ӘОЖ 159.9
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ЖЕТІЛУІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫ РӨЛІ
Лауланбеков А.Б. – магистр-оқытушы, ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В данной работе поднимаются вопросы, связанные с ролью психологических тренингов в профессиональном становлении будущих специалистов.
Summary
In hired the questions related to the role of the psychological training in the professional becoming of future specialists rise.
Кәсіби маман даярлауда психологиялық дайындықты адамның ішкі және тұлғаралық қасиеттеріне орай, оның санасында тиімді, нәтижелі әрекеттер жасауына мүмкіндік беретіндей белгілі бір психологиялық білім, дағды және қабілетті дамыту үрдісі арқылы жүргізген тиімді деп санаймыз.
Психологиялық тренинг арқылы меңгерілетін ептілік кәсіби білім мен шеберлікті меңгеруге және оны тәжірибеде тиімді қолдана алу мақсатында жүзеге асуы керек. Бұл тұлғаны кәсіпке психологиялық дайындаудың тәжірибелік бағытын жетілдіруді білдіреді.
Жеке тұлғаның психологиялық тұрғыда жан-жақты дамыту және оның болашақ маман ретінде кәсібилігін жетілдіруге дайындау – елімізде жүріп жатқан реформаның негізгі бір жағы.
Психологиялық дайындаудың қазіргі кездегі деңгейі қоғамның, кәсіби іс-әрекетінің талаптарына сай келе бермейді. Болашақ кәсіби мамандарды психологиялық дайындау прагменталдық, теориялық сипатқа ғана сай келіп отыр. Елімізде жоғары оқу орындарында кәсіби мамандарды дайындауға қажетті нормативті құжаттар, оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, психологиялық тәжірибелік бағыттары кеңінен қарастырылады. Дегенмен болашақ маманның кәсби жетілдіруінде осындай оқыту үрдістерінде қолданылатын психологиялық тренингтер көп қарастырыла бермейді.
Белсенді әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы оқыту әдісінің дәстүрлі әдістерден артықшылығы бір қатар зерттеулерде көрсетіледі.
Ғылыми әлеуметтік-психологиялық тренинг жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттік, өзара қатынас саласында компоненттілікті жетілдіруге бағытталған жаттығулар жүйесі деп анықталынады.
Жеке тұлғаны кәсіби оқыту, еңбекке тәрбиелеу және кәсіби шеберлік пен ептілікті дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолданылатын тренингтің бірнеше түрлері бар. Оларды жүйелеудің бірнеше бағыттары көрсетіледі. Олар бір-бірімен үйлесу негізімен өлшемдерінің сәйкес келмеуіне байланысты ерекшеленеді.
Біз белсенді әлеуметтік-психологиялық оқыту әдістері ретінде тренингтерді былайша жүйелеуге тырыстық.
1) кәсіби оқытуды ұйымдастыруға арналған тренингтер;
2) кәсіби шеберлікті жетілдіруде қолданылатын әдістер мен формалардың басымдылығын көрсететін тренингтер;
3) нақты кәсіби маман саласына байланысты топқа қойылатын міндеттерге байланысты тренеингтер. Осыған орай тренинг топ кездесу тобы, гештальт топ, топтық психотерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг, оқу-жаттығу топтары, белсенді әлеуметтік оқыту, видиео тренинг, тренинг семинар, белсенді әлеуметтік-психологиялық оқыту, кәсіби педагогикалық тренинг, т.б. тренинг түрлеріне бөлінеді. Бұлардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу тәсілдерін, жаңа кәсіби білім мен дағдыны меңгеру, интуицияны, креативтілікті, ойлауды, қарым-қатынасты дамыту негізін меңгеруге интенсивті жағдай жасайтындығы ғылымда жан-жақты дәлелденген.
Сондықтан маманның кәсіби жетілдіруге арналған психологиялық-топтық тренинг түрлерінің кейбір дербес пайдаланымыз. Құрылымына, белсенділігіне, ерекшеліктеріне байланысты тренинг түрлерін үйлестіріп қолдану тәжірибесі жинақталады. Мысалы, әлеуметтік-психологиялық тренинг болашақ мамандарға ұйымдастыруда оның әдістері психологиялық тренингі мен видео тренинг формалары арқылы кешенді қолданылады.
Кәсіби жетілдіруге арналған тренингтердің бірі потенциалы, тиімділігі еңбек ұжымындағы топтық қарым-қатынасқа негізделеді. Өзара әрекеттестіктің, өзара қатынастың нәтижесінде «Мен», «Басқа», «Мен-идеал» тұжымдамаларының өзгерісі позитивті болады. Ал коммуникациялық үрдісте адамда субъективті негіз бар «ережелер» жүйесіне бағыт-бағдар етіп ұсынылады. В.С. Агеев, М.Н. Ночевник осы «ережеде» нақты бір әлеуметтік ортада қабылданған этика, қарым-атынас жасау стандарттары, атрибуттары мен нормаларынан құрылатындығын көрсеткен. Бұл аталған ұғымдардың негізін жалпы адами құндылықтар – мораль, тәрбие, білім ғана емес, кәсіби шеберлік, кәсіби сана-сезімді де құрайды. Себебі, адам қандай әлеуметтік-кәсіби рөлде болса да, оған өзі өскен, кемелденген ортасының салт-дәстүрі, мәдениеті ерекше мәнді болады. Сондықтан қарам-қатынас әлеуметтік ортаға, ұлттық психологияға сәйкес модельденіп те құрылады.
Тренингтің қай түрі болмасын оның негізгі құрылымдық компоненттері рөлдік ойындар (сюжеттер, толық дискуссия (нақты жағдайға талдау жүргізу) және психо-физологиялық жаттығулар (психо-гинемастика) арқылы жүзеге асырылады.
Олай болса, әлеуметтік психологиялық тренингтің дәстүрлі техникасын қатысушылардың этно психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру жөн. Бұл әлеуметтену үрдісінде интеграциялық құбылыс өте басым деп саналатын аса маңызды жәйттар болатыны, тренинг кәсіптік саланың нақты түріне орайластырылып құрылғанда ғана оның тиімділігі артады.
Тренингтік сабақ ұйымдастыру сатысынан басталады. Бұл сатының басты міндеттері мыналыр: тренингке қатысушылардың және жүргізушілердің мақсатын анықтап, бір-бірімен сәйкестендіру; қарам-қатынас жасауға қолайлы психологиялық атмесфераның болуын қамтамасыз ету; топта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру, топтық жұмыстың нәтижесі мен нәтижесінде жауапкершілікпен қарауға бағдар беру.
Осы сатыда әлеуметтік-психологиялық тренингтің қағидаларымен мен топта жұмыс жасау ережелерін таныстыру, психологиялық тренинг мақсаты мен міндеттері, тренинг барысында жұмыс жасау шартын айқындау үшін, арнайы шолу дәрісі тиімді болады. Сонымен қатар дәріс тренинг кезінде белсенділік танытуына, тұлғаның оңды өзгерістерге ниеттенуіне, кәсіби қызығушылығының артуына, кәсіптік бағдар функциясын да атқарады. Тренинг мақсаты, міндеттері, қағидалары, топтық жұмыс ережелері тек мәлімет ретінде баяндалып қана қоймай, қатысушылармен бірлесе талданады. Соның нәтижесінде тренингке қатысушы маман иелерінің әрқайсысының өзіндік мақсаты айқындалады. Одан кейін тренингтің әсері тиімді болатындай топтық жұмыс мақсаттары мен нормалары қорытындыланады. Бұл процедураны активатор мен инициатор, яғни тренинг жүргізуші-оқытушы ұйымдастырады.
Ұйымдастыру сатысының келесі процедурасы – топтық жұмысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінің атын айтудан, өздері жайлы қысқаша баяндаудан тұрады. Тренингтік топ әлбетте бірге жұмыс істейтіндер немесе бірге оқитындардан құралатындықтан, жастар өздерін дәстүрлі түрде – есімдері, тегі бойынша таныстырмайды. Олар өз қалаулары бойынша тренинг барысында өздерін қалай атауға болатындығымен хабардар етеді.
Тренингтің келесі кезеңі – диагностикалық қарым-қатынас саласындағы қиыншылықтардың себептері, кәсіби шеберлікті меңгерудегі қиыншылықтар айқындалады. Ол үшін белгілі психологиялық әдістемелер және диагностикалық жағы басым жаттығу түрлері қолданылады. Оның мақсаты: 1) психологиялық тренингке қатысатындардың тұлғалық, кәсіби мәнді қасиеттерінің даму деңгейлерін анықтау арқылы топтық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын нақтылау. 2) топтағы жұмыс тиімді болу үшін тренингке қатысушылардың ерекшелігіне орай қолданылатын әдіс-тәсілдерді үйлестіріп таңдау.
Тренингтің келесі сатысы тренингке қатысушылардың немесе студенттердің өзін-өзі тануына, кәсіби анықталуына бағытталады. Мұнда екі бағыттағы топтық жұмыс жүзеге асырылады. Бірінші – жеке тұлға мәселелерінің себебіндегі субъективті сипатты айқындау. Екіншіден, субъективті қиыншылықтарды топтық жұмысты актуализациялау керек. Осы үшін әр түрлі жұптық шығын топ негізіндегі тапсырмалар орындалып, топтық формадағы жұмыс ұйымдастырылады. Ол топтық талдаумен қатар жүреді.
Талдаудың мынадай жалпы сұлбасы қатысушылардың белсенділігіне, кәсіби жетілуіне, өін-өзі тануға түрткі болатындығын зерттеу барысында: 1) осындай түсініктің пайда болуы неге байланысты? 2) осы жағдайдың барысында осындағы партнерлермен өзара қатынас, өзара әрекеттестік кезінде назарына ерекше түскен не?
Тренингтік сабақтың келесі сатысы – өзін өзі адекватты бағалаудың, өзін-өзі актуализациалаудың, өзін-өзі реттеудің және субъект-субъект негізінде қарым-қатынас жасаудың әртүрлі жақтарын аңғаруға бағытталады. Көп жағдайда тақырыпқа байланысты жаттығулар мен рөлдік сюжеттер, ойындардың психологиялық әсері тиімді болатындығы дәлелденді.
Топтық сабақтың келесі сатысын жетілдіру деп атаймыз. Мұнда жеке тұлға, оқу, кәсіби және қарым-қатынас қиыншылықтар мәселелерін шешу технологияларын меңгеру басты мақсаты. Ол үшін арнайы жаттығу түрлер таңдалынып алынады да, жаттығу жүзеге асырылады. Бұл сатыдығы талдау тренингке қатысушының ауызша есеп беру түріндегі формада ұйымдастырылады.
Талдау барысында:
1) жаттығудағы қиындықтар;
2) жаттығудағы сәттіліктер мен онда нәтижелер басты тақырып болады.
Тренингтік сабақтың соңғы сатысы топтық релаксацияға арналады. Мұнда топтық жұмыс жалпыланады. Ол әрбір тренингке қатысушының өзінің топтағы іс-әрекеті мен қарым-қатынасын сипаттау мен алған әсері, нәтижесі бойынша қорытынды жасау болып табылады.
Сонымен қатар тренингтік сабақтың бастапқы кезінде және соңында экспресс-диагностика әдістері қолданылады.
Тренингтің полифункционалды болуы да тікелей топтық жұмыс барысында тренингке қатысушылардың немесе студенттердің мінез-құлқындағы кәсіби ептіліктері мен шеберліктері, қарым-қатынасындағы ерекшеліктер мен өзгерістерді тікелей бақылауға мүмкіндік береді.
Жаңа қарқынды формалар мен оқыту әдістерін енгізу негізінде мамандарды дайындау – педагогтардың алдында тұрған, маңызды мақсат. Басқа оқыту формаларының арасында кең тараған, білікті кадрларды дайындаудағы тиімді әдістердің бірі – психологиялық тренинг сипатта болатын іскерлік ойындар.
Басқару қабілеттерін оқыту саласындағы іскерлік ойындар, оқу зертханаларында шешім қабылдауда біршама тереңірек тәжірибе алуға бағытталған. Іскерлік ойындарға жататын қауіпті элементтер, жеткіліксіз ақпарат пен өндірістік ерекше жағдайларда шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл болашақ кәсіби маман болатын студентке өндірістік жағдайларда үлгі болатын басқару шешімдерін (жиі қауіпті) қабылдауға жол ашып, келешекте жұмыс істеген кезде, басқару бастамаларына зиян келтірмеуге тырысады. Бұл болашақ маманға, шынайы жағдайда, қажет кезінде, ең аз шығынды тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Іскерлік ойындар басқа оқыту әдістерімен қатар шынайылыққа жақын басқару тәжірибесінің шоғырлануына ықпал етіп, негізінен зертханалық тәжірибелердің орнын басып, әрі бұл басқа білікті әдістерге қарағанда, іскерлік ойындар: біріншіден, шынай түрде өмір шындығын көрсетеді, екіншіден қарқынды ұйымдастырылған үлгілерді құрады, үшіншіден, алға қойылған мақсатты жылдам орындауға итермелейді.
Іскерлік ойындардың тағы бір жолы ғылыми зерттеулер. Егер ойын негізінде өндірістік жағдайларға еліктеу болса, онда шынайы өмірде тиісті әдістер, ыңғайлы ғылыми құралға айналады. Ең алдымен іскерлік ойындарға еліктеу арқылы ізденіс тәжірибелерін, яғни зерттеу саласына қатысты ауыспалы еліктеу үлгісін түрлендіру жолымен, өндірістік өзара қарым-қатынастарды зерттеуді жүзеге асыруға болады.
Ойынға еліктеу арқылы, өндірісте экономикалық және материалдық ынталандыру жүйесі қалыптасады. Болашақ маман иесі, бұл үрдістің ұжымдық немесе жеке жүргізілуіне байланысты, шешім қабылдаушы тұлғалардың психологиялық ерекшеліктерін бақылай алады. Осы зертханалық жағдайда, басқару стилімен, оның нәтижесінің ықпалын анықтауға болады. Ойынға еліктеу негізінде іскерлік қасиеттерге тәрбиелеу – келешек мамандарды даярлау кезінде пайдалану өте маңызды. Іскерлік ойын кезіндегі жағдайлар, студенттерге басшылардың немесе қатысушылар рөлінің дамуын қалыптастырып, олардың дұрыс та, тиімді шешім қабылдауына әсер етеді. Осы қасиеттер, бүгінгі күні менеджерді даярлау мен оқыту талаптары жиынтығының бір тәсілі.
Тренингтік жаттығулардың мақсаты – конфликтінің құрлымдық компоненттерін қарастыру. Олар арқылы конфликтілі жағдайды дұрыс ұйымдастырылған келіссөз үрдісі негізінде жоюға болады. Ол үшін келіссөз үрдісінің басты элементтерін анықтап алу қажет.
Адамдар арасында өзара қарым-қатынастарды белсендіретін болғандықтан, тренинг басталмас бұрын қатысушыларды таныстыру мақсатында және психологиялық жайлы атмосфера қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді.
Қатысушылар тренингке жеке дара қосылу үшін «Бағалау баспалдағы» атты жаттығуды ұсынуға болады. Ол тренингке қатысушылардың тапсырыс мәселесіне байланысты реттеуге арналған. Қатысушылар өзара жеке бөлініп, бір-біріне қарам-қарсы беттесіп отырады. Ара қашықтығы бір метрден артық емес. Әр қатысушыға арнайы бланк беріледі. Олар аты-жөнін жазып, тренердің бұйрығымен бланктерді өзара алмасады, ал қарсы отырған адам 20-30 секунд ішінде бланк берген адамның мінездемесін жазады. Осылайша әр адамда толық бланк болады. Оқытудың инновациялық интерактивті әдістерін оқыту үрдісінде студенттердің оқу белсенділігін арттыруда басқа да тақырыптарды ашуда шығармашылықпен қолданып, студенттердің жеке дара тұлғалық қасиеттерін ашуға мол мүмкіндіктер береді.
Әдебиеттер
Анн Л. Психологический тренинг с подростками. – СПб.: Питер, 2003.
Дусманбетов Г.А., Шерьязданова Х.Т., Тренинг-программа «Саморазвитие личности подростков». - Алматы, 2003.
Жилгильдинова Ш.С. Оқушыларды еңбекке даярлау үрдісінің ерекшеліктері // Жас ғылымдар зерттеулеріндегі қоғамның келелі мәселелері. Жас ғылымдардың халықаралық ғылыми тәюірибелік конференциясының материалдары. Астана, 2006.
Лидерс А.Г. Психологический тренинг с подростками. - М.: Академа, 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |