Дыбыс жоғарылықты диапазонның дамуы.
Дыбыс жоғарылықты диапазонмен жұмыс істеу әдетте примарлық тонды табудан басталады. Мұндай дыбыстар барлық дауыста бар, ереже бойынша фа 1 – ля 1әйелдер және балалар дауысына, ал ерлерге октава төмен. Жұмыстың ең басты талабы жалпы әншілердің бір тонға келуі, яғни примарлық тонда унисонға келуі. Цептік тынысты қолдана отырып, аз ғана дауыс күшімен әншілер бір дыбысты ұзағынан созады, бір – бірін бірнеше дауыс күшімен бір унисонға келеді. Алынған дыбысталуды ақырындап жоғары төмен көрші дыбыстар арқылы көтеріп, түсіріп отыру керек. Егер хор дыбысталуында қысылыс пайда болса онда дыбысталу координациясының бұзылғандығы. Мұндайда примарлық аймаққа оралу керек және формировканы шешіп, хор әншілерінің назарын дұрыс ән айту қойылымына аударып, дауыс жоғарылаған сайын жоғары дыбысты жеңілдету.
Әндетудің келесі кезеңі мынадай құрылымнан тұрады: жұмсақ бірақ нақты, яғни «подьездсіз» сырғымай, дыбыс атакасы жеңіл, бірақ ыңғайына қарай дауыстық астардың шет жағынан қарқынды дыбысталуы және дыбыс пайда болғанда жұмсақ жүргізу, бұл үшін жаттығуларды р – дан немесе mp – н бастауы керек, мұндай кезде дыбыс жеңіл стаккатодан басталады. (Упр. 2,3). Жаттығулардың құрылымы жоғарғы және төменгі қалыптағы баспалдақты дыбыстық қатарға байланысты. Бұл жаттығу әнші дауысын фальцеттік немесе кеуделік қойылымға қарай айтылады. Жаттығу бірнеше рет до 1 — ре 1 – ля 1 диапазонында хроматикалық секвенция бойынша жоғары төмен орындалады. Жаттығу сайын өз типіне қарай кеңейту керек 6, 7, 8, 9.
Ары қарай баспалдақты дабыстық қатар жаттығуларға айналады. Олар үш дыбыстыққа (5/3) құрылады. Олардың өз мақсаты бар, келесі жаттығулар дауыстық регисторда дыбысталуына орналған. Көмейдің ерте қалыптасқан күйін бүкіл жұмыс кезінде сақтау керек. Оларды қайталап орындағанда міндетті түрде дыбыс сипатын стаккатодан легатоға ауыстыру керек. Таза дауыстылдарды стаккатода айтқанда хормейстердің назарына атака кезінде жанама жыбыс естілмеуін, ал легатоға айтқанда бір дыбыстан екінші дыбысқа таза отуді талап ету керек. 12 – ші жаттығу келесі типке жатады, бірақ бұл диапазонға қиын тиеді, интонациялық құрылымға фонациялық тыныс алу жалғасымдылығына өз және 12 – ші жаттығуларды айтқанда жаттығу басында төменгі дыбыстарды күштеп керек емес.
Достарыңызбен бөлісу: |