ӘОЖ 54:372.10
ТОТЫҒУ- ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫН МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУ
Баймаханова Г.М., Қозыкеева Р.А., Камаритдинова Г.
ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассмотрены обучение окислительно-восстановительных реакций модульной технологией.
Summary
Article reviewed by learning redox - reactions modular technology.
Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту жүйесіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмысына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Осыған орай сабақ үрдісін жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Сондықтан болашақ ұстаздар бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Сонда ғана бүгінгі егеменді елімізде білімді азамат және дара тұлға тәрбиесі өз нәтижесін көрсете алады. Мұғалімдер еңбегінде оқыту шеберлігі, әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білу талабы күшейтілген. Мұғалім әрбір сабақта теориялық және қолданбалы білімдер мен әдістерді тиімді пайдаланып, озық тәжірибелерді тез игеріп, шығармашылықпен жұмыс жүргізілсе, сабақтың сапасы да үнемі артып отырады.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары табиғатта кең тараған, өнеркәсіпте де жиі қолданылады. Сондықтан, тотығу-тотықсыздану реакциялары орта мектептің химия курсында қарастырылған [1].
Кейбір бейорганикалық және көптеген органикалық қосылыстардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерін дәл анықтау мүмкін болмайды. Онда жағдайда электрондық баланс әдісін қолану қиынға соғады.
Оқу құралында аталған әдістердің барлығы тереңдеу қарастырылып, әрқайсысына жеткілікті мысалдар келтірілген [2].
Тотығу дәрежелерінің өзгерістерін пайдаланып тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіруге болады [3].
Тотығу-тотықсыздану реакциялары теориясының негізгі ұғымдары: тотығу, тотықсыздану, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, тотығу дәрежесі.
Дамыта оқытудың бір түрі – модульдік оқыту технологиясы.
«Тотығу – тотықсыздану реакция» тақырыбы модульдік технологиямен
сабақ өткізуге болады [4].
«Тотығу – тотықсыздану реакциялары» тақырыбына өткізілген сабақтың мақсаты: тотығу – тотықсыздану реакциялары, олардың түрлерімен, қағидалары мен негізігі ұғымдарымен таныстыру, білімдерін кеңейтіп, дамыту. Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, байқағыштыққа, жинақылыққа үйрету.
Қолданылған көрнекіліктер: сабақ жоспарының картасы; элементтердің электртерістілік кестесі, түрлі – түсті таратпалар.
Сабақтың жоспары:
1
|
Сабақтың бөлімі
|
Ойын аты
|
Әдіс, түрі
|
Формасы
|
2
|
Үй тапсырмасы
|
«Мен – саған, сен - маған»
|
Сұрақ - жауап
|
|
3
|
Меңгеру , дамыту
|
«Орнын тап»
«Сиқырлы сандықша»
«Домино»
«Өз жартыңды тап»
|
Тірек – сызба
Топпен
Таратпа
|
Жекелей
Жұптық
|
4
|
Қорытынды
|
Венн диаграммасы
|
|
|
«Мен – саған, сен - маған» меңгеру ойынының шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, бір – біріне сұрақ қойып, жауап береді. Жауап беру тоқтап қалғанға дейін жарыс жалғаса береді. Дұрыс жауап берген оқушыларға ұпай саны беріліп отырады.
«Ойлан тап». Төменде көрсетілген сандар қай металдардың электртерістілігі екенін табу қажет.
0,98
|
0,93
|
1,2
|
1,04
|
0,8
|
2,0
|
1,9
|
1,8
|
1,8
|
Тотығу дәрежесі +1 ге тең металдарды көрсетіңіз:
HCI
|
MnSO4
|
KMnO4
|
HBr
|
HI
|
H2O2
|
H2O
|
Na2NO3
|
H2SO4
|
«Өз жартыңды тап». Түрлі – түсті тапсырма жазылады, бұл кезде оқушылар жұп – жұп болып жұмыс істейді. Толықтыратын жерлерді, сөздерді жазып қояды.
Сұрақтары:
1........ – кез келген химиялық қосылысты тек иондардан тұрады деп қарастырғанда әр атомда болатын шартты заряд.
2. Фтордың тотығу дәрежесі ........ тең.
3....... деп заттың (атомның, молекуланың немесе ионның) электрон беру процесін айтады.
4........ реакциялары деп нәтижесінде бір атомдардан, молекулалардан немесе
иондардан басқа атомдарға, молекулаларға немесе иондарға электрондар
ауысатын реакцияларын айтамыз.
5.Электрондарын беретін атом, ион немесе молекула .......... деп аталады.
6.Электрон қосып алатын атом, ион немесе молекула ......... деп аталады.
7.(NH4)2Cr2O7 = N2 + ....+ H2O
8. NaNO2 + KMnO4 + KOH = ...... + K2MnO4 + H2O
9.СI2 + H2O = HClO + ........
10.Н2S + H2SO3 = .... + H2O
«Сиқырлы сандықша» ойынында қорап сұрақтармен толтырылады. Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап беріп 1- 5 балдық жүйе бойынша тиісті бағасын алады. Қызыл түсті татртпаға «Б» деңгейінің, көк түсті тартпаға «Ә» дегейінің, жасыл түсті таратпаға «А» деңгейінің есептері беріледі. Қызыл – 5 балл, көк – 4 балл, жасыл таратпалар – 1 балмен бағаланады. Ол осы сандықшаның сыйы болады. Оны алған оқушы ынталандыру ретінде 5 балл алады.
Ең бастысы – теориялық материал бойынша «білгірлерді» айқындау, тек сонда ғана сандықша «сиқырлы» болады.
Тапсырмалар:
«Б» - төмендегі қатардан тотықтырғыштарды тауып, аттарын атаңыздар:
Н2SO4, Н2CO3 , H2S, Na2CO3, KMnO4, K2Cr2O7 , K2CrO4, HCIO3 , KCIO3 HNO3 , H2O.
«Ә» - Төмендегі тотығу – тотықсыздану реакциядағы әрбір элементтің тотығу дәрежесін анықтаңыз:
KMnO4 + H2SO4 + Na2NO3 = MnSO4 + K2SO4 + Na2SO4 + H2O
«А» - Калийдің дихроматындағы (К2Сr2O7) хромның тотығу дәрежесі нешеге тең.
«Б» - төменгі қатардан тотықсыздандырғыштарды тауып, аттарын таңыздар:
H2S, Na2CO3, KMnO4, K2Cr2O7 , K2CrO4 , H2C2O4 N2H4 , Na2S2O3 , HCOOH , NH2OH , H3PO4 , Na2S, NaHSO3.
«Ә» - Төмендегі химиялық теңдеулерден тотығу – тотықсыздану үрдісі жүретін реакцияларды тауып, жүзеге асырыңыз:
СI2 + H2O = г) K2CO3 + H2SO4 =
NaCI + AgNO3 = ғ) H2S + H2SO3 =
NaNO2 = д) NH3 + O2 =
AgNO3 = e) KCIO3 =
«А» - KMnO4 калий перманганатындағы марганецтің тотығу дәрежесі
«Б» - Берілген реакция теңдеулерін аяқтау керек.
КMnO4 + Na2SO4 + H2SO4 = MnSO4 + .......+ .......+ ........
NaNO2 + KMnO4 + KOH = NaNO3 +......+......+.....
«Ә» - Молекулаішілік тотығу – тотықсыздану реакциясына мысал келтіріңіз.
«А» - Электрондық баланс әдісін қалай түсінесің?
«Б» - Берілген реакция теңдеулерін аяқтау керек
FeSO4 + H2O2 + H2SO4 = Fe2(SO4)2 + .....
NaNO2 + KMnO4 + H2O = MnO2+....+....+...
«Ә» - Диспропорциялану реакциясына мысал келтір.
«А» - Тотығу дәрежесі дегеніміз не?
«Домино» ойыны оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттырады. Қағаздың жартысына формула, екінші жартысына басқа заттың аты жазылады. Келесі қағазға сол заттың формуласы жауап ретінде қойылған. Содан соң, барлығы 15 – 20 домино жасалады. Оны оқушы рет – ретімен жауаптарын сәйкестендіргенде ұзын домино жиналады. Бүкіл домино дұрыс жиналса, екі оқушыға «5», 1 – 3 қате жіберілсе – «4» қойылып бағаланады.
Венн диаграммасы бойынша сабаққа қорытынды жасалып, үйге тапсырма беріледі. Ұпай санын көп жинаған оқушыны «білгір химик» деп жоғары бағаланады.
Егер сабақ жеке топтық формада өтетін болса, онда оқушылардың әрқайсысы үш кезеңінде оқушы бір – бірімен байланыс жасауы, сөйлесуі – адам тұлғасын дамытудың негізгі факторы болып табылады.
Бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін таным – деңгейін жоғарылатып осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңа түрлерін дамыту.
Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда тотығу-тотықсыздану реакциялары есептерінің маңызы зор. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйренеді.
Әдебиеттер
Хомченко Г.П., Севастянова К.И. Окислительно- восстановительные реакции. – М.: 2009. – 141с.
Бекішев Қ. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.-А.: Білім., 2012-329б.
Кудряцев А.А. Составление химических уравнений. –М.: Высш. Шк., 2001. – 320с.
Қабдықайырұлы Қ., Монахов В.М. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. Алматы: Кітап, 2009.-256б.
Достарыңызбен бөлісу: |