Екінші фаза (шығарманы үйрену).
Жаңа шығарманы үйренгенде вокалды – ансамбль принципінің негіздері ұсталады. Сольфеджиодан әнді сөзімен айтуға көшкенде түрлі буындар қолданылады. Мысалы: ла, ля, ле, ма, ми, ди, т.б.
Дыбысты әдеби мәтінге сәйкес келуі керек. Распевкада фортепиано көмегіде зор. ән айтқанда да фортепианоның көмегі зор, бірақ хорды сүйемелдеусіз үйреткен дұрыс.
Ақындық мәтінді айтып үйрену:
Жеткізілуі нақты, дауыстылар нота жалғасымдылығына сәйкес, дауыстылар ең соңғы кезде айтылады.
— Ритмдік бір көргеннен оқу.
— Ритмсіз оқу.
— Тез екпінде оқу.
Ансамбль, строймен жұмыс:
— Жалпы дыбысталуды түзеу.
— әнші регистрін жатқызу.
— Қойылған орындарда біркелкі тыныс.
— Динамика қалыптылығы.
— Фразировкаға ерекше мән беру.
Әрі қарайғы мақсат музыкалық фактура (мелодика, ритм, екпін, динамика) және вокалды ерекшеліктермен жұмыс (дыбыс қалыптастыру, дыбыс жүргізу, штрих, тембр, жеткізу мәнерлігі).
Достарыңызбен бөлісу: |