Ясауитану пәнінен бақылау сұрақтары 1- деңгей


Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде”



бет13/15
Дата20.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#159069
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Ясауитану жауаптары (1)
kz, Sport презентация, сандық әдістер. Тест, baitilenova (1), қазақ әдебиеті 11Б БЖБ№1, 7. РЕГЛАМЕНТ СОРЕВНОВАНИЙ БИАТЛОН, 6-апта.Ясауи тариқаты, Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы (1)
Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. 

  1. Қожа Ахмет Ясауидің түркі дүниесіндегі орны туралы талдау жасап,мәнін көрсетіңіз

Қ.А. Ясауи Ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылатын, түркі сопылығына негізделген тариқат жолын қалыптастырды. Бұл жолдың негізгі әдептері: шәкірттің ұстазға құрметі, адалдығы мен мойынсұнуы, Алланы тануға, жомарттыққа, тәуекелге, тафаккурға ұмтылу. Шәкірттердің негізгі міндеттері: кемелдікке жетуге, хаққа жақындауға тырысу, қауіп пен үміт хәлінде болу, үнемі Алланы еске алып, зікір ету, Ақиқат жайлы сөйлеу .
Қожа Ахмет Ясауи ілімінде шыншылдық пен әділдік үшін ғұмыр кешу халыққа қызмет етумен байланыстырылады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. 
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. «Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады» деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды.
Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті.
Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикметжазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы БекташЖүніс ӘміреСүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. ХІІ ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.
Түркі жұрты мен мұсылман ортасында белгілі орта ғасырлық ғалымдардың бірі исләмнің таралуы үшін дүниеге әкелген сопылық философиялық трактаттардың иесі Қожа Ахмет Ясауи келешек ұрпаққа елеулі мұра қалдырды. Оның «Диуани Хикмет» атты туындысы адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипаттап ашып көрсетуге арналған . 
Қ.А. Ясауи өзінің бүкіл жарқын қабілеті мен дарынын, күш жігерін түркі халқына, туған еліне жалпы түркі дүниесіне, әсіресе өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама. Оның әдеби, мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне оның ішінде қазіргі қазақ әдеби тілінің кемелденуіне, ал оқу-ағарту саласындағы көзқарастары бүкіл түркі әлеміндегі, оның ішінде еліміздегі педагогикалық ой-пікірлердің пісіп жетілуіне, хикметтері мен рухани адамгершілік мұралары ұлттық тәлім-тәрбие беруде үлкен ықпал етуде. Сол себепті Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпақ емес.

  1. Диуани Хикметтің мән-мазмұнын көрсетіңіз

Диуани Хикмет - түркі тілінде исламға дейінгі түркі жырауларының сөз саптау, өлең пішімдерін қолдана отырып діни-сопылық оймен жазылған алғашқы шығарма, яғни, ислам-түркі әдебиетінің “Құтты біліктен” кейінгі ең ескі шығарма үлгісі.
Диуани Хикметтің ескі тілі қай тіл екенін білу бүгiнгi күнi өзектi мәселеге айналған. Себебi, Қожа Ахметтің ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін ескерсек, қолымыздығы жазба нұсқаларының ең ескісі - ХIІ-Х‡ІІ ғасырларға тән. Ал бұл нұсқалар Ясауи дәруіштері тарапынан түрлі тілдерде көшірілген. Сондықтан қазақ жазбасындағы қазақ тіліне, өзбек жазбасындағы өзбек тіліне және татар жазбаларындағы татар тіліне жақын келеді.
Диуани Хикмет хикметтерден (даналық) құралған жинақ. Бұл жинақтағы хикметтердің барлығын Ахмет Ясауидіңөзі жазбағанға ұқсайды. Ал Қожа Ахметтіңөзі жазған хикметтердің кейбірі жоғалған және оның орнына Ясауи жолындағы бізге беймәлім дәруіштер тарапынан хикметтер қосылып, толықтырылған тәрiздi. Өйткені, кейбір хикметтерде Ахмет Ясауиден бірнеше ғасыр кейін өмір сүрген адамдардың аттары (мәселен Несами) кездесіп отырады және бір нұсқада бар хикметтер келесі бір нұсқада жоқ болып шығады. Сондықтан Диуани Хикметті тек Ахмет Ясауидіңғана шығармасы емес, бүкіл Ясауи жолындағылардың ортақ шығармасы дегеніміз жөн сияқты. Негізінде бұл шығарманы кім жазса да, хикметтердің мағынасы Ахмет Ясауидің пікірлері деуімізге әбден болады.

  1. Ясауи ілімінде ақиқатты тану жолының мәнін көрсетіңіз

Ахмет Ясауи - осы ақиқатты түсінген ұлы ойшыл. Оның пікірі бойынша әлем мен әлемдегі бүкiл жаратылыстар ұлы Жаратушының құдіреті шексiз екендiгiн көрсетедi. Ұлы бабамыздың көзқарасы бойынша дүниедегі барлық жаратылыстар Алланың ұлы, жомарт, мейірімді де рақымды екенiн дәлелдейдi. Жаратылысқа өмір берген де, бейне берген де тек олғана. Ол - шексіздік (мұтлақ) қайнары. Ясауи ілімінде нәпсі жамандықтың, ал рух болса жақсылықтың қайнар көзі болып табылады [4]. Жақсылық пен жамандықтың бірге болуы мүмкін болмағаны сияқты, нәпсі мен рухтың қатар өмір сүруі де мүмкін емес. Екеуінің бірі ғана өмір сүруі керек. Ал рухтың өмір сүруі үшін, нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының ашылуында жатыр. Рух тазалығынан мақсат, ғашық мәртебесіне ұласып, Хақдидарын көру болып табылады. Олай болса, түркі халқының тарихындағы дін туралы толғаныстар мен ондағы адам мәселесінің негізгі даму бағыттарын былайша жүйелеп көрсетуімізге болады. Бірінші, діннен адам болмысын туындатып, оның этикалық жақтарына баса назар аудару. Екіншісі, дәстүрлі исламдық діни философияны жаңғырта отырып, адам туралы ортодоксальді діни антропологияны негіздеу беталысы болды. Үшіншісі, еркін-ой мен ислам дінінің жаңа арналарын іздеуге талпыныс және діни сенімнің өзіндік бір «қазақы» үлгісін жасауға деген ұмтылыс [5]. Шын мәнінде де, табиғи-биологиялық түрде сабақтасқан ұлттық болмыс бірлігі арқылы, ділдік-архетиптік түрде жалғасқан қоғамдық сананың тарихи жадысының тұтастығы арқылы, мәдени-әлеуметтік түрде ізденістер арқылы табылған руханияттар бойынша ата-бабамыздың діни философиясындағы адам мәселесі туралы толғаныстары қазіргі таңдағы осы мәселеге қатысты қазақ руханиятынан ерікті-еріксіз түрде көрініс тауып, жаңғырып отырады. Сондықтан да, біздің осы тарихи шолуларымыз, бір қырынан алғанда, қазіргі кездегі еліміздегі діни-психологиялық климат келбетін барынша толықтай саралауымызға мүмкіндіктер ашу үшін жасалды

  1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ең үлкен бөлмелері тізбектеп беріңіз, әр бөлменің атқарған қызметін көрсетіңіз

Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде үлкен сегіз бөлмесі әр түрлі қызмет атқаратын бөлмелер жинақталған. Кесененің негізгі үш күмбезді бөлмелері қабырхана, Қазандық, Мешіт бөлмелері деп аталады. Мешіт бөлмесі төрт бұрышты (6,4х9,4 м), жарық түсетін он алты терезесі бар, күмбезді құрылыс. Мешіт бөлмесінің ішкі құрылымындағы михраб, мінбердің, сырты күмбезді болуы - ислам дінінің мешіт эстетикасының талабына сай келеді.
Мешіттің михрабы (Мекеге бағышталған мешіт ойығы) құбылаға қараған көгілдір реңде оюланған. Мозаикалар, өсімдік сипатындағы өрнектер түсіріліп, майоликалық тақтайшалармен әрленген. Мұнда Құран сүрелерінен көркемделе түсірілген жазулар сан алуан реңді өсімдік өрнектермен сабақтасып жатыр. Михрабтан сулс қолтаңбасымен, ақ боялармен түсірілген әріптердің, жалатылған алтынның сілемдерін көруге болады.
Үлкен және Кіші Ақсарай, кітапхана, құдықхана, асхана, қазандық бөлмелерінің әрқайсысының өзіндік атқаратын қызметі бар. XVI-XVIII ғасырларда, Түркістан қаласы қазақ хандарының орталығына айналған шақта, осы Ақсарай хан сарайы ретінде пайдаланылған. Кітапхана кесененің батыс бөлігінен орын алған. Асхана батыс бөлікте, құдыққана шығыс тұсында орналасқан. Кесененің қас беті оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысқа қаратып салынған. Келген адам орталық Қазандық бөлмесіне көркем есік арқылы кіреді. Қазандық - кесенедегі ең үлкен бөлме. Қазандық бөлмесінен ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Ясауидің жатқан жері қабырхана бөлмесіне кіреді. Кесененің оңтүстік-батыс тұсында кіші мешіт бөлмесі орналасқан. Оңтүстік- шығыс тұсында асхана бар. Мұнда бұрынғы замандарда дүйсенбі мен жұма күндері кедей-кепшік пен дәруіштерге тегін үлестірілетін тағам — халім асы әзірленді. Кесененің қас бетінде бұрынғы құрылыстан қалған ағаштар қазіргі кезге дейін сақталған

  1. Рухани кемелденудің мән маңызын талдап көрсетіңіз

Яcсауи ілімінде қонақжайлық дәстүрі адамды рухани кемелдікке бастайтын ерекше дәстүр саналады. Ясауи ілімін таратушылар барған жерлерінде «суфра тұту», яғни «дастарқан жаю» дәстүрін ұстанған. Көпшілікке, келімді-кетімді жолаушыларға арнап жайылған дастарқан басындағы сұхбатқа рухани ілім иесі – Қызыр келіп қатысады деп саналған. Қазақ халқының «Қонақ келсе, Қыдыр келеді», «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген мақалдары осы дәстүрден туындаған. Осындай қағидалар арқылы Ясауи ілімі халықтың болмысына сіңіп, қазақ дүниетанымының, ұлт менталитетінің негізіне айналды. Дұрысы, Ясауи өз ілімі арқылы тарих тереңінен бастау алатын ұлт құндылықтарын ислами сүзгіден өткізіп берді. Біз Ясcауи ілімін ұлтымыздың рухани тарихының тағылымды тәжірибесі ретінде қабылдауға тиіспіз. Қазақ халқы ислам діні аясында ұлт болып қалып тасса, қазақы исламның бітім-болмысы, қазақ мұсылмандығы Ясауи ілімі арқылы қалыптасты. Ар тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды. Ол өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді. «Жаным – арымның садағасы», «Жарлы болсаң да арлы бол» деген қазақ халқы да осы ілімді жан-жүрегімен қабылдаған.Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарының бірі – толеранттылық. «Бөгде дін өкіліне де азар бермеу – Пайғамбар сүннеті» («Сүннет ерміш кафир олса берма азар») деп жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат еткен. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай сөздері де осы ақи қатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеу ге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді. Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. Халқымыз бұл қағиданы: «Еңкейгенге еңкей – атаңнан қалған құл емес, шалқайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес» деген ұстаныммен түйіндеген.Ясауи ілімі ағартушылыққа, ғылым-білімге шақырады. Ясауи: «Адамды ақи қатқа жеткізетін бірден-бір жол – ғылым жолы» деп жазған. Ясауи ең бектерінде ғылымға ұмтылу, надандық тан қашу мәселелері жиі көтеріледі, шынайы ғалымдар ерекше құрметте ле ді. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Ақыл – азбайтын тон, білім – таусылмайтын кен», «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп мақалдаған ұлтымыздың ұстанымдары да осы қағидалардан қиыс кетпейді. Қожа Ахмет Ясcауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық, бауырмалдық сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынастарға негізделген рулық-тайпалық құрылымымен етене таныс болған. Ясауи ілімінің осындай ерекшеліктері жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ қауымындағы әйелдер мен қыздарды хиджаб пен пәренжі киюден қорғауға бір себеп болды.Яcсауи ілімінде қонақжайлық дәстүрі адамды рухани кемелдікке бастайтын ерекше дәстүр саналады. Ясауи ілімін таратушылар барған жерлерінде «суфра тұту», яғни «дастарқан жаю» дәстүрін ұстанған. Көпшілікке, келімді-кетімді жолаушыларға арнап жайылған дастарқан басындағы сұхбатқа рухани ілім иесі – Қызыр келіп қатысады деп саналған. Қазақ халқының «Қонақ келсе, Қыдыр келеді», «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген мақалдары осы дәстүрден туындаған. Тариқаттың 6 ерекше касиеті (мустаһаб): қонақжайлылык; жағдайына қарай қонақ күту; конақтың коп қонуын ырыс деп білу;қонақтың көп болуына көңіл бөлу;қонақтың тілегін орындау;Осындай қағидалар арқылы Ясауи ілімі халықтың болмысына сіңіп, қазақ дүниетанымының, ұлт менталитетінің негізіне айналды. Дұрысы, Ясауи өз ілімі арқылы тарих тереңінен бастау алатын ұлт құндылықтарын ислами сүзгіден өткізіп берді. Біз Ясcауи ілімін ұлтымыздың рухани тарихының тағылымды тәжірибесі ретінде қабылдауға тиіспіз. Қазақ халқы ислам діні аясында ұлт болып қалыптасса, қазақы исламның бітім-болмысы, қазақ мұсылмандығы Ясауи ілімі арқылы қалыптасты.

  1. Қожа Ахмет Ясауи және Абай, Юнус Эмре шығармаларындағы рухани сабақтастықты талдап шешіңіз

  1. Ясауидің кемел адам концепциясының бүгінгі күн өзектілігі тұрғысынан мәнін талдап шешіңіз

  1. Қазақ және жалпы түрік халықтары мәдени қабатындағы Ясауи ілімінің орны мен маңызын табыңыз

  1. Ясауи іліміндегі рухани еркіндікке салыстырмалы талдау жасап, мәнін табыңыз

  1. Ясауи іліміндегі өзін өзі тану ұғымының мәнін ашыңыз

Сопылық - исламдағы мистикалық-аскетикалық ағым. Сопылық сөз араб тіліндегі "суф" сөзінен шыққан. Сопылар бастапқыда өзін-өзі тану мен тәубеге келудің белгісі ретінде дөрекі жүннен киім киген мұсылман мистикаларын атады. Сопылықтың негізгі компоненттері аскетизм, аскетизм және мистицизм болып саналады. «Ариф ғашық тариқаттың дүр данасы» деген Ясауи ақиқатқа ішкі тәжірибе, өзін-өзі тану, діл тереңіне үңілу арқылы жетуге үндейді. Қ.А. Ясауи қылуетке түсуінің мәнісін халқымыз – Пайғамбарға деген махаббаттың және сүннетке адалдықтың үлгісі ретінде аңызға қосқан.



  1. Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі риядат-нәпсімен күрестің мазмұнын негіздеп мәнін табыңыз

Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Яссауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді.
Сопылардың түсіндіруі бойынша жамандыққа баруға бұйырушы нәпсі “әммаре нәпсі (әмір етуші нәпсі)” деп аталады, бұл нәпсі дәрежелерінің ең төменгі сатысындағы - дүниеге құмартқан нәпсі. Нәпсі әммареде менменшілдік, құмарлық, надандық, зұлымдық, шәһуетке тұтқындық сияқты жамандықтарға бейім сипаттар кездеседі. Бұл нәпсіні иеленген адамды “азғын адам” деп айтуға болады. Міне, сопылық жол аталған нәпсімен күресуді ұсынады. Азғындаған бұл нәпсімен күресуді “үлкен күрес” деп атайды. Адамның “ләууаме нәпсі” деп аталатын екінші дәрежеге жоғарылаған нәпсісі істеген жамандықтарының жаман екендігін біледі. Осыған байланысты ол өзін қинайды, жамандықтарды істегісі келмейді, бірақ, сәті түскенде жамандық істерге бас ұрады. Бұл нәпсіде біршама жақсы сипаттар да кездеседі. Ләууаме нәпсіде сүйіспеншілік ұшқыны байқалып, хазіреті Пайғамбардан өнеге ала бастайды. Бірақ жамандыққа бармауға тырысқанмен, әммаре нәпсінің кейбір сипаттары кездеседі.
Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен…” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фани…” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Йассауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең.

  1. Қожа Ахмет Яссауи ілімінің тарихи маңызын көрсетіңіз

Қ.А.Ясауи iлiмiнiң тарихи маңызы.
Бүгiнде Ясауи ілімінің мәнін, маңызын, ерекшелігін айқындау
тарихымыздың өткені мен бүгiнi арасындағы рухани арналар сабақтастығын
калпына келтіруге ықпал етеді.
Бiрiншiден, Ясауи дуниетанымы iшкi еркiндiкке жетелейтiн ар түзейтін
iлiм. Ал бүгінгі ашық және демократиялык коғам құру жолындағы Қазақстан өз тәуелсiздiгi мен еркiндiгiн баянды ету
ушiн ең алдымен еркін ойлайтын адамдарға мұқтаж.
Екіншіден, Ясауи ілімінің қалыптасу кезеңi мен өмір сүрген уақыты туркі
көрсеткен жолы мен әдiсi тұрғысынан Ясауи мұрасын зерттеу бүгiнгi на
халықтары үшін тарихи өтпелі кезең болуымен құнды. Сондай өтпелі кезеңде сипаттағы құныдылкатр қоғамын құрып жатқан Қазақстанның (мұрасын зерттеу) болашаққа нык кадам басуы ушiн мәдени тарихи, дүниетанымдық және рухани әлеуметтік тұғырларын анықтауда да маңызды болып отыр. Үшіншіден, Ясауи iлiмi - қоғамдық-әлеуметтік ынтымақпен бірлікке ұйытқы болатын даналықтың кенi, яғни онын iлiмi адамдар арасындағы өзара тең
сұхбаттың, бауырластыктын, махаббаттың, діни-рухани ұстанымдарын камтитын біртұтас тұжырымдамалар жүйесі болып табылады.
Төртіншіден, Ясауи iлiмi - когамдык - практикалық маңызы тұрғысынан бүгiнгi
ғылым мен технология, акпарат дәуiрiнде отырып, өзiнiң iшкi әлемiнен хабарсыз калган, ар мен имандылықты ойлауға қабiлетсiз, жаппай нәпсіқұмарлык жайлаған қоғамның әлеуметтiк iндетiнiң емi екендігі даусыз Көне түркілерде мек тәңiрлiк дiнге сенгендiгiне және осы дiннiң бiзге жетпеген қәсиетті кітабының да болғандығына байланысты айтылып жүрген шындыктын әлі де зерттеулер мен iздеулер ерiс алғанда ашыла түсетіндігі мәлім.
11 ғасырда түріктердің арасында мұсылмандармен қатар басқа несторияндык
иудаизм, манихизм т.б.дiндер де бар еді. Ахмет Ясауидің мектебiнен тәлім-тәрбие алғандардың бiрiншi мiндеті әлі ислам дiнiн кабылдаган туркi халықтармен көршi халықтарға мұсылман дiнiн
жаю. Ясауи ілімінің ауқымды белiгi шәкірттері арқылы тараған.
13 ғасырдың басынан бастап Шыңғыс ханның басқаруымен құрылған
мемлекеттерде Ясауи шәкірттерi улкен iстер атқарған. Жошының Берке Алтын
Орданың ханы болып тұрған кезде оны Ясауидің шәкірті Сары Салтук мұсылман кылады.
Орданың ханы болып тұрган кезде оны сауидің шекiрт сары салтуусылман кылады. Бүгінгі Өзбек халкына өз атын берген Жошының немересі Өзбек халқына өз атын берген Жошының немересі Өзбек ханға ислам дінін үйреткен Баба түкті Иасауидің шәкірті болып табылады. Сондықтан түркі халықтарының мұсылмандығында сопылык дуниетанымның салмағы басым. Бiз бугiн түрiк халыктары арасында ортак діни түсiнiктiн қалыптасуында Орта Азиядағы турiк тайпалары арасында Х ғасырдың II жартысынан бастап ислам дiнi кеңiнен тарала бастады. Ал ХІІ ғасырда Ахмет Ясауидің иршадымен ислам дінінің таралу жергiлiктi ерекшелiктi қамти жана арнаға түсті. Турiк масаввуфы тарихында

түрік сопылығының негізін салушы Ахмет Ясауи исламнан бұрынғы буддизм, шаманизм, манихизм мәдениетiн бiлетiн түрік тайпаларына ислам дiнiн сопылык жол арқылы қабылдауға болатынын көрсетті. Сол арқылы турiк тайпалары арасында мұсылман түрiк мәдениетінің негізін қалады. Ол түрік халқына акылды, бiлiмдi және логиканы колдана отырып туралыкка, әділетке барудың жолын көрсетті.


Ахмет Ясауи мен Ясауи мәдениеті қаншама ғасырлар өткеніне қарамастан заман өткен сайын дами түсті. Ясауи діннің даму ерiсiн кеңейтті, тіпті
дiннiң фолькларын калыптастырды.
Сондай-ак Ахмет Ясауидің отаны әрi сүйегi жатқан ұлы Түркістан каласында 1991 ж Қазақстан Республикасы мен Туркия Республикасы арасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетiнiң ашылуы,
оның түрiк дуниесiндегi қаншалықты орны бар екенін көрсетеді. Түрік дүниесінде тiптi басқа халықтардағы масаввуф иелерінің көңіліне ұялаған Ахмет Ясауи 70 жылдық кеңестік комунист жүйесiнiң езгісіне карамастан халықтық санасынан ешпеді. Оның есiмi еркiндiкке қол жеткізген казак, өзбек, кыргыз, түркімен және анадолы турiктерiмен бүкіл түрiк дүниесінің мұсылмандығында қайта жаңғыруда.
Оның шүкір, сабыр әмірлерді тыңдау сыр сактау риязет жалғандықтан ұзақ болу, улкендерге қызмет көрсету, әдiлет туралыкты калау, менмендіктен аулак болу адамға кешiрiмдi болу, жүктелген міндетті орындау, мұқтаждарға жәрдемдесу сиякты адамдық құндылықтарды ғасырлар бойы турiк улты ұстады. Ясауи ілімі - қарама-қарсы болмыс пен табиғаттыларды ажыратушы емес, уйлестiрiп, бiрiктiрушiмен. Оның iлiмi әр қоғамның, әр адамнан, әр ұлттың рухани санасы, мәдениеті, тілімен дiлдiң деңгейінен астасып жататын iлiм)
Біріншіден, Ясауи дуниетаным кешегі батысты ғылыми философиянын категориялык апаратына сыя бермейді. Оның казак философиясы тарихындағы
орнын, езiндiк дуниетанымдык - көзқарастар мәнiн сопылык категориялар, ұстанымдар мен ұғымдар арқылы ғана аша аламыз.
Екiншiден, Ясауи дуниетанымын ислам философиясы мен өркениетiнiң ажырамас бөлігі ретінде қарастыру арқылы түсiнуге болады.
Ушiншiден сопылык дуниетаным толығымен адамның моральдық, психологиялык
қырын ашуға бағытталған iлiм.
Төртіншіден, Ясауи iлiмiне өз дүниетаным болмысының тұрғысынан қарауға
мән беруiмiз керек. Жалпы түркі дүниесiне өзiндiк ұлттық ғылыми тұғыр және
әдістемелік ұстаным негiздерiн
айқындау керек-ақ. Ғылым жасауда езiндiк улгiлердi батыл қолданып, дiлдiк
болмысты нақтылай білу қажет. Бұл салада баска, атап айтканда, Батыстык
калыптар мен ғылыми-әдістемелік улгiлердi негiзгi алсак немесе елiктесек
бүгiнгi мәселемiз сол күйi калып калды. Бұл - тоқыраудың нышаны. Ғылыми

таным мәселеде өз алдына талқылауды, сараптауды және ұлттық ділдік


ерекшеліктерді нақтылау тұрғысынан қайта қарауды талап етеді. Кеңістікте Ясауи iлiмi исламның мәні ретінде қабылданды.

  1. Қожа Ахмет Яссауи ілімінің бүгін күнгі маңызын көрсетіңіз

Кез келген мәдениеттегі қоғамдық өзгерістер саяси күш арқылы емес, сол қоғамдық дүние­таным ұстындары мен категорияларының жаңа мазмұндық сипатқа ие болуы арқылы жүзеге асатын құбылыс. Бұл философиялық, дүниета­нымдық концептуалдық қағида. Тарихымызда көшпелі рулық, тайпалық одақ­тарды біріктіріп тұрған қандық-генетикалық бай­ланыстың ыдырап, орнына «діни-идеялық-үммет­тік мұсылмандық» байланыстың орнауын­да Ясауи ілімінің тікелей ықпалы болды. Ясауи ілімі трансформациялық-трансляциялық тәсілдер арқылы өз болмысын көрсететін дәстүрлі түр­кілік дүниетанымның аксиологиялық-мазмұндық түлеуіне алып келді. Бұл процесс ислам дінінің дәстүрлі түркілік дүниетанымдық кеңістігіне тарауы, сол мәдениет негізінде қалыптасқан мифологиясына, аңыз-әңгімелері желісіне, жыр дастандарына, қандық-туыстық шежірелеріне, жалпы мәдени құндылықтары негізінде жаңа рух, жаңа кеңістік бере білуімен қоса қабат жүріп жатты. Бұл түркілік дүниетанымдық құндылықтар мен тұғырлардың мазмұндық жағынан түлеуіне әкеліп соқты. Бұл рухани түлеу, санадағы жаң­ғыру құбылысы көшпелілердің табиғатқа, қо­ғамға, әлемге, адамға деген көзқарасының көкжиегін кеңітті. Бұл “көзқарас көкжиегі” түркілер үшін Ясауи ілімімен сомдалып, өзіндік ойлаудың жаңа теориялық-практикалық, этико-психоло­гия­лық саяси-эконо­микалық, қоғамдық-әлеуметтік құн­дылықтар жүйе­сінің қалыпта­суына ықпал етті. Сондықтан бүгінгі қазақ болмысының мәнін­дегі мазмұн исламдық өркениеттік тұғыр Ясауи ілімі арқылы трансформацияланған деуге ғылы­ми тұрғыдан толық негіз бар. Ясауи мәдениеті ислам дінінің ішкі (батини) мәні, рухани психотехникалық этикалық кемел­денудің өзіндік әдістемелік қағидасы мен ережелері қалыптасқан дәстүрлі түркі сопылық ілімнің қазақ түсінігіндегі, діни танымындағы көрінісі. Осы мәдениет кешегі жетпіс жылдық қызыл импе­рияның темір құрсаулы қыспағынан құты­лып, ғылыми атеизмнің көздеген «синтезі» мен көрі­гінен ерімей аман сақталды. Қазақ өз болмы­сынан алыстамай, ұлттығы мен дәстүрлі тарихи сабақ­тастығынан қол үзіп қалмайынша Ясауи мұрасы мен мәдениеті тіршілігін жалғастыра береді. Кешегі коммунистік режим тарихтағы калам мен суфизмнің «улама мен суфилердің» қақты­ғыстары мен түсініспеушіліктерін зерделеп, өте нәзік ұсталықпен өз мүдделеріне пайдалана білді. Жалпы ориенталистика шығысты аңдып, сырттай бақылап өте арзан әрі оңай олжа қылып келген. Бұл мәселе тарихтан белгілі. Мұндай әрекет бүгін де басқа формада жалғасын табуда. Сондықтан егер біз өткенімізден тағылым, тарихтан сабақ алуды үйренгендей болсақ, онда «Сіз, біз деген халайықтан қаштым мен» деп ескертіп кеткен Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың аманат-өсиетін жадымызда сақтап, кеңпейілділікпен, төзімділікпен өзіміздің біртұтас қазақы мәде­ниетімізді зерделеуде, зерттеуде өте мұқият әрі сергек болуды сезінгеніміз абзал. Қазіргі таңда қоғамымызда аруақ, әулие, сопы­лық зікір арқылы қалыптасқан қазақ мұсыл­­мандығын исламға жат дүниетанымдағы жеке ағым ретінде көрсету белең алып барады. Қазақтың дәстүрлі діни түсінігін сынап, оның негізгі ұстанымдары мен идеяларын жоққа шығару әрекеті Құран мен хадис шеңберінде жүріп жатыр. Яғни, діни танымдағы әрбір ұғым, категория, символдар мен тұғырлардың Құранда орын алған-алмағандығы негізгі өлшемге айналды. Бұл жерде тек салафилер ғана емес, исламдағы барлық ағымдар өздерінің негізгі өлшемі ретінде Құранды таниды. Қазақ мұсылмандық түсінігінің негізінде ілім жатыр. Сонымен «Менің хикметтерім Құран мәні» – деген Ясауи ілімі, мәдениеті тарихи санада жатыр. Қазақ мұсылмандығы да Ясауи мәдениеті арқылы Құранға негізделген. Өкінішке орай, бүгін оны мақсатты түрде басқаша түсіндіріп, танытуға тырысушылық тенденциясы жоқ емес. Бұған қоғамдағы дін мәселесі, діни таным мен ғылыми таным ара­сындағы үйлесімділік пен тепе-теңдіктің бол­мауы себеп болса, екінші жақтағы, яғни бүгінгі қазақ мұсылман өкілдерінің өздерін қоғамға тиісті дәрежеде түсіндіре алмауы және олардың Ясауи мәдениетін жетік меңгермеуі де осы құ­былыстың басты компоненті дер едік. Бұқа­ралық ақпарат құралдарының дін мен саясат арақатынасына немқұрайлы қарауы және дінді жекелеген топтардың құралына айналдыруы да негізгі фактор. Әлемдік жаҺандық құбылыспен бірге келе жатқан исламофобия, террорлық әрекеттің дінге, исламға негізделуіне көзжұму­шылық, түсіне алмаушылық сияқты психоло­гиялық кедергілердің барлығы жалпы алғанда діни танымға тіреліп отыр. Сопылыққа, әулие түсінігіне қарсы шығу деген Ясауиға, бүкіл тарихымызға, мәдениетімізге, сайып келгенде, қазақ халқының тарихына қарсы шығу болып табылады. Өйткені, Ясауиден бастап Асан Қайғы, МәшҺүр Жүсіпке дейінгі қазақ даналары сопылық мәдениет негізінде ой толғады. Бұл – қазақтың дәстүрлі мұсылмандық түсінігінің айнасы – сопылық философия деген сөз. Бүгін салафилік бағыттағы, яғни дәстүрлі ханафи мазхабын мойындамайтын жаһандық сая­саттың құралына айналған миссионерлер қазақ мұсылмандық түсінігіне, оның ғасырлар бойы жи­нақ­талған, болмысқа айналған түсінік таны­мын жоққа шығарып бағуда. Бұл дегеніңіз, зардабы кешегі коммунистік идеология жүргізген ұлтсыз­дандыру саясатынан да асып түсетін қасірет. Бұлар қазақты бүгін ғана мұсылман­дықты қабылдаған ел сияқты көрсетіп, өздерін таза ислам атынан, кей жерлерде Алланың атынан сөй­леп, халықты қалыпты діни сенімі мен таны­мынан бездіруге жұмыс жасауда. Демек, олар қазақтың сан ғасырлық тарихы мен діни тәжі­рибесін жоққа шығаруды мақсат еткен. Бұл нағыз революциялық тенденция. Ал исламның рухында революция емес, эволюция ғана бар екендігін салафилер сезінбейді. Тек өздерінің танымын ғана тықпалай береді. Еркін сұхбатқа емес, психоло­гиялық қысымға негізделген рухани экспанция­сын жүргізіп отыр. Олардың ойынша, қазақтың мұсылмандық түсінігі пұтқа табынушылық екен. Демек өздерін жоғары санап, біздің таным түсінігімізге менсінбеушілік пен сыйламаушылықтарын ашық айтуға батылы жетіп жүр. Бірінші сын, ғибадаттың формасы мен мәніне байланысты, яғни ғибадаттың формасын анық­тай­­тын да, ғибадат етілетін де тек бір Алла ғана. Бұған дау жоқ.Рас, ислам негізі бойынша адамзат баласы Алланы ұлықтау, оған табыну үшін жаратылды. Әр дінде Аллаға табыну фор­масы әр түрлі. Исламда табыну формасын уақы­тын ритуалдық негіз ретінде анықтаған Мұхаммед пайғамбар болатын. Қазақтар бұл ғибадат феномені шеңберінің сыртына шыққан емес. Ғибадаттың формасы мен уақытын сол күйінде қабылдайды, шариғатты негізге алады. “Алладан басқа табынар ештеңе жоқ” (Ла мағбуда илла Алла) деп зікір салды. Ғибадаттың мәні мен маңызын, мақсаты мен негізгі идеясын терең түсінеді. Олардың рухани жаттығулары ғибадатқа барар жолдағы рухты әр түрлі кедергілер мен алаңдаушылықтан арылтудың тәсілі ғана. Әрбір зікір, сама, жүректі шынайы ғибадат етуге дайындап, Алла мен адам арасындағы байланыс тірегін күшейтудің құралы, әдістемелік жүйесінің тұғырлары. Екінші сын, сопылық пайғамбардың сүннетіне, формасына, шариғатқа сәйкестігі немесе қайшы­лы­ғы: мысалы: зікір салу (Алла, Алла, ху, ху) өлең, ракс, сама, шаң, рубаб – бұларды күнә­Һарлық деп қарайды. Бұлар бидғат, яғни дінге кейіннен енген жаңашылдық. Енді Алланы еске алу, зікір, салу мәсе­лесіне келейік. Зікір салу Құранда бар. Хадисте бар. Зікір туралы аят көп: Құранның жеті аты­ның бірі – зікір. “... Азық­тың ең абзалы – зікір. Қажылықта да мені еске алың­дар”. “Аталары­ңыз­ды еске алғандай мені еске алыңдар”, “Қауіптен құтылға­ныңызда сізге білме­гендеріңізді үйрет­кен Алланы еске алыңдар”, Жер мен Көктің жаратылуы, күн мен түннің ауы­сып келуі туралы отырса да, жүрсе де, жатса да Алланы еске алғандар, көк пен жердің жараты­лы­сын терең ойлаған­дар. “Ей, Жаратушы­мыз, сен бұларды мән­сіз мақсатсыз жа­­рат­падың. Сен ұлы­­сың. Бізді тозақ­тың азабынан сақта деген көңіл иелері үшін айғақтар бар”. Демек зікір, Алланы еске алу Алланың бұйрығы. Шариғатта бар деген сөз. Ал енді ислам тарихында би, музыка харам деушілер болған. Бүгін олардың сындары мен міндері құнсызданған. Себебі, бүгін дін ғылым ретінде өткенге қарағанда әлдеқайда дамыды. Экзис­тенция философиясы, дін фено­мено­ло­гиясы мен психологиясы әр құбылыстың танымы, ұстаным мен мұратын анықтай алатын сатыға көтерілді. Әрине, діни таным табиғаты жағынан күрделі әрі уақыт пен кеңістік, дүниетанымдық мәдени көпқабаттылықты да өз ішінде қамтиды. Сон­дықтан ислам ешқашан музыканы жатсын­баған. Исламда музыка өмірдің өзі. Жаратылыс сол музыкадан басталған. Исламда, әлемде музы­каның теориялық және фило­софиялық теория­ларын қамтитын зерттеулерді Әбу Насыр әл-Фараби атамыз жасағаны белгілі, бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Ясауидің музыкалық тұжырымы тікелей әл-Фарабидің саз философиясына негізделген. Ракс – ритуалдық би, сама діни әуен тыңдау – Алланы еске алудың, рухани шабыт шақырудың әдістері ғана. Ал әдіс ешқашан мұрат болмаған. Суфи ұғымы пайғамбар дәуірі кезінде және одан бұрын да болған. Ал осы ұғымның ішкі мәнін толтырған ислам болды. Суфилік Құранмен көктеп, дамыды, тамырын Құраннан алды. Бұған талас болмау керек. Әрбір мәдениет бір жағынан өзінің қасиетті кітабымен тікелей байланысты. Батыс мәдениетінің негізінде Інжіл болғаны сияқты, ислам мәдениетінің негізінде Құран бар. Ислам философиясы, мәдениеті мен өркениетінің ең маңызды қыры болып табылатын сопылықтың негізгі іргетасы – Құран. Сопылықты тарихи процесс ішінде сараласақ, ішінара басқа мәдениет, дүниетанымдармен байланыста болған. Бірақ, сопылық жолындағылар үшін ең бастысы әрі маңыздысы Құран Кәрімнің бұйрығы, көрсеткен жолы мен ұсыныстары. Сондықтан Құран мұсыл­мандар үшін мәні мен маңызы, орны мен рөлі бірінші орында тұратын Алланың каламы, сөзі (логос). Сопылықтағы Құранның әсері де өзге ислам ғылымдары сияқты ең басты және ең маңызды фактор болып қала береді. Жалпы сопылыққа сын айтушы салафилер кешегі коммунистік идеологияның желісінде оның исламға үйлеспейтін қырлары көп дейді: Қазақ мұсылмандық түсінігінде Алла мәні жағынан бар жерде, ал салафилер бұл түсінікті Құранға сәйкес емес деп таниды. Бұл сынға Құран аяттарымен жауап берер болсақ: “Көкте де, жерде де – Тәңір – Алла”. 43/84. Бұдан басқа Алланың ал-Ахир, ал-Захир, ал-Аууал, ан-Батин және т.б. есімдері бар. Осыған қарап-ақ жоғарыдағы сын­ның негізсіз екендігін көруге болады. Қазақ мұсылмандық түсінігінде Алла бұл әлемді Мұхаммед үшін жаратты. Ал салафилер болса, бұл түсінікті де Құранға сәйкес келмейді деп таниды. Оған жауап ретінде айтарымыз, Алланың өзі Мұхаммедті адамзаттың тәжі десе, әлемді Алла адам үшін жаратса, адамзат үшін рахмет ретінде жіберілген Мұхаммед пайғамбар болса, бұл сөздің Құранның мәніне сәйкес келмейтін ештеңесі жоқ. Алла, бұл дүние де, о дүние де маған тән (ал-Лайл, 13). (Зариат, 56) – Мен жындарды, адамдарды маған құлшылық етсін деп жараттым. Салафилер қазақ мұсылмандық түсінігіндегі әулиелерге құрмет, молаларды қастерлеуі, өлікке ескерткіш орнатуы, тұмар тағу – олардың исламға әкелген бидғаттары деп қарайды. Ясауи ілімі ең үлкен ширк, яғни көпқұдайлық негіздегі исламға жат, таухидтен алыс діни таным деп таниды. Бұлар салафилер мен уаххабилердің өзгермейтін таны­мынан, қағидашыл ұстанымынан туындаған сындар. Ислам өмір философиясы, қоғамның әрбір мүшесінің ең ұлы кісілік, құндылық иесі болып қалыптасуына, адамды сүюге, әділет, адалдық, басқа дінге құрмет пен төзімділік түсінігін егетін дін деп түсінеміз. Сол үшін исламның тарихын, жүріп өткен жолын, өзіміздің осы жолдағы ата-бабаларымыздың ислам өркениетіне қосқан үлесін тану арқылы білу әрбір мұсылманның парызы. Біз, зерттеушілер ұлттық тәуелсіздігімізді баянды ету мақсатында қоғамдағы әрбір адамға жалпы адамдық құндылықтарды, исламның негіздерін уақыт пен кеңістік талабы шеңберінде түсінді­румен қатар, исламдағы зиянды ағымдардың негізгі стратегиясын, мүддесін қоғамдық пайда тұрғысынан ашып көрсетуіміз қажет. Уаххаби өкілдерінің алдарына қойған мақсат­тары, көзқарастары және қозғалыс-әрекеттері арқылы діни, қоғамдық және саяси мәнге ие ағым екендігін көруге болады. Олар тарихта доктри­налары мен мақсаттары тұрғысынан “Алланы бірлеушілер” (муаххиддун), пайғамбардың жолында­ғылар (салафиуун) немесе уаххабтың жолын­дағылар (уаххабиун) деген атпен белгілі. Бұл ағымның қалыптасуына сол дәуірдің қоғамдық, экономикалық, діни және саяси жағдайлары себеп болды. Ағымды негіздеген Мұхаммед Ибн Абдулуаххаб ХVІІІ ғасырдың орталарында орталық Арабстанда Нажд және ал-Хаса аймақтарында қозғалыс жетекшісі болды. Бұл ағым негізінен араб ұлтшылдығын, Осман империясынан азат болу идеясын ту етіп көтерді. Бұл аймақта ешқандай империяның ықпалы болмады. Жеке-жеке тайпалардан құралған арабтардың басын қосып, бір идеологияға біріктіру, ортақ мүдде, ұлттық мемлекет құруға негізделді. Уаххаби қоғамдағы құбылыстар мен діни, философиялық мәселелерді терең талдамайды, бір жақты тұжырым, үкім береді. Олар үшін Құран мен Суннадан кейін Ибн Таймийа мен Ибн Жаузийа еңбектері кодекс ретінде қабылданады. Бірақ, бұл ғалымдарды да дұрыс түсініп, меңгере алмағандары белгілі. Абдулуаххаб “дінді тазалау”, яғни пайғамбар заманына оралу мақсатымен өз ағымын, қозғалысын ұйымдастырды. Оның ойын­ша, тек бәдәуи арабтар емес, барлық мұсылмандар таза ислам доктринасынан алыстаған болып есептеледі. Таухид жүйесіне қауіп төнді. Таухидті дұрыс түсінбеуімізден, ұмытуымыздан саяси, эко­номикалық, этикалық бодандықтамыз деп ұйымдастырды. Олар үшін пайғамбардың, әулиелердің қабір­лерін зиярат ету, Аллаға жеткізуші құрал (тауассул) Аллаға серік қосу болып есептеледі (ширк). Олар өте қағидашыл. Мысалы, “бас ауруға анальгин ем” десеңіз, бұл сөз Аллаға серік қосу (ширк) болып есептеледі. “Ясауидей әулиенің құрметі үшін мына дұғамды қабыл қыл” десең, діннен безгенсің (мушриксің). Бұлар өз дінінен жат, алыс қалғандарды тез баурап алатын доктрина. Абдулуаххаб “Құран мен Сунна” басқа да негіздерді қабылдайтын мазхабтарды дінге жаңалық қосу деп (бидғатшылықпен) күста­налайды. Ал, өздерін түсінгісі келмегендерді надан (жахил), олардың сеніміне кірмегендерді “дінсіз” деп қарайды. Абдулуаххаб “біздің ханафи мазхабын кафирлердің мазхабы” деп қарайды. Олардың қас дұшпаны мұсылмандар. Өйткені, таухид ұстанымы христиан, йахудилерге сәйкес келмеді. Сонда да оларға мұсылманға қылған әрекет­терін қыла алмайды. Олардың иман мәселесі бойынша айтқан идея­лары, жолдары мұсылмандар арасында түрлі түсініспеушілікке апарып соғуда. Сонымен уаххабилер Қазақстанда ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан дәстүрлі ханафи мазхабына қарама-қайшы көзқарастағы ағым. Мысалы, біз өмірден өткендерге, рухына Құран бағыштаймыз, тариқат, қабірді зиярат ету, оларға белгітас орнату исламға жат деп уағыз айтушылар көбейді. Бұл қайшы­лықтар мен келеңсіз жайларға апарып соғуда. Музыка, театр, өнер, туылған күн тойлауды харам, күнә деп есептейді. Бұлар, уаххаби ағымын­дағылар үшін Аллаға серік қосу (ширк) және дінге жаңалық қосу (бидғат). Міне, осындай қазақ мұсылмандық түсінігінің негіздері жоққа шығарылып жатқанда, «шынды­ғында біздің ата-бабаларымыз қай ислам дініне сенген» деген психологиялық танымдық қобалжу туатындығы сөзсіз. Исламның иман, намаз, ораза, зекет және қажылық шарттарына тағы да басқа өзгеріс енгізуіне жол жоқ. Мысалы, бес уақыт намазды, алты уақытқа шығаруға немесе екі уақытқа түсіре алмайды. Егер осы негіздерге өзгеріс енгізілсе, ол, әрине, бидғат болады. Ал қазақтардың мұсыл­мандық түсінігінде ешқандай бидғат жоқ. Мысалы, Мұхаммед пайғамбардың туылған күні (мәулід), тәспі (тасбих), салауат (тахлил), Алланы еске алу (зикр), әсем үйлерде тұру, техника жетістіктерін пайдалану және т.б. уаххабилер болса, пай­ғамбар дә­уірінде болмаған нәрсенің бәрін жоққа шыға­рады. Оларды тұтас­тай бидғат деп қа­райды. Шын ислам ешқашан адамның ру­хани, материалдық дамуына, кемелденуіне қарсы шық­пай­ды. Адамның ашқан жаңалықтарына Алла сүйіспеншілік та­нытады. Құран мен Суннаға оның талап­тарына сай келетін нәрсенің бәрін ислам “ғұрып” дейді. Яғни, көркем, әдемі деген сөз. Бар­лық мұсыл­манның қабылдаған ісі Алла тарапынан да қабылданады (Хадис). Егер біз Пай­ғамбар дәуірінде бол­­­маған деп, Суннитке сай емес деп, бүгінгі ғылымдар мен ислам ғылым­дарынан тафсир, хадис, араб тілінен (сарф, наху) бас тарт­сақ, мектеп, медресе, университетке бармасақ, бұл таза исламның рухына абсолюттік тұрғыдан жат нәрсе. Ислам қатып қалған қағида емес. Ол адамды, әсіресе мумин-мұсылмандардың дамуы мен кемелденуіне бастайтын, қияметке дейін үкімі жүретін Алланың соңғы діні. Пайғамбарымыз алғашқыда қабірді зиярат етуге тыйым салған. Кейіннен пұтқа табынушылық тоқтаған соң, ислам мұсылман жүрегіне ұялаған соң, қабірді зиярат етуге рұқсат еткен. Пайғамбар: “Мен сіздерді қабірлерді зиярат етуден тоқтатып едім, енді қабірді зиярат ете беріңдер, өйткені онда сіздер үшін ғибрат бар” деген еді. Пайғамбар, Усман Ибн Мазун қайтыс болғанда оның қабірінің үстіне белгі тас әкеліп қойған. Себебін сұрағандарға “Осы жерден өткенімізде тасты көріп, Усманды еске алып, дұға қылып тұрамын”деген екен. Демек, дінімізде өлгендерге белгітас қою шариғатқа жат емес екен. Өлгендерге Құран бағыштау – барлық мұсылман әлемінде кең таралған. Ол өлілерді еске алу үшін жасалған шара, ғибраты, хикметі мол нәрсе. Құран оқу арқылы өлік шыққан үйге өзіңнің оның қайғысын бөліскеніңді білдіресің. Пайғамбар айтады: “Құран Кәрім оқылғанда, Алла Құран оқығанға да, оны тыңдағанға да сауап жазады. Сондықтан, егер оқушылар мәйітке Құран бағыштаса, Алла оқушыларға берген сауабын кемітпестен мәйітке де жазады”дейді. Сондықтан Құран тілауәты Алланың сөзінің сақталуы және ислам дінінің жандануының бір жолы деп қарау керек. Құранда “... Кейінгі келген әулет өкілдері өздерінен бұрын өтіп кеткен ата-бабаларына дұға оқып: Әй, Алла, Бізді кешір, иманда бізден бұрын өткен бауырларымыздың күнәларын кешір” (Хашр сүресі, – 10 аят) деп жазылған. Пайғамбардың өзі кейбір сүрелерді мәйітке оқудың артықшылығын айтқан. Мысалы, “Ясин сүресін оқысаңыз, мәйіттің азабы жеңілдейді” (Имам Ахмад Муснади). “Адам баласы қайтыс болса, оның істеген сауап амалдары тоқтайды, бірақ үш нәрсе тоқ­тамайды. Садақа-и жария (жақсы іс), перзентінің оған жасаған дұғасы және пайдалы ілімі”. Уаххаби­лердің атақты сүйенген ғұламасы Ибн Жаузийа: “өзінің “Китаб-ур-рух” атты еңбегінде алдыңғы үш ғасырдағы ислам ғұламаларының жерлеу рәсіміне кейін Құран оқуды өсиет еткен” дейді. Уахабилер өз көзқарастары бойынша Ибн Ханбал, Ибн Таймийа, ал-Жаузийа доктрина­ларына сүйенгенмен, өлген адамдар өзі, мәйітке, Құран тілауатының сауабы немесе оларға жасаған қызметінің сауабы жетпейді дегендерге қарсы шыққан. Тауассул пайғамбардың өзі “Әй, Алла, Сенен, тек Сенен ғана сұраушылар үшін сұраймын” деген еді. Пайғамбар бір бейшараға: “Әй, Алла, Сенен Сенің пайғамбарың арқылы сұраймын. Әй, Мұхаммед, Сіз арқылы Аллаға жалбарынамын. Әй, Алла, пайғамбардың хаққы, үшін мінажатым­ды қабыл ете гөр” деп дұға жаса дейді. Қысқаша түйіндеп айтсақ, салафилер исламды тарату мен халифат орнатудың негізгі жолы жиһад, яғни дінді күшпен енгізу деп санайды. Бұл Құран ұстанымына түбірімен қайшы келеді. Олардың пікірінше, Қазақстанның билік тобы әбден сыбайластыққа батқан, «мұсылман» атына сай емес. Сондықтан салафилер бүгінгі конститу­циялық құрылымды халифатпен алмастырып, шариғат заңдарын ұстануға, мемлекет басына «халифа, әмір» сайлауға үндеп жүр. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің баяндылығы мен қауіпсіздігіне төнген қатер. Қазақ мұсылмандық түсінігі мен әдет ғұрпына ашық түрде ревизия жасаумен айналысып жатыр. Уаххаби діндарлардың пікірінше, славян халық­тарын айтпағанда, қазақ, өзбек, ұйғыр, қырғыз, т.б. халықтардың барлық дәстүрі ислам догмаларына қайшы, сондықтан тез арада жойылуы тиіс. Салафилер «өз еліңнің патриоты болма, Ислам дінінің патриоты бол» деген идеяны насихаттайды. Бұл әрбір уаххабидің салафилік идеяны тарату үшін ұлт пен мемлекет мүддесін оңай сатып жіберетінін көрсетеді. Сен егер ұлттық мүдде туралы айтсаң, мининационалист болып қоғамнан аластатыла­сың. Ал Құранда адамдарды өзара бір-бірінен үйрену үшін қауым ұлт ретінде жараттық деген аят бар. Исламның негізі – жиһад деп түсіндіріп, кәпірлерге қарсы қарулы соғысқа үндейді. Уаххабилердің түсінігіндегі «кәпір» ұғымына қазіргі Қазақстан халқының 90%-ы кіреді. Уаххабилік ағымның ерекшелігі – сенім мәселесінде фанатизмге бой алдырса, өзінен басқа түсініктегі мұсылмандарға экстремистік өшпенділікпен жауап береді. Мұнда олардың ұстанымында Құран психологиясынан, рухынан атымен жұрдай. Салафилердің ұраны, идеологиялық негізі – «Лә илаһа ил-Аллаһ, Мухаммадун расул-Аллаһ» кәлимасын өзінше бұрмалап түсіндіруде жатыр. Мысалы, уаххабилер осы кәлиманың алғашқы бөлігін «Алладан басқа бас июге лайық нәрсе жоқ» деп түсіндіреді. «Бас ию» ұғымының ая­сына бағыну, сену, қорқу, құлшылық қылу, жалбарыну, ұмтылу, көмек, қорғаныш сұрау, т.б. кіреді. Осылайша, адам Алладан басқаға бағын­са, сенсе, қорықса, ұмтылса, жәрдем сұраса, т.б. діннен безген «кәпірге» айналады. Мысалы, егер бір адам Құдайдың құлы ретінде Алла заңына (шариғатқа) емес, конституцияға бағынса, ол адам бір Құдайға сену формуласын бұзғаны үшін «көп Құдайға табынушы» (арабша – мүшрік, кәпірдің бір түрі) атанады. Уаххабилік «ілімді» ұстанушылардың пікірінше, ажалды пенделер ойлап тапқан конституцияға бағыну арқылы ол адам конституцияны Құдай заңына теңгеріп, оны жазған адамдарды Құдайға санағанмен бірдей күнә жасайды. Бұл күнә «Құдайға серік қосу» немесе араб тілінде «ширк» деп аталып, оны жасаған адамды өлтіруге де болады деген пәтуа шығарады. Бұл дегеніңіз, құдай бетін аулақ қылсын, ертең олар Қазақстанда бүлік шығаруға негіз болатын идеологиялық кеңістік жасап жатыр. Олар көршілерін осы пәтуа арқылы тонап кете беретін болады. Жалпы кеңестік режим кезінде тұқымы себілген вахабилік тенденцияны бүгінгі жекелеген көрші мемлекеттердің саясаты қолдайды. Өткен ғасырда КСРО құлаған соң посткеңестік ел­дердің ішкі тыныштығын бұзу үшін ұйым­дастырылған «уаххабилік «ілім» Орта Азия елдері мен Кавказ аймағына кіргізілді. Соның нәтижесінде бұл діни-саяси доктрина Чешенстан мен Өзбек­стандағы, Қырғызстан мен Тәжікстандағы талай қарулы қақтығыстар мен жанжалдардың шы­ғуына басты себеп болды. Егер алдын алмасақ, бұл құбылыстан Қазақ елі де тыс қалмауы мүмкін. Оған бүгінгі діни ахуалға сараптама жасағанда көз жеткізіп отырмыз. Сонымен қорыта келе, вахабилік салафилік тенденция бүгінгі қазақ мұсылмандық түсіні­гінің тарихи қалыптасу ерекшеліктерін мойын­дамайтын, теологиялық тұрғыдан Ашари жо­лын­дағы, оның ішінде нақыл мектебінің өкіл­дері. Ал фиқхтық тұрғыдан ханафи жолына емес, «ахл хадис» мектебінің ерекшеліктерін көр­сететін революциялық жолдағы ағым. Исламның негізгі рухына сай емес ұста­нымдармен сомдалған­дарын өздері сезінбейтін топ. Демек, ақылдан көрі сезімге берілетін ойлауға емес, еліктеушілікке ұмтылатын нағыз фундаменталистік бағыт­тағы, исламофобия құбылысына қызмет ететін жалданды топтар. Бұларды дер кезінде мемлекеттік деңгейде бақылап, тиісті шешімдер арқылы тізгіндемесек, ертең қазақ болмысынан айрылып, дін екен деп араб мәдениетінің сойылын соғып кетуі ғажап емес. Ясауи дүниетанымының негізінде сопылық жатыр дедік. Сопылық ешқашан исламға сырттай оппозициялық сипатта болған емес! Сопылық исламның мазмұны, мәні. Ал форма мен мазмұн біртұтас нәрсе. Сопылық исламның, мұсыл­мандардың ең қиын-қыстау кезінде қорғаушысы бола білген. Мысалы, тарихта моңғол шабуы­лына қарсы, кубраийа, крестшілерге қарсы шазилия, ақ патшаның отарлауына қарсы Ясауиа, нақшбандиа, қалмақтарға қарсы нақшбандиа, Африкада француз империалистеріне сенусийа, тижанийа, ағылшындарға қарсы сухрауардийа тариқаттары үздіксіз соғыс жүр­гізді. Көрдіңіз бе, сыртқы дұшпандарға қарсы азаттық соғысын жүргізу мұсылман әлемінде тариқаттар арқылы мүмкін болған еді. Бұл соғыстар сол дәуірлерде өз мәдениетін, еркіндігін, азаттығын, Отанын қорғау үшін жүргізілді. Сонда сопылық – исламға оппозиция ма? Жоқ әлде мұсылман­дардың рухани тірегі ме? Оны өзіңіз саралаңыз. Тарихтағы Ясауи жолы – дін іші тұтас­тыққа және діндер арасы татулық пен толе­рант­тылыққа шақырады. Бұл жолдың ұстын­дық негізі – шариғат, психотехникалық жүйесі – тариқат, танымдық негізі – мағрифат және ақиқаттан тұрады. «Шариғатсыз тариқатқа, мағрифатсыз ақиқатқа өтуге болмайды», – дейді Ясауи. Ясауидің төрт ұстанымы мен шарты, яғни «заман, мекен, ихуан, рабти сұлтан» қазақ мем­лекеттілігінің негізгі ұйыт­қысы болды. Ясауи жолы фикхтық жағынан Имам ағзам Әбу Ханифаның, ақаидтық (доктриналық) жағынан имам Матурудидің іліміне негізделген, түркі халықтары арасында кең тараған нағыз түркілік мәдениетпен сомдалған дәстүрлі мұсылмандық түсінігі­міздің айнасы. Ясауи ілімі – Қазақ­стандағы дінішілік қана емес, дінаралық татулық пен толеранттылықтың темірқазығы.



  1. Мұхаммед пайғамбар өнегелі өмірінің Ясауи іліміндегі орны мен маңызын көрсетіңіз

  1. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Құран мен сүннеттің алатын орнын табыңыз

Диуани хикмет шығармасындағы 147-ші хикметтің алғашқы шумағы мынадай:


Қоштамайды-ау ғалымдар сіздің айтқан Түркіні
Арифтардан есітсең ашар көңіл мүлкіні
Аят, хадис мағынасы Түркіше болса қолайлы
Мағынасына жеткендер жерге қояр бөрігін
Міскін, әлсіз Қожа Ахмет, жеті атаңа рахмет
Парсы тілін біледі, көп айтады түрігін
Жоғарыдағы шумақтан кейбір маңызды мәселелерді азды-көпті пайымдауға, әсіресе Ахмет Ясауидің Құранды қалай түсінгенін байқауға болады. Оның пікірінше, Құран – барша мұсылмандардың білуге тиісті кітабы. Ол тек қана ғұламалар үшін арналмаған. Құранды білу жеткіліксіз, ол діни ғұмыр мен мінез-құлыққа сәйкес келу керек (39, 941-2, Мінажатнама 14-ші шумақ). Онсыз да Яссауидің хикметтерінде терең тәпсірге орын берілмеген. Төменде де көрінетіндей, ол таңдап алған аяттарды ғана түсіндіретін тақырыптармен байланыстырған. Яссауидің осындай Құран түсінігі оның діни түсінігіне алып келеді. Оның пайымынша, діннің Яссауидің осындай Құран түсінігі оның діни түсінігіне алып келеді. Оның пайымынша, діннің негізінде кітап бар. Кітап мүміндердің барлығына ортақ дүние. Мүміндер дінді Құраннан және оны жеткізуші әрі көрсетуші Хазіреті Мұхаммедтен үйренуге тиіс. Яссауи алғашқы хикметінде- ақ Аят пен хадисті әркім айтса, құлақ түр дей келе, бұл жағдайды ашықтан-ашық білдірген. Ал, хикметтердің аяғындағы Мінәжатнамада болса, Менің хикметтерімнің қайнар дереккөзі хадис, … Менің хикметтерімнің әміршісі Сүбхан, Оқып-білсең, мағынасы Құран деген. Осылайша, Құран мен хадис хикметтердің екі негізгі қайнар дереккөзіне айналған.
Яссауидің діни түсінігінде Құран мен сүннетке деген тәуелділік айқын байқалады. Дегенмен,өзге сопылар секілді оның да діндегі шариғат-тариқат жіктеліміне бой алдырғанын аңғаруға болады. Бұл 147-ші хикметтің екінші шумағынан анық көрінеді:
Қазы, мүфти, молдалар шариғаттың жолында
Ариф ғашық алып тұр тариқаттың биігін
Ғамал қылған ғалымдар дініміздің шырағы
Пырақ мінер мақшарда қисайта киер бөрігін
Сопылық тарихына өшпес ізін қалдырған осындай діни түсінік, Яссауидің ой-пікірлерінде де тереңге тамырын жайған. Орта Азияның ортасынан орын алған Түркістан аймағында Ислами сенім мен сана-сезімнің енді-енді орнығып келе жатқан тұсында-ақ осындай қос түсініктің қоғамға жаңа серпін бермегенін пайымдаймыз. Бұл түсінік әлі күнге дейін Ислам әлемінің түкпір-түкпірінде жалғасын табуда. Бұған күдікпен қарауымыздың бірден бір себебі - оның діни ілімдер мен сопылық түсініктің арасындағы елеулі бөлінушілікке алып келуі. Екіншіден Яссауидің мұндай діни түсінігі оның жоғарыда айтылған Құран мен хадиске толассыз жүгіну түсінігімен қарама-қайшы секілді болып көрінеді. Өйткені әяттар мен хадістер шариғат- тариқат жіктеліміне рұхсат бермейді. Анығырақ айтқанда, Яссауидің өзі Құран мен хадиске жүгіну керектігін сан рет қайталап, шариғаттың негіздеріне әрдайым айрықша мән берген. Ал, бұл жалпы сопылық түсінікте қарама-қайшылык деп ойлаймын. Шариғат-тариқат жіктелімінің ең көрнекі мысалын 22-ші хикметтің үшінші шумағынан көруге болады. Ұлы сопы Халлаж-ы Мансур (308922 ж. қайтыс болған) әнәл-хақ секілді асыра сілтеуші пікірлері үшін өлтірілген. Парсы тілін білсе де түрік тіліңде сөйлеп, түрікше жазған. Біздің түсінігімізше ол тілді құрал ретінде пайдаланған. Біріншіден дінді осы тілмен түсіндіруге Болатындықтан, екіншіден де қоғамдық татулық, бірлік пен езара төзімділіктегі діннің маңызын қоғамға ез тілімен жеткізу үшін қолданған. Өйткені хикметтер қоғамның барлық сатыларында баршаға түсінікті метод пен деңгейде діни және моральдық-этикалық міндеттемелердін орындалуына қатысты үндеулерге толы. Бір жағынан ғұламалардын Кұран аяттарының басқа тілдердегі мағыналарына жақсы кезбен қарамауы Құранды сақтап қалу қаупінен туындаған Болуы да мүмкін. Бұл жақсы ниеттегі алдын алу іс-шарасы болумен қатар, ислам ғылымдарының басқа тілдерге қызмет етуіне кедергі келтірген деп ойлаймыз. Дегенмен Құран Карім араб тілінде түсті. Бірақ бұл тек қана пайғамбарымыз Хазреті Мұхаммед мен оның пікірлестерінің осы тілді қолдануымен байланысты. Сондай-ақ адаммен бірге әртүрлі діндерді жаратқан да Алла Тағала (30 Рұм, 22-аят). Сол себепті Алланың кітабы мен дінінің сол тілдерде түсіндіруі табиғи құбылыс болып табылады. Осы жерге дейінгі талдаулардан мынадай нетиже шығаруымызға болады. Ясауи өмір сүрген XII ғ. Түркістан аймағында ислам діні орныққанымен түркі халықтарының көпшілігі көшпелі өмір салтын ұстанды. Сол себепті олардың діни білімі таяз болды, тіпті діни эмір салтын ұлтшылдық мәселесін көтермеген. Сол себепті осы өлеңінен басқа хикметтерде ұлттық компоненттер кездеспейді. Парсы тілін білсе де түрік тіліңде сөйлеп, түрікше жазған. Біздің түсінігімізше ол тілді құрал ретінде пайдаланған. Біріншіден дінді осы тілмен түсіндіруге Болатындықтан, екіншіден де қоғамдық татулық, бірлік пен езара төзімділіктегі діннің маңызын қоғамға ез тілімен жеткізу үшін қолданған. Әйткені хикметтер қоғамның барлық сатыларында баршаға түсінікті метод пен деңгейде діни және моральдық-этикалық міндеттемелердін орындалуына қатысты үндеулерге толы. Бір жағынан ғұламалардын Кұран аяттарының басқа тілдердегі мағыналарына жақсы кезбен қарамауы Құранды сақтап қалу қаупінен туындаған Болуы да мүмкін. Бұл жақсы ниеттегі алдын алу іс-шарасы болумен қатар, ислам ғылымдарының басқа тілдерге қызмет етуіне кедергі келтірген деп ойлаймыз..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет