Балаларды ән айтуға оқытудың дидактикалық негізі.
Оқудың негізгі принциптері.
Вокалдық оқу жалпы оқу бөлімінің негізгі принципі болып табылады. Дидактикалық жалпы принциптері барлық арнайы әдістеменің негізі, соның ішінде вокалға да.
Тәрбиелеу және жан – жақты даму принципі. Әнге оқыту балалар дауысын дамытуға ғана емес, сонымен бірге тәрбие мен жалпы дамуға да қатысты. Мысалы кейде кейбір балалардың әнге деген талабы жоғары, дауысы жақсы болса, кейбірі керісінше болады. Осындайда даусы жабық бала мен даусы ашық балалардың арасында келіспеушілік туады. Мұғалім талабы осындай жағдайды туғызбау. Ұстаз оқушысы шығарманы орындағанда оның негізіне кіріп, бет әлпеті арқылы шығарма сипатын жеткізуді үйретеді.
Оқушының түсіну және шығармашылыққа деген құштарлық принципі. Мұнда әншілік мамандыққа деген түсінушілік, оқу негізіндегі қиындықтарды жеңе білу, білімді түсіне қабылдау, дағдыға дұрыс ену кіреді. Оқушының өз дауысының дыбысталуна мән беру. Тағыда дауыс тембрі дауыста вибрато бар ма, интонация таза ма.
Перспективті принципі. Мұғалім талабы оқушының дамуын қарастырып жұмыс кезінде шығармалардан үзінділер алып, балаларға үйрету керек. Мотив немесе аяқталған фразаны буынға айтқызу ма, ля, ди т.б.
Жүйелік принципі.Мұнда әнші репертуары мен вокалдық жаттығулардың қиындауы, вокалдық дағдының бір қалыптылығы кіреді. Сабақ негізінде үзілісте оқушы өзінің жұмыс басындағы дәрежені жоғалтып алады. Балаларға жазда лагерге демалуға қоя берген дұрыс.
Ұжыммен білім алудағы оқушының жеке білімі принципі. Хорда балаларды жеке бақылау әдісі:
Балаларды бақыдау.
Хор сабағында жеке тыңдау.
Сабақтан тыс кезде спектакл музыкалық ертегілер қойып жеке, дуэт, ансамбльмен айтқызу.
Орындаушыларын магнитафонға записке жазу.
Дәрігерге қарату.
Достарыңызбен бөлісу: |