Әож 811. 512. 122 3: 82. 091 Қолжазба құқығында тапанова сәуле есембекқызы қазақ романдарындағы ғашықтық сарын


Қазіргі психологиялық романдардағы ғашықтық желі және шеберлік



бет4/4
Дата16.12.2016
өлшемі0,91 Mb.
#4015
түріДиссертация
1   2   3   4

4.3. Қазіргі психологиялық романдардағы ғашықтық желі және шеберлік. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» шығармасы әр шығармашылық кезеңіне жауапкершілікпен қарайтын қаламгер қолтаңбасын айғақтайды. Шығармадағы қилы тағдырлар – жеке басының қамы мен атақ-даңқ мәселесін жоғары қойған Әзім, ел мен жеріне адал еңбегін арнаған Жәдігер, өз орнын таппаған Бәкизат бейнелері оралымды шыққан. Үшеуі де заманы ортақ, тағдыры үйлес, әрқайсысы өмір сүрудің өзіне лайық жолдарын таңдаған. Жазушы халық өмірінің ауыр да ащы шындығын суреттей отырып, кейіпкерлер характерлерін де өз ортасының шындығына лайық дамытады.

Бәкизаттың өмірі де өкінішке толы. Кезінде небір марқасқа жігіттерді көзге ілмеген тәкаппар Бәкизат, бүгінгі – отбасы тірлігіне байланған қатардағы көп әйелдің бірі, өзін құлай сүйсе де, өзі қаламаған Жәдігердің жары. Бәкизат пен Әзімнің арасы суып, Бәкизаттың қиналып жүргенінде, оны бұл жағдайдан арашалап алған – Жәдігер еді. Жәдігер Бәкизатты шын сүйді. Сұлу қыздың көңілін тауып, сый көрсету қолынан келмесе де, жасандылығы, жылтырағы жоқ, таза жүрегімен сүйген еді. Ал, Бәкизатта ондай шынайы сүйіспеншілік болған емес. Сондықтан, Жәдігердің мінез-қылығы, сөйлеген сөзі, әрекеті Бәкизатқа түрпідей тиді. Осының өзі Бәкизат психологиясындағы драматизмді шиеленістіріп жібереді. Ә.Нұрпейісовтің романында адам болмысының ерекшелігі тұтастай ашылады. Шығармадағы үш адамның тағдыры арқылы үлкен әлеуметтік-қоғамдық адами күрделі проблемаларды тереңнен қозғай білген. Жазушының психологиялық талдауы әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Кейде автордың тікелей толғануы немесе кейіпкердің сырт келбеті мен ой-толғаныстары арқылы беріледі. Көркем шығарманың реалистік қуатын арттыруда шығармадағы портрет, монолог, диалог, пейзаж, мінездеме, композиция құру мен сюжет өрбітудің ерекшелігі мол. Жазушы кейіпкерлерінің жан сезімін тереңнен, бар шынайы болмысымен ашып беру үшін, оның өміріне қатысты тікелей де, жанама да оқиғаларды әр қырынан алған.

Жазушы Ш.Құмарова шығармашылығы көпке танымал. Әсіресе, өзінің машықты тақырыбы – махаббат мәселесін жырлауда өз кейіпкерлерінің асқақ рухқа, терең романтизмге толы болмысын шынайы ашады. Ш.Құмарова шығармашылығына байланысты мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалаларда қаламгер шығармаларының болмысы сан қырынан ашылады. Өмірдің шынайы келбетін шегіне жеткізе суреттеген, қазақ қыздарының бойындағы алуан қасиеттерді сипаттаған жазушы шығармасының бірі – «Әйел шырағы» деп аталады. Мұнда адам бойындағы адамгершілік, махаббат мәселесі көтеріледі. Жазушы романның бас кейіпкері Пәризатты жаны пәк, көңілі қаяусыз, жауапкершілігі мол адам етіп суреттейді. Ол – жазушының биік мұратынан туған. Пәризаттың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, көркі аса жарасымдылықпен бейнеленіп, табиғи дала аруының болмысын береді. Осы қасиеттерді автор кейіпкердің әрекеттерімен бірлікте көрсетеді. Мәселен, анасы мен ағасына о баста қамқорлық көрсетуі, берекесі қашқан шаңырақтың жылуын қайта жандандыруы, аға мен жеңге арасындағы дәнекерлігі, жұбайы Әбдіқайымның мінезіндегі кемшілікке деген кешірімділігі – оның таза, парасатты болмысын айғақтайды. Пәризат күйеуі Әбдіқайымның көңілі ауған Ақтеңгемен алғаш ауруханада кездеседі. Ауыр науқастанып, келген Ақтеңгенің жарқ еткен ажарын алғаш көргенде, «неткен сұлу әйел» деп таңырқайды. Осыдан кейін оған бауыр басып, тезірек сауығып кетуіне тілекші болады. Өзіне жақын тартып, бүкпесіз еркін әңгімеге шақырған Ақтеңгеге риза болып, кезі келгенде ақылдасып, мұң-сырын ақтарысып жүреді, екеуі де сырлас дос тапқандай қуанады.

Романда басқа да әйелдер бейнесін толықтыратын кейіпкерлер бар. Олардың қатарында Шамшынұр, Нәписа, Үкібалаларды атауға болады. Осылар арқылы да автор отбасындағы әдет-дағдыларды, кейіпкерлер бойындағы әр түрлі тұрмыстық жағдайларда бой көрсетіп отыратын қасиеттерді бір-бірімен кейде салыстыра, кейде қарама-қарсы қоя отырып ашады. Әйел характерін нақты әрекеттер үстінде ашып, оның ішкі дүниесіндегі, болмыс-бітіміндегі ерекшеліктерді айқындайды.

Ш.Құмарованың «Сезім патшалығы» романы тәуелсіздік алған Қазақстан жеріндегі нарық заманының көрінісі, аумалы-төкпелі кезеңдегі адамдар психологиясын, қиыншылық зардабын суреттейді. Сонымен қатар, романда ұлттық қасиет, салт-дәстүр көріністері мол орын алған. Жазушы әділет пен адамгершілікті марапаттап, жамандық пен зұлымдыққа қарсы бағытталған белсенді күресті сипаттайды. Толассыз тартысқа құрылған романдағы бас кейіпкер Жәнібек белгілі тіс дәрігері, орнықты отбасы бар адам. Сөйте тұра, өзінің қарамағындағы жетім қыз Гүлмирамен көңілдес болады. Бұл Жәнібек отбасының шырқының бұзылуына әкеп соғады. Төрт құбыласы түгел, шалқып өмір сүріп жатқан Жәнібек сырқатқа ұшырап, мүгедектер арбасына таңылады. Әйелі Ризат күйеуіне опасыздық жасап, тастап кетеді, дос-жарандарының бәрі теріс айналып кеткенде, Гүлмира ғана қасынан табылады. Романда жас болса да, өмір талқысынан сағы сынбаған Гүлмираның ақылдылығы, төзімділігі – Жәнібекті сүйген жүрегінің әмірімен атқарылады. Қаншама қиындықты көрсе де, Гүлмира жақсылықты болашақтан күтеді, бақыт пен бақ атаулы тек күреспен келетінін түсінеді.

Жазушы «Сезім патшалығында» қазіргі заманның ыңғайына бейімделген кейіпкерді де суреттейді. Ол – албырт та өжет, сұлу да ақылды Қызғалдақ бейнесі. Адамдардың қадір-қасиеті олардың адамгершілік пен арға, махаббат пен парызға деген көзқарасымен өлшенетіні ақиқат. Олай болса, замандастың ішкі әлемінің, парасаты мен азаматтық бет-бейнесінің, өмірдегі арман-мұратының әдеби шығармада көрініс табуы қаламгердің де ой-толғанысынан хабар береді. Ойы биік, өресі кең замандас тұлғасын жасауда Ш.Құмарова өзінің шығармашылық даралығын да таныта алды. Ол - әдебиеттің көне бастауларынан желі тартып келе жатқан сүйіспеншілік, махаббат сезімінің ерекшелігін адам бойындағы әр түрлі сезім-қасиеттерімен ұштастыра береді. Осы тұрғыдан келгенде, Ш.Құмарованың шығармалары бүгінгі күннің эстетикалық қажеттігін өтеуге тұрарлық көркем дүниелер.

60-80-інші жылдардағы адам мәселесіне көптеп қалам тартқан жазушылардың бірі – Ә.Тарази. Жазушының «Бұлтқа салған ұясын» романында түрліше тағдыр иелері арасындағы қарым-қатынастар көрінеді. Солардың ішінде отбасының жайма шуақ қызығынан аулақтап, өз бақытын сырттан іздеген Ұлмекен, Омар тағдырлары суреттеледі.

Кезiнде түкiрiгi жерге түспей тұрған, үлкенге де, кiшiге де «Омеке» болған азаматтың басына iс түскенде адамдардың басқаша қырынан танылуы, тiптi келiншегi Сәуле жұмыстан екi ай босап, тағдыр тәлкегiне ұшыраған кезде жарына ешқандай жәрдем бере алмауы өкiнiштi-ақ. Сәуле үшiн ең басты мақсат жақсы тұру, жақсы киiну, жүру.

Сәуле Омардың жүрек қалауымен сүйiп қосылған жары емес. Кезiнде Омардың шешесi өз төркiнiне барып, жақын ағайынның қызы, «кеудеге тепсең де кетпейтiн өз адамымыз» деп осы Сәуленi жетектеп келген. Он алты жыл бiрге тұрғанда жар болып сырласып көрмеген, кедейлiктiң зардабын көбiрек көрген Сәуледен басқа жағдайды күту де мүмкiн емес едi.

Ұлмекен болса Омарды шын сүйген болатын. Өзiнiң неше жыл отасқан жұбайы Досымнан да кетiп қалып, қиналғанда Омардың қасында болады. Сол күннен бастап Омар бар дүниенi ұмытты, өзiнiң мүшкiл халiн ұмытты, күрес, намыс, ұят қалды жайына, он алты жыл бойы өмiр арбасына бiрге жегiлiп келе жатқан серiгi Сәуледен Ұлболсын жақын болады.

Ұлмекен Омардың бақыты үшiн өз бақытын құрбан қылады. Адам өмiрi қысқа, махаббат одан да қысқа. Бiрақ махаббаттың мәнi өмiрдiң өз мәнiнен әлдеқайда терең. Махаббат ұзақтығымен емес, тереңдiгiмен қызық, тереңдiгiмен қымбат. Мiне, автор Ұлмекен бейнесi арқылы оқырманға осыны жеткiзгiсi келген. Шығарма соңында Әкiм Тарази Ұлмекендi жеңiлтектiктен арылтып, адамгершiлiк қасиетiн айқындап, Омармен кездеспеуге, оның отбасын бұзбауға, өз күйеуi Досымға қайтып барған келiншектiң бейнесiн ашады.

Қолында байлық та, қызмет те бар адамдар бақытты ма? Олар үшiн өмiр сүрудегi ең қажеттiлiк не? Баланың ойыншығындай жасанды, әдемi өмiрмен өмiр сүруге бола ма? Болса неге Омар, Ұлмекендер жоқ iздеп тағдырдың тәлкегiне түседi. Жан қиналысын бастан өткередi. Бәрiнен безiнiп тыныш өмiрiн азапқа айналдырған романындағы Омар, Ұлмекеннiң тағдыры оқырманға ой салады.

Ә.Тарази қаламынан туған шығармалардың негізгі тақырыптық өрісі – адамгершілік мәселесін қозғайды. Терең парасат пен рухтың төзімділігі – бұл шығармалардың үлкен жетістігі.

Өмiр сүрген қоғамында болып жатқан оқиғалардың баршасы жазушы жүрегi арқылы өтедi десек, көркем сөздегi қадамын өмiрге ендi араласа бастаған жiгiттер мен қыздардың iшкi сезiм сырларын шешумен бастаған, әдебиетiмiзде өзiндiк үнiмен дара шыққан қаламгерлердiң бiрi – Р.Тоқтаров.

Р.Тоқтаровтың қаламынан туған «Бақыт», «Тұлпардың сыны» романдарында үнемi жас адамдар өкiлі, солардың уыз махаббаты, ардақты асыл достықтары сөз болады.

Бұл шығармаларда негiзiнен жастар өмiрi, олардың алдағы үлкен жолда адаспай, жаңылмай дұрыс өмiр сүруiне, жолдағы кездесетiн ауыртпалықтар мен түрлi келеңсiз жайларды кезiнде ақылға жүгiндiрiп, өмiр сынынан сүрiнбей өтсе екен деген мақсатпен жазылған. Бәрiнен бұрын, жазушы жақсылық пен жамандықты негiзгi объект етiп ала отырып, iшкi сұлулықты, iшкi тереңдiктi, рухани күштiлiктi жоғары қойып дәрiптейдi. Жазушының авторлық баяндауы қарапайым тұрмыстық детальды сәттi пайдалана бiлген. Қаламгер өз оқырманының жан дүниесiне кiре отырып, адам тағдыры, қоғам келбетi, кейiпкерлердiң психологиялық жиынтық болымысы сияқты қасиеттердi аса бiр сыршылдықпен ашып көрсетедi.

Автор «Бақыт» романындағы Қайыр, Анар, Жәлел, Зәру, Едiлбайлармен бiрге қуанады, бiрге күйiнедi. Сол арқылы жалпы өмiрдегi әр түрлi пиғылмен өмiр сүретiн, адамдардың арасында өмiр кешедi.

Р.Тоқтаров жастар тiрлiгiн суреттегенде сыры мен сымбаты үйлескен жаны сұлу, мұраты асқақ жiгiттер мен қыздардың барша ұнамды қасиеттерiн жинақтап көрсете бiлген шым-шытырық оқиғалы, көп кейiпкерлi, түрлi махаббатқа құрылған тағы бiр шығармасы –“Тұлпардың сыны” романы.

Алматыға келiп оқуға түсе алмай, елге барғанымен тосып отырған ешкiмi жоқ жетiм қыз Мағрипаның басынан өткен түрлi жағдайлар сөз болады. Романда Қара-Жұман мен Мағрипаның арасындағы алғашқы пәк те нәзік сезімдері, бiр-бiрiне деген сенiмi, таза да шынайы алғашқы махаббаттары суреттелсе, Мағрипа мен Гераттың арасындағы махаббат - бүгiнде жастар арасында өте жиi кедесетiн, алғашқыда өлiп-өшiп, күйдiм-сүйдiмге салып, арты орны толмайтын өкiнiшпен аяқталатын махаббат.

Романдағы тағы бiр тоқталып өтетiн кейiпкерiмiз - Иренғайып. Автор Иренғайыптың мойнына бiр азамат көтеретiн жүктi артады. Бойында адамгершiлiк қасиетi мол, өте кiшпейiл де қарапайым жiгiт. Өмiрде жолы болмай жүрген Мағрипаға қиналғанда сүйеу болған адал жары. Романдағы басты кейiпкер Мағрипаның өмiрден опық жеп, ендi ешкiмге сенгiсi келмейтiндiгi, тiптi өзiн адал сүйген адамы, яғни күйеуi Иренғайыптың өзiне күдiкпен қарайтындығы нанымды жағдай. Жазушы Мағрипаның бұндай күйге қалай түскенiн Иренғайыптың ойымен берген: «Мүмкiн, бұған Мағрипаның шын жетiмдiгi себепкер болған шығар? Жетiм адамға еш нәрсе шын, толық күйiнде орайласпайды. Ол бiрге туған ағаны, ет бауыр iнiнi, ата сыйлас үлкендi, көкейтестi досты талап еттi. Ол солардың қайсысының болсын шын болғанын, ең құрмады шынға ұқсас болғанын тiледi. Ол жұрттың бәрiне де алаңсыз сенiммен қарап, еркелей құшақ жайып ұмтылды. Ол солардың ешқайсына шарт қойған жоқ. Шарт қоюды қулық, арамдық деп бiлдi. Сондықтан да жазықсыз шапалақ жедi. Бiр емес, екi емес, әлде неше рет жеп, осы күйде шарға бойы, қарға тартып қалды» [48,486-б]. Шығармада Иренғайыптың адамгершiлiгiн, сүйген адамына деген адалдығын тағы да бiр дәлелдейтiн тұсы осы. Осыған дейiн жiгiт атаулыға сенiмсiздiкпен қарау, тұрақсыздық тек соларға ғана тән сияқты сыңар жақты ойдан - жаны да, ары да таза Иренғайыпты таныған соң мүлдем арыламыз.

Шығармада кездесетiн басқа да жастар арасындағы түрлi сезiмдегi махаббаттар сөз болады. Олар: Ақдидар мен Гераттың, Саумалкүл мен Гераттың арасындағы белгiлi бiр есеппен құрылған сезiмдер. Жазушы романдарындағы кейiпкерлер ауылдан шыққан. Қазақ жастарының басынан кешiрген және кешiрiп отырған арғы-бергi әлеуметтiк өмiрдегi күрделi жағдайларды барынша татымды бейнелеп беруге ден қойғанының анық куәгерi болып отырмыз

Жазушы өз кейiпкерлерiнiң жан дүниесiн бiлу үшiн психологиялық талдаудың портрет, пейзаж, монолог, диалог, ортақ төл сөз сияқты көркемдiк құралдарын пайдалана отырып, кейiпкерлердiң характерiн толық қанды етiп ашады. Р.Тоқтаровтың қай шығармасын алсақ та геройдың iшкi жан сезiмiн суреттеу басым.

Р.Тоқтаровтың романдарының мақсаты адамгершiлiктi, адалдықты, тазалықты ту ғып тiккен махаббат атты ұлы сезiмнiң мәңгiлiк екендiгiн анықтай отырып, өскелең жас ұрпаққа үлгi етедi.

Әрбiр жазушының көркемдiк-стильдiк iзденiстерi қаһарманның iшкi әлемiн ашуға қызмет етедi. З.Шашкин де осы тұрғыда көп iзденiс танытқан жазушы. Ол шығармаларында образдың iшкi сезiмiнiң иiрiмдерi мен характерiн көрсетуде, оның психологиясы мен күйiнiш-сүйiнiшiн, сөйлеу төркiнiн, қимыл-қозғалысын, бет-пiшiнiн суреттеудi молынан пайдаланады. Жазушы осы көркемдiк тәсiлдер арқылы қаһарманның iшкi әлемiне ене отырып, оның жан дүниесiнiң сипатын көз алдымызға елестетедi.

Шығармадағы Дәмеш образының көлеңкелеу тұсы –оның осыған дейiнгi сүйген жiгiтi Қайырды тез ұмытып, аз уақыт iшiнде Ниязбен көңiл қосуы. Мүмкiн шын сүю, нағыз ғашық болу дегендi Ниязды көрiп, онымен араласқан кезiнде түсiнуi де мүмкiн ғой. Ғашықтық сезiм айтып келмейдi. Жүрек қалауымен болады. Шығармада Дәмештен айырылдым деп қатты қайғырған Қайырды да байқамаймыз. Сондықтан ауыр науқастан айығып, қиналғанда өмiрiне арашашы болған, жаңа өмiрдi Ниязбен бастауы да З.Шашкин творчествосының сәттi табысы болып саналады.

З.Шашкин шығармаларының мазмұны, көтерген тақырыбының қомақтылығы кейiпкерлерiнiң жаңашылдық сипатымен ғана емес, әдеби формасының сонылығымен де көз түседi. Жазушы төл әдебиетiмiзде әбден қалыптасқан сүрлеуде қайталамай, өзiнше көркемдiк тәсiлдер қолдануға, әсiреқызыл, жалтырақ сөзге үйiрлiк, шұбалаңқылықтан бойын аулақ салып, қазақ прозасына аз сөзбен көп ойды бiлдiру, оқиға қоюлығы, сюжет ширақтығы сияқты екпiндi, публицистикамен төркiндес стильдi әкелуге әрекет еткен. Өз шығармаларында ол iшкi диалогты көбiрек қолдануға тырысқан. Сонымен қатар iшкi монолог, портрет, пейзаж беруде де жазушының өз ерекшелiктерi, iзденiстерi бар.

Жалпы, жазушыларымыздың соңғы кезде адамгершiлiк мәселесiн көбiрек қозғауы, адамның iшкi жан дүниесiне жiтi үңiлiп, жанына тереңнен барлау жасап, сөйтiп, сезiмiн тәрбиелеуге құлшынуы жайдан-жай болмаса керек. Бұның өзi бiр жағынан заңды да. Өйткенi, бүгiнгi уақыт талабы адамгершiлiк пен азаматтыққа қатты көңiл бөлiп, бәрiн де адам, адамдық фактор шешетiндiгiн, бәрi де адамгершiлiкке келiп тiрелетiнiн күн тәртiбiне қойып отыр. Осындай шығармалардың бірі – жазушы Роллан Сейсенбаевтың “Шайтанның тағы” романы.

Романдағы Баян, Қайрат, Омар басындағы махаббат мәселесін жазушы Баянның мінез-құлқын, нанымын, сенімін, ой-пікірін, өмірге көзқарасын, психологиясын, күйініш-сүйінішін, басқаларға қарым-қатынасын шебер суреттеудің негізінде барлық жағдайларды тұтастай көз алдымызға жайып салады.

Баянның тағы бiр қыры; оның мiнезiнiң ашық та ешқандай жасандылығы жоқ екенiн байқатса, екiншiден, қазақ қыздарының бойындағы ұяңдықтан гөрi, қала тәрбиесiмен өскен батылдығы басым екендiгiн байқатады. Бiр кездегi алып-ұшып, тыным бермейтiн сүюден гөрi, жай-күйдi ұғыну басым. Баян ессiз ғашықтыққа емес, естi ақылына бой беретiн келiншек. Романның соңында өз шешiмiн тура айталатын, ақылды да адамгершiлiгi мол, адал, парасатты әйел образын сомдай алғандығын көреміз..

Шығармада жазушы жастардың қажымас қайраты, құдiретi мен жан сұлулығы, қайғы-қасiретi және олардың тек сырт дүние болмысын ғана емес, iшкi жан дүниесiн тереңнен көрсетуде үлкен жетiстiкке жеткен, әрi жан-жақты ашып көрсете бiлген.

XX ғасырдың орта шеніндегі қоғамдағы өзгеріс пен әлеуметтік жағдайдың қайнаған ортасында болған жастар бейнесі көптеген шығармаларға арқау болды. Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы соғыстан кейін жаңа өмірге құштарлықпен қадам жасаған жастар әлемін суреттеуге құрылған. Соғыс жылдарының ауыртпалығына төтеп беріп, рухани сынақтан абыроймен өткен роман кейіпкерлері өз бойларына бейбіт өмірге деген сүйіспеншілікті, білімге деген ынтаны, дос-жар көңілдің кірбіңсіз қалпын сақтаған қаһармандар. Бұл туынды адамгершіліктің асқақ рухын, соны өз бойларына жиған жастардың жан-дүниесін алуан түрлі көркемдік тәсілдермен көрсетіп, оқырманның көңіліне ізгілік дәнін сеуіп, болашаққа жол нұсқайтын шығарма. Кейіпкерлерін суреттеуде автор бірінші жақта баяндау әдісін қолданған. Романның бас кейіпкері майдангер, университет студенті, журналист Ербол Есенов. Оның мінез сипаты, жеке басының қасиеттері әр алуан адамдармен қарым-қатынасында ашылады. Сырттай қораш көрінгенімен, Ербол өз ортасына сыйлы, көңілі кең, досқа адал, білмекке құмар ойлы жас. Ол адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді серік еткен төзімді, абырой-арды жоғары ұстайтын адам. Оны жазушы романдағы Меңтайға, Танаға байланысты әрекеттер үстінде ашады. Ол Меңтайды тек сұлулығы үшін ғана емес, адамгершілігі, өнегелі тәрбиесі, терең ақылы үшін де құлай сүйеді. Бірін-бірі сүйген қос ғашықтың арасына тікенек болып енген Тұмажан секілді ойы таяз, әрекеті қарау кейіпкерді кірістіру арқылы жазушы адамдық қасиет деген ұғымның бағасын тереңдете түседі. Жақсы қыздың абыройы тәнінде ғана емес, жанында болатынын, Меңтайдың басты қасиеті ақылдылығы, адалдығы, арлылығы, жанының жұмсақтығы деп түйген Ербол басына түскен қатал сыннан абыроймен өтеді де, бұл оның адамгершілік өресін биіктете түседі. Ә.Нұршайықов кейіпкерлерінің іс-әрекеттері ауыр сәттерде де, махаббат пен еңбекте де адамгершілік өлшемдерімен бағаланады. Романдағы Ербол мен Меңтай бейнелері, олардың шынайы қарым-қатынасы оқырманға терең ой салады.

Әдебиет әлеміндегі ілгеріге ұмтылу ағарту дәуірінен бастап, ғылыми-философиялық мағынада түсіндіріліп келеді. Бұл мәселе әсіресе, өткен ғасырда терең мәнге ие болды. Себебі, тарихи дамудың бұл кезеңінде қоғамнаң әр түрлі саласындағы өзгерістер адамзат санасына ілгерілеу, серпіліс әкелді.

Әдебиет пен өнер – қоғамның рухани мәдениетіндегі кешенді құбылыс. Олардың бір-бірімен үздіксіз байланыста болуы, дамуы, өткеннің озығын, бүгіннің жаңалығымен үнемі қабыстырып отыруы – олардың өміршеңдігін тереңдетіп, эстетикалық танымдық қуатын өсіреді. Көркемдік әлемінде жаңашылдыққа ұмтылу-үздіксіз жүріп отыратын заңды құбылыс. Бұл ретте, шығармашылық иелерінің ролі үлкен. Себебі, айнала тіршілікті жалықпай зерттеу, жаңа соқпақтар табу, бағыт-бағдарды межелеу, көркемдік биікке жету – суреткер еңбегінің ажырамас бөлігі.

Көркем шығармада адам бейнесі, оның әр түрлі мінез-сипаты мен көңіл-күйінің суреттелуі әр дәуірде өз ерекшелігімен көрініп отырған. Соның ішінде тамырын үзбей қазірге дейін жырланып келе жатқаны – махаббат тақырыбы. Оның фольклор мұраларынан бастап, бүгінге дейінгі көлемді романдарға өзек болуы – махаббат, ғашықтық сарынының мәңгіге жеткен өміршеңдігін көрсетеді. Біздің талдауға өзек еткен көркем туындыларымыз да осы ғашықтық сарынның арқауының әлі де жалғаса беретінін дәлелдейді.



ҚОРЫТЫНДЫ. Қазақ романдарындағы ғашықтық мәселесін сөз етерден бұрын жалпы осы сүйіспеншілік мәселесі дәстүрлі халықтық әдебиетімізде қалай көрініс тапқанына шолу жасадық. Ондағы мақсатымыз – ғашықтық тақырыбының жүйелену, даму, әр қырымен көріну жолдарына әдеби және ғылыми тұрғыдан баға беру.

Қазақ романдарындағы ғашықтық сарындарды талдау нысанасына алған ғылыми жұмыс бірнеше тарауға жіктеліп, әрбір тарауда маңызды бір мәселені талдадақ. «Ғашықтық жыр-дастандар – қазақ романының бастау-арналары» деп аталатын бірінші бөлімде халық ауыз әдебиетіндегі сүйіспеншіліктің жырлануына тоқталадық. Әсіресе, лиро-эпостық жырлардағы ғашықтық мәселесі тереңдей қарастырылып, ғылыми тұрғыда зерделенеді. Екінші бөлім «Тарихи шығармалардағы ғашықтық сарын» деп аталып, іштей «Тарихи романдардағы ғашықтық сарынның көркемдік шындықты ашудағы қызметі», «Тарихи романдардағы ғашықтық сарынның символдық және философиялық мәні» атты тараушаларға бөлінеді. Бұл тараушалардағы талдау өзегі – тарихи тақырыптағы туындылардың ғашықтық желілерді қалай арқау еткендігі сөз болады. Ұлттық әдебиеттегі тарихи романдарды негізге ала отырып, ғылыми талдаулар, сараптаулар жүргізілді. С.Мұқановтың «Ботагөз», М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы, Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», З.Шашкиннің «Тоқаш Бокин», Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романдарындағы ғашықтық желілерге, ғашық жандардың психикасын суреттеу тәсілдеріне тоқталдық. Үшінші бөлім «Ақын, сал-серілер өміріне арналған шығармалардағы махаббат» делініп, өнер тақырыбындағы туындылар талданған. Бұл бөлімнің бірінші тараушасында С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» романындағы ғашықтық характердің берілуін қарастырсақ, екінші тараушасында С.Жүнісовтің «Ақан сері» роман-дилогиясындағы ғашықтық сарынның әлеуметтік маңызы сөз болады. Төртінші бөлім психологиялық романдардағы махаббат тақырыбы жан-жақты қарастырылады. Атап айтқанда, махаббат мәселесін психологиялық талдау жолдарымен таныту ерекшелігі, психологизмнің ішкі әлемдегі сезім ахуалын берудегі қызметі, ғашықтық желілерді суреттеудегі қаламгерлік шеберлік мәселелері жүйелі түрде талданады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – М., 1989. – 305 с.

2 Введение в литературоведение. Под общей редакцией Чернец Л.В. – М.: Высш.шк., 2006. – 680 с.

3 Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. Антикалық философия. – Алматы: Жазушы, 2005. Т.2. – 568 б.

4 Орта ғасырлық діни философия. Жиырма томдық. – Алматы: Жазушы, 2005. Т.5 – 568 б.

5 Қара өлең. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.

6 Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. – Алматы: Бірлік, 1999. – 752 б.

7 Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 312 б.
8 Қыраубаева А. Қазақ әдебиетінің шығыстық қисса-дастандардың түп-төркіні мен қалыптасуы. – Алматы, 1997. –271 б.

9 Ибатов А. Құтбтың «Хұсрау уа Шырын» поэмасының сөздігі. – Алматы, 1974. –37 б.

10 Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы. – Алматы, Мектеп, 1989. – 136 б.

11 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 128 б.

12 Смирнова Н. Фольклор және әдебиет. // Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Жазушы, 1968. – 560 б.

13 Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Жазушы, 1974. – 270 б.

14 Қаратаев М. Көргенім мен көңілдегім. – Алматы: Жазушы, 1982 . – 360 б.

15 Ергөбек Қ. Сәбит Мұқанов. – Алматы: Мектеп, 1989. – 144б.

16 Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы: Санат, 1997. – 336 б.

17 Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы: Жазушы, 1991. – 576 б.

18 Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика). Филология ғылымдарының докторы . . . диссертация. – Алматы, 1997. – 290 б.

19 Қаратаев М. Революция рухымен. – Алматы: Жазушы, 1978. – 416 б.

20 Қирабаев С. «Үркер» романы. //Уақыт және қаламгер. 12-кітап. –Алматы: Жазушы, 1986. – 264 б.

21 Нұрғалиев Р. Телағыс: Әдеби дәстүр мен әдеби даму. – Алматы: Жазушы, 1986. – 440 б.

22 Елеукенов Ш. Тарих және көркем шындық. //Жұлдыз. – Алматы, 1973. №11. 44-49 б.

23 Серікқалиев З. Ақ жол. – Алматы: Жазушы, 1990. – 464 б.

24 Сыдықов Т. Қазақ тарихи романының көркемдік тілі. – Алматы: Ер-Дәулет, 1988. – 164 б.

25 Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: Таным және көркемдік. – Алматы: Ғылым, 1999. – 281 б.

26 Жұртбай Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 368 б.

27 Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым, 1991. – 207 б.

28 Майтанов Б. Тарихи тақырыпқа ақындық көзқарас. //Жұлдыз. – Алматы: 1991. №2.

29 Хамзин М. Қазіргі қазақ романы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2001. – 205 б.

30 Рахымжанов Т. Романның көркемдік әлемі. – Алматы: Рауан, 1997. –223 б.

31 Тарақов Ә. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы. (Абылай хан бейнесінің көркемдік тағылымы). – Алматы: Қазақ университеті, 2004, – 341 б.

32 Мұқанов С. Ботагөз. – Алматы: Жазушы, 1989. – 478 б.

33 Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. Екі томдық. Абай. – Алматы: Жазушы, 1989. 1-кітап. – 616 б.

34 Мүсірепов Ғ. Ұлпан. – Алматы: Жазушы, 1975. – 280 б.

35 Кекілбаев Ә. 2 томдық таңдамалы шығармалары.– Алматы: Жазушы, 1989. Т.1. – 400 б.

36 Сүйіншәлиев Х. Ізденіс іздері. – Алматы: Жазушы, 1975. – 220 б.

37 Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: Санат, 1996. – 336 б.

38 Мұқанов С. Алтын аймақ. – Алматы: Жазушы, 1988. –270 б.

39 Мущанов М.. Ақан, Ақтоқты, Жалмұхан хикаяттарының дұрыстығы // Сарыарқа. – Жезқазған, 10.10.2002.

40 Жүнісов С. Ақан сері. 2 томдық шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1981. Т.1 – 368 б.

41 Гинзбург Л.О. О психологической прозе. – Л: Советский писатель. Ленинградское отделение, 1971. – с. 464.

42 Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. –560 б.

43 Мұқанов С. Адасқандар. – Астана: Елорда, 1999. – 309 б.

44 Саттар Ерубаев. Мәңгілік өмір. – Алматы: Жазушы, 1993. – 544 б.

45 Қанахин Ө. Құдірет. – Алматы: Жазушы, 1979. – 342 б.

46 Есенберлин І. Соңғы жылдар жазбаларынан // Қазақ әдебиеті. 1980. 10.09.

47 Есенберлин І. Он томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы: Жазушы, 1984.- 400 б.

48 Тоқтаров Р. Тұлпардың сыны. – Алматы: 1975. – 350 б.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР
Монография мен кітаптар:

1 Реалистік образ жасау жолындағы ізденістер. Оқу құралы. – Жезқазған: ЖезУ, 1999. – 78 б.

2 Әйелдер образын жасаудағы алғашқы тәжірибелер. Оқу құралы. – Жезқазған: ЖезУ, 1999. – 51 б.

3 Қазақ тарихи романдарындағы махаббат желісі. Оқу құралы. – Астана: «Ана тілі –Ата тарих». 2006. –100 б.

4 Психологиялық романдардағы махаббат тақырыбы. Оқу құралы. – Астана: «Ана тілі –Ата тарих». 2007. –134 б.

5 Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын. Монография. – Астана, 2007. –

280 б.

Ғылыми мақалалар:

6 Алғашқы қазақ романдарындағы әйелдер бейнесі // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1998, №8. – 83-88 б.

7 ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы ақын-жазушылардың шығармаларындағы әйелдер бейнесі. Ы.Алтынсарин мұралары және білім берудің өзекті мәселелері. Аймақтық ғылыми практикалық конференция. Жезқазған: ЖезУ, 2001. – 168-172 б.

8 «Ұлпан» – ғашықтық роман. Жезқазған университетінің хабаршысы. 2002, № 1. – 106-108 б.

9 «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ғашықтық сезімді беру жолындағы жазушының шеберлігі. ІІ- Халықаралық Байқоңыров оқуларының ғылыми конференциясының материалдары. – Жезқазған: ЖезУ, 2002. – 106-108 б.

10 Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы образ сомдау шеберлігі.// Жезқазған университетінің хабаршысы. – 2002. № 2. – 25-27 б.

11 І.Есенберлиннің «Ғашықтар» романының көркемдік ерекшеліктері. Жезқазған университетінің хабаршысы. – 2002, № 2. – 27-30 б.

12 Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Есеней мен Ұлпан арасындағы үлкен сезім. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 24 қазан 2002 ж. өткен «Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық тағлымы» атты Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары. Көкейкесті әдебиеттану. 2 кітап. – Астана. 2002. 80-85 б.

13 С.Жүнісовтің «Ақан сері» диологиясындағы Ақан бейнесі. Білім берудің қазіргі үлгісі: Мамандар даярлаудың жаңа технологиясы. ІІІ – Халықаралық Байқоңыров оқуларының ғылыми жинағы. – Жезқазған: ЖезУ, 2003. –54-59 б.

14 Ә.Тарази шығармаларындағы адам тағдыры. Білім берудің қазіргі үлгісі: Мамандар даярлаудың жаңа технологиясы. ІІІ – Халықаралық Байқоңыров оқуларының ғылыми жинағы. –Жезқазған: ЖезУ, 2003. –64-68 б.

15 Р.Тоқтаров романдарындағы ғашықтық мәселесі. // ҚР ҰҒА-ның хабарлары. – Алматы, 2003. №5. – 84-89 б.

16 60-90-жылдардағы қазақ романдарындағы махаббат, адамгершілік мәселелері. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. Әдебиет және өнер мәселелері: Ғылыми мақалалар жинағы, 6-шығарылуы, –Алматы, 2003. – 36-44 б.

17 Cезім сергелдеңі (Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы бойынша) //Ұлт тағылымы. Ғылыми-педагогикалық басылым. 2004, №3. – 151-155 б.

18 Ғашықтық жырлардың тәрбиелік мәні. // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2004, №7. 67-71 б.

19 Алғашқы кеңес дәуіріндегі прозалардағы ғашықтық сезім және дәуірдің өзіндік ерекшелігі (С.Мұқанов шығармалары бойынша). «Шоқан тағылымы -9» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Көкшетау, 2004. – 79-82 б.

20 Кейіпкер психологиясын ашу шеберлігі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 17 қазан 2003 ж. өткен «Алаш қайраткерлері шығармашылық мұрасының қазіргі мәдени-рухани және ғылыми дамумен сабақтастығы» атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Көкейкесті әдебиеттану. 4 кітап. – Астана, 2004. – 140-144 б.

21 Адал махаббатты аңсаған жастар. Ұлытау –Жезқазған - көне өркениет пен Ә.Х.Марғұланның ғылыми зерттеу аймағы. Республикалық «3 - Марғұлан оқулары» материалдарының жинағы. – Жезқазған: ЖезУ, 2004. –141-145 б.

22 Ш.Құмарова шығармаларындағы махаббат сезімін ашу жолдары. Ұлытау -Жезқазған – көне өркениет пен Ә.Х.Марғұланның ғылыми зерттеу аймағы. Республикалық «3-Марғұлан оқулары» материалдарының жинағы. –Жезқазған: ЖезУ, 2004. – 146-151 б.

23 І.Есенберлин шығармасындағы махаббат және ғадауат // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы, 2004, №4 (2). – 244-249 б.

24 Шәкәрім шығармаларындағы махаббат мәселесі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. – Астана, 2004, №4. –13-17 б.

25 Қазақ мәдениетінің рухани көздері. Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт Ата мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Қызылорда. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ баспасы, 2004. – 282-285 б.

26 Ақын, сал-серілер өміріне арналған шығармалардағы ғашықтық. Жезқазған: кеше, бүгін, ертең. Ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Жезқазған, ЖезУ. 2004. – 125-134 б.

27 Әйелдер образын жасаудағы ұлттық ерекшелік. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің Хабаршысы, 2005, №2. – 77-80 б.

28 Алғашқы қазақ романдары Б.Кенжебаев зерттеуінде. Проф. Б.Кенжебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ әдебиетінің тарихы: методология және теория» атты Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясының материалдары. Көкейкесті әдебиеттану. 5 кітап. – Астана, 2005. – 90-95 б.

29 Кейіпкер психологиясын ашудағы жазушы ізденісі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Хабаршысы, 2005, №1., – 147-150 бб.

30 З. Шашкиннің «Доктор Дарханов романындағы мамандық пен махаббат желісінің егіз өрілуі» // Абай, 2005, №1. – 23-25 б.

31 Фольклорлық шығармалардағы ғашықтық. «Шоқан тағылымы-11» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Көкшетау, 2006. – 242-244 б.

32 Қаһарманның ішкі жан әлемін ашу шеберлігі (Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы бойынша) // Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысы. – Түркістан. 2006, қаңтар-ақпан, №1. – 96-99 б.

33 Абай шығармаларындағы ғашықтық сарын. ҚР Білім беру саласындағы тіл саясаты: тәжірибелер, мәселелер мен перспективалар. Республикалық ғылыми-практикалық конференция. Еуразия гуманитарлық институты. –Астана, 2006. – 267-270 б.

34 Қазақ прозасындағы махаббат тақырыбы. Қазіргі заманғы түркология: теориясы, практикасы және алдағы міндеттері. Екі том. Екінші том (ІІ халықаралық түркология конгресінің материалдары, 6-9 қазан. 2004 ж.) –Түркістан, «Тұран» баспасы. 2006. – 242-246 б.

35 Б.Нұржекеевтің «Күтумен кешкен ғұмыр» романындағы ғашықтар тағдырының ұлттық психология мен педагогикаға тән берілісі //Қарағанды университетінің Хабаршысы, 2006, №4(44), – 114-117 б.

36 Тарих арналарындағы махаббат дертінің айшықталуы. «Шоқан тағылымы-12» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Көкшетау, 2007. – 109-112 б.

37 Қанды жорықтардағы құштарлық сипаты. «Шоқан тағылымы -12» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Көкшетау, 2007. – 118-121 б.

38 Психологиялық романдардағы ғашықтық мотив. «Шоқан тағылымы - 12» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Көкшетау, 2007. – 122-126 б.

39 Сал-серілер шығармаларындағы сұлулық пен махаббат мәселесі. «Қайнар» университетінің хабаршысы, 2007, №2/1, – 91-95 б.

40 Абай шығармаларындағы ғашықтық сарын. ҚХР. – Синдян Жастар- Өрендер баспасы. 21.05.2007, – 1-11 б.

41 Б.Нұржекеевтің романындағы ғашықтық сарын. ҚХР. – Синдян Жастар- Өрендер баспасы. 21.05.2007, – 12-21 б.

42 Ө.Қанахинның «Құдірет» романындағы ғашықтық сезім. Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. 2007, № 3., – Астана.



Диссертант еңбектеріне байланысты жарияланған мақалалар:

1 Әлжантегі Т. Мәңгі тақырыпқа арналған монография // Орталық Қазақстан. 17 шілде, 2007.

2 Ештанаев Ғ. Ғалымның тағы бір табысы // Мысты өңір, 3 тамыз, 2007.

3 Ахметов К., Үмбетова А. Сөздегі сезім сырларын зерделеген //Сарыарқа, 7 қыркүйек, 2007.



Резюме

на автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора филологических наук по специальности 10.01.02-казахская литература
Тапанова Сауле Есембековна
«Мотив влюбленности в казахском романе»
Казахская проза двадцатого века изобразила многогранность судьбы народа, передала основную суть идеалов и стремлений, свойственных человеку. Исторический и социально-общественный облик эпохи казахские литературные деятели передавали через описание действий и поступков, характера и поведения, взаимоотношений, мыслей и чаяний, духовного мира художественных образов. Одно из высоких чувств, свойственных человечеству – это любовь, влюбленность. Оно воспевается с давних времен, начиная с народного фольклора до сегодняшних объемных произведений прозы, развиваясь вместе с познанием мира человеком, развитием религии, философии, эстетики. С этой точки зрения данная работа, в которой проведено самостоятельное исследование темы любви, тайны чувства влюбленности, его эстетического влияния, приемов и способов его выражения в прозаических произведениях, является очень актуальной.

Цель исследования – дать новое толкование традиционного изображения и особенностей воплощения в жанре романа, способов и приемов передачи мотива любви в казахской литературе, выбор художественных направлений в соответствии с развитием общества, изменения чувств и настроений, поведения человека.

Объектом исследования явились художественные произведения, в основу сюжета которых лег мотив влюбленности. А именно, лиро- эпические сказания «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», эпосы, основанные на восточных сюжетах «Жүсіп-Зылиха», «Бозжігіт», «Хұсрау уа Шырын», а также романы Ж.Аймауытова «Ақбілек», М.Ауезова «Путь Абая», С.Муканова «Сулушаш», «Ботагөз», «Сбившиеся с пути», Г.Мусрепова «Ұлпан», З.Шашкина «Тоқаш Бокин», С.Жунусова «Ақан сері», С.Шаймерденова «Инеш», И.Есенберлина «Влюбленные», «Праздник любви», А.Нуршаихова «Годы радости и любви», О.Канахина «Всемогушество», С.Ерубаева «Мои ровесники», Б.Нуржекеева «Жизнь проведенная ожиданием», А.Нурпеисова «Последний долг», Р.Токтарова «Счастье», Ш.Кумаровой «Женское счастье», «Царство чувств» и другие произведения стали источниками диссертационного исследования.

В исследовании были использованы традиционные методы научного описания, историко-сопоставительного сравнения, комплексного анализа, систематизации, обобщения.



Научная новизна исследования. В диссертационной работе впервые целенаправленно был изучен на уровне монографии мотив влюбленности, ставший стержнем жанра романа в казахской литературе. Было принято к сведению, что тема любви, постоянно воспеваемая в произведениях акынов, которые раскрывали правду жизни, проблемы, волновавшие их, изображалась в традиционных чертах. Эта тема любви явилась эстетическим произведением, нашедшим продолжение в казахских эпосах-песнях и песнях-плачах. Была выявлена и проанализирована в соответствии со спецификой эпохи особая роль истинного чувства и глубокой любви в тесно переплетенной песнями и сказаниями жизни сал-сери (акынов-певцов). Раскрытая в первых казахских романах проблема любви была рассмотрена фундаментально не только с точки зрения социально-общественного изображения, но и изучена наряду с веками взлелеянными мечтами о свободе, независимости, с морально-этическими и правовыми нормами. Этим представлениям была дана соответствующая оценка. В исторических романах, изображающих поворотные периоды в истории народа, национальное своеобразие, национальная психология, традиции, обычаи и нравы анализировались в их связи с чувствами нежности, поведением и взаимоотношеними влюбленных персонажей, рассматривались с точки зрения творческих особенностей писателей. Также ряд казахских романов впервые анализировались как социально-психологические произведения, чувства влюбленности их героев, моральные проблемы разбирались относительно общественного состояния, окружающей среды; проводились научные изыскания.

На защиту выносятся следующие положения:



  • мотив влюбленности – постоянно воспеваемая тема, начиная с ранних литературных наследий до современных произведений;

  • лиро-эпические сказания и поэмы о влюбленных в устном народном творчестве – первооснова мотива влюбленности;

  • песни-сказы искусных акынов и сал-сери – национальные эталоны воспевания темы любви;

  • первые романы в казахской литературе – произведения, выдвинувшие на первый план в социально-общественных условиях свободу человека, чувство влюбленности между молодыми людьми;

  • исторические романы в казахской литературе – произведения, актуализировавшие желанную для народа независимость нации и цели-идеалы мирной жизни наряду с чувством любви, влюбленности;

  • художественные произведения, описывающие социально-психологические проблемы – произведения, комплексно раскрывающие наряду с многогранными взаимоотношениями между эпохой и человеком, обществом и молодежью, такие понятия как гуманизм, уважение и любовь.

Теоретическая и практическая значимость исследования. Результаты данного исследования могут быть использованы при изучении истории казахской литературы двадцатого века, в програмах спецкурсов и спецсеминаров, посвященных изучению казахской прозы, творчества отдельных писателей.

Resume

of dissertation of Tapanova Saule Essembekovna on the theme


“The Love Motif in the Kazakh Novel”
Speciality 10.01.02 – Kazakh Literature
The Kazakh prose of the twentieth century portrayed the diversity of the people’s destiny, and depicted the basic ideals and aspirations that are typical for all humans. Kazakh writers showed the historic and social aspect of the epoch through the description of behavior and attitudes, characters, interrelations, thoughts and wishes, of the inner world of literary figures. One of the valuable feelings that are distinctive for a human being is love. It has been sung of for a long time starting with folklore till today’s voluminous prosaic works, developing side by side with world cognition, evolution of religion, philosophy and esthetics. From this point of view this dissertation is a work of original scholarship and very topical. It studies the love theme, the mystery of this feeling, its esthetic influence, and ways and means of its portrayal in prose.

The purpose of this research consists of a new interpretation of traditional portrayal and picturing peculiarities in novel genre, as well as ways and means of representing love motifs in Kazakh literature, in selecting artistic trends according to the development of society, human feelings and mood change.
The research sources are belles-lettres based on love motifs. Namely lyrical and epic tales “Kosy Korpesh and Bayan Sulu”, “Kyz Zhibek”, “Aiman-Sholpan”, epos based on oriental topics “Zhusip and Zyliha”, “Bozjigit”, “Husrau&Shyryn”, as well as novels of Zh.Aimautov “Akbilek”, M.Auezov’s “Abai’s Path”, S.Mukanov’s “Botagoz”, “The Lost”, G.Musrepov’s “Ulpan”, Z.Shashkin’s “Tokash Bokin”, S.Zhunussov’s “Akan Seri”, S.Shaimerdenov’s “Inesh”, I.Essenberlin’s “In Love”, “Love Festival”, A.Nurshaichov’s “In the Days of Joy and Love”, O.Kanakhin’s “Omnipotence”, S.Erubayev’s “My Peers”, Sh.Kumarov’s “Woman’s Happiness”, “The Realm of Feelings” and other literary works were the sources of this scientific thesis.
The traditional methods of scientific description, historic-comparison and complex analysis, systematization and generalization were used during the investigation process.
The scientific novelty of the research. For the first time the love motif that had become the core of the novel genre in Kazakh literature was purposefully studied as a monograph in the dissertation. It was taken into consideration that the love theme has been always sung in Akyns’ poetry – which revealed the reality of life and challenging problems – was portrayed in a traditional outline. This love theme was the esthetic work which was extended in Kazakh epos and mourning-songs. The specific role of the true feeling and deep love was revealed and analyzed in the lives of the Sal-Seri which were closely interlaced with songs and legends in accordance with the specific character of the epoch. The love theme that had been sung in the first Kazakh novels was studied thoroughly not only from the point of view of social portrayal but was considered equally with the centuries-long cherished hope of freedom, independence and with the moral-ethic and legal norms. The appropriate evaluation was given to these concepts. In historic novels that depicted the crucial periods in the nation’s history the national peculiarity, national psychology, customs and traditions were analyzed in their connection with the feelings of tenderness and love, conduct and interrelations of characters being in love, and were considered from the point of view of the creative originality of the writers. Some Kazakh novels were also analyzed for the first time as social and psychological works; the love feelings of their characters, and moral problems were considered concerning the social structure and milieu; the scientific investigation was undertaken.
The basic positions which are born on protection:

  • love motif is the theme regularly sung of, starting with the early literary heritage until the present-day works;

  • lyric and epic tales and poems about people in-love in folk poetry are the first principle and source of love motif;

  • song-tales by skillful Akyns and the Sal-Seri are the national standard (model) of singing of love themes;

  • the first novels in Kazakh literature are works that brought to the forefront human freedom and love between young people in social conditions;

  • historic novels in Kazakh literature are the works that showed the topicality of the longed for independence of the nation and the goals and ideals of a peaceful life equally with the feeling of love;

  • fiction works that reveal social and psychological problems are the works which give an all-round consideration of such conceptions like humanity, respect and love equally with many-sided interrelations between the epoch and people, society and youth.


The theoretical and practical significance of the research. The results of the research can be used in the process of studying the history of the Kazakh literature of the twentieth century as well in the programmes of special courses and seminars dedicated to the study of Kazakh prose and literary activity of some other writers.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет