Әншілік тыныстың физиологиялық тыныстан айырмашылығы



бет24/33
Дата11.12.2021
өлшемі84,97 Kb.
#99536
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
Хор дағдылары

Хорды әндеттіру.

Тонның І талабы.

1. Әндеттіру функциясы.

а) Әншілер дауысын жұмысқа дайындау үшін дауыс аппаратын жылыту және күйіне келтіру.

б) Хордың мәнерлі айтып дыбысталуы өз алдына әдемі болуды вокалдық хор дағдысына ие болғандығы.

Әнші дауысының дыбысталуының негізгі сипаты: дыбыс жоғарылығы диапазоны, тембр, подвижной, хормейстер талабы осы сапаға жету, дамыту.

2. Дыбыс жоғарылығы диапазонмен жұмыс істегендегі жұмыс режимі, жаттығулар, әдістемелік қойылымдар. Унисон қалыптастыру, жұмсақ атакаға жету( р – стаккатода) төмен және жоғарғы дыбыс қатары – фальцеттік және кеуделік күйге келуі, арпеджио. Мақсаты – регисторды дамыту. Диапазонды примарлық аймақтың төмен, жоғары, хроматикалық секвенцияларға дейін жеткізу. Жаттығуларды стаккатодан легатоға өтуі.

3. Динамикалық диапазонның дамыту жұмысы режимі.

Бұл бірінші жаттығудан басталады.

Әдістемелік қойылымдар: ең бірінші жылжымайтын нюанстар mp мен mf  қалыптастырылады, кейін р,  f. Келесі кезең жылжымайтын нюанстарды қарама – қарсы қою —  f  — р қайталанбалы жаттығуларға жатады. Енді жылжымалы нюанстар – крещендо және деминуэндо; хорда ритм арқылы немесе әлсіз дыбыс күшінде; р – mf, mf  — f , он алтылықтар арқылы, сегіздіктер немесе төрттіктер арқылы т.б.

4. Тембрлік жұмыс істеу.

Дауыстың тембрде дыбысталуына әсер ететін факторлар: дыбыс күші және жоғарылығы; атака түрі, дыбыстың типі, артикуляция әдісі және орындалатын көркемдік шығармаға қарай әншінің эмоционалдық күші.

Әдістемелік қойылым: Тембрлік жұмыс істеу дауыс күйін жеңіл дыбысталудан примарлық тоннан басталады. Дауысты жылытқаннан әдеттендіргенше хор тембрі баса түседі. Хор тембрімен жұмыс істегендегі қойылатын бір талап – барлық диапазонда дауысты қалыптастыру, қойылған регисторлық переходтар арқылы. Дыбыс жоғарылығы мен динамикалық диапазонға қойылатын жаттығулар тембрде де қолданылады.

Жаттығулар қатары: баспалдақты жоғары және төмен дыбыстық қатар, төмен және жоғары секіртпелер, ақырындап кеңейтіп, арпеджиоға жеткізу.

5. Дауыс жылжымалылығымен жұмыс режимі. Жаттығудың шығарманың темпіне қарай хордағы дауыс жылжымалылығы анықталады. Вокалдық жұмыс бастағанда ақырын темп қолданылады, содан соң осы жаттығулар ақырынырақ, кейін жылдамырақ орындалады. Темп өскен сайын дыбыстан дыбысқа өту, әсіресе жаттығу, вокализацияда әртүрлі дыбыс буындары арқылы болады. Буындарға опора, буындарда әндету, таза вокализация.

Ереже: темп жылдамдаған сайын, дауыстық байланыстардың аз жұмыс істеуі арқылы дауыстың регисторда жұмыс істеуі жеңіл болу тиіс, яғни фальцетке жақын дыбысталу қолданылады.
Қорытынды.

Комплекстік процесс дегеніміз дыбыс жоғарылықты динамикалық диапазонды дамыту, тембрмен және дауыс жылжымылылығымен жұмыс істеу. Жаттығулардың саны емес, сапасы жақсы қатал жаттығулар қатары болуы керек. Әрбір жаттығу күн сайын дағдыға айналуы керек. Бір жаттығуды әр түрлі жағдайда айтып дауыстың дамуына септігін тигізуге болады. Хордағы жұмыс сапасымен жұмыс – оңайдан қиынға қарай жылжу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет