Келесі №880 «Гегегеу» әуені жыраулық дәстүрге тән қайырулардың үлгісі. Мұнда «нона» көлеміндегі дауыс тербелісін байқауға болады. Уақыт шеңберіндегі жоғарыда көрсетілген дыбыс ұзақтығы ешқандай да тұрақты дыбыстың ролін атқармайды. Қайырудағы ырғақтардың түрленуі синкопа, секвенция және т.б. құрылымдар қайырудың мазмұндылығын және оның философиялық ойдан хабар беретіндігін аңғартады.
6 мысал.
7 мысал.
Келесі №882 «Жоқтау» сарыны – бұл көнеден келе жатқан қазақ халқының тұрмыс, салт-дәстүр жырларының бірі. Бұндағы музыкалық-интонациялық құрылым қарапайым, мұңлы-зарлы, қарапайым диатоникалық басқыштар үлкен және кіщі терция және үлкен секунда мен прима дыбыстарынан тұрады. Мұндағы тұрақты дыбыстың орнын төменгі дыбыс айқындайды. Дауыс шеңберінің аралығын үлкен секста құрайды. Басқыштардың алма-кезек ауысып және үшінші басқыштың төмендетілуі дориялық ладтың жүйесін анықтайды. Дегенмен интонациялық құрылымның төмен және жоғары қарай үлкен терция арқылы секвенциялардың құрылуы, одан ары қарапайым басқыштардың төмен қарай тұрақталуы әуен құрылымының көне дәуірден бастау алатынын көрсетеді [3, 331 б.].
8 мысал.
9 мысал.
10 мысал.
Қорыта келгенде, А.Затаевич «Қазақтың 100 әні» жинағында күрделі өлшемдерді қолданған. А.Мусоргский өзінің еңбектерінде орыс «былиныларында» өлшемдердің ұзақ болуы (мысалы 4/4, 5/4, 6/8, т.б.) олардың интонациялық құрылымы мен иірімдерінің өзара байланысы, сөз мәтіндерінің еркін айтылуын көрсетеді деген.
Т.Қ.Жүргеновтен алынған әндердің құрылымын зерттеу арқылы бұл мақам-саздардың құрылымы жыраулық өнерге тән дәстүр екендігі анықталды.
Т.Жүргеновтің қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті мен өнері саласындағы атқарған қызметі, елінің болашағына сіңірген қажырлы еңбегі бүгінде өз дәрежесінде бағалануда. Оның қызметі жүйеленіп, жазғандары түгел жарыққа шыққаннан кейін жүргеновтанудың аясы кеңейіп, міндеттері саралана түсетіні хақ.
Аңдатпа.
Т.Жүргенов - ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөлді. Әдебиет, өнер саласының өкілдері М.Әуезов, Ж.Шанин, Ә.Қастеев және т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасады. Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Т.Жүргенов Халық ағарту комиссариатын ұлттық мәдениетті өркендету штабына айналдырды. Ол 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетінің негізгі ұйымдастырушыларының бірі болды. 1936 жылдың мамыр айында Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы он күндігі декадасының төрағасы, ең белсенді ұйымдастырушысы, әрі қатысушысы болды. Т.Жүргеновтің қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті мен өнері саласындағы атқарған қызметі, елінің болашағына сіңірген қажырлы еңбегі бүгінде өз дәрежесінде бағалануда.
Т.Жургенов уделил много внимания на подготовку специалистов национальной культуры и искусства. Обеспечил всем для творческой работы представителей литературы и искусства как М.Ауэзов, Ж.Шанин, А.Кастеев и др. Внес большой вклад в организаций первого театра музыки (ныне Казахский театр оперы и балета) в Казахстане. Комиссариата Народного просвещения сделал штабом развития национальной культуры. Он был одним из главных организаторов І слета Всеказазхстанских народных исполнителей который прошел в 1934 году в Алматы. Подготовил и провел в мае 1936 года декады литературы и искусство Казахстана в Москве. Деятельность Т.Жургенова в сфере казахской литературы, культуры и искусства ныне оценивается на степени.
T.Zhurgenov paid more attention to prepare specialists national culture and art. Provide all people to creative work representative of culture and art as like M.Auezov, Zh.Shanin, A.Kasteev and etc. he bringing b3ig contribution to first theater of music (now named as Kazakh theater of opera and ballet) in Kazakhstan. T.Zhurgenov’s activity in Kazakh literature, culture and art now estimated on a degree.
Тақырып.
Қазақ мәдениетіндегі Т.Жүргеновтің орны.
Деятельность Т.Жургенова в Казахской культуре.
T.Zhurgenov’s activity in Kazakh culture
Кілттік сөздер.
Т.Жүргенов, мәдениет, өнер, ән.
Т.Жургенов, культура, искусство, песня.
T.Zhurgenov, culture, art, song.
Әдебиеттер
Б.Иманғалиев. Т.Жүргенов. Алматы, 2012. -439 б.
Қазақ ұлттық энциклопедиясы 4 том. Алматы,-103 б.
А.Затаевич. 1000 песен казахского народа. Алматы: Дайк-Пресс, 2004. -494 б.
Б.Ж.Оспанов. Дад дастаны. Музыкалық-этнографиялық жинақ. Алматы: Атамұра. -2002. Сорос-Қазақстан.
Б.Ж.Оспанов. Дад дастаны және музыкалық-эпикалық дәстүр. Алматы: Мерсал. -2003.
Достарыңызбен бөлісу: |