғылыми жетекшінің көмегімен белгілі бір тақырыпты зерттеп, жаңалық ашуыңыз шарт. Содан кейін сізге ғылым кндидаты немесе докторы атағы беріледі. Сол сияқты ислам діні ғылымында да сопылық ағымы аспирантураның міндетін атқарады.

  1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және тайқазан және т.б. заттар туралы түсіндіріңіз, мәнін көрсетіңіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет