ӘӨЖ 94(575+574) : 39 Қолжазба құқығында


Мәселенің зерттелу деңгейі



бет4/37
Дата12.12.2021
өлшемі494,5 Kb.
#99805
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
avtoref kalshabayeva

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақ диаспорасы тақырыбының ғылыми тұрғыдан зерттелуі ХХ ғ. 90 жылдарынан басталады. Дегенмен де, Қазан төңкерісіне дейінгі және Кеңес өкіметі жылдарындағы жарық көрген тарихи-этнографиялық еңбектерде Орта Азия қазақтары жөніндегі мәліметтер кездеседі. Мәселен, Орта Азия қазақтарының ХІХ ғ. саны, этникалық құрылымы, тұрмысы мен мәдениеті жөнінде П. Паллас, И. Фальк А.И. Макшеев, П.И. Пашино, М.А.Терентьев, Ю.Я. Янсон, Л.Ф. Костенко, А.В. Каульбарс, В.И. Масальскийдің т.б. еңбектерінен көптеген мағлұматтар алуға болады. Қазан төңкерісіне дейінгі Орта Азия халықтарының орналасу аумақтары, халқының саны, этникалық құрамы, шаруашылығы, мәдениеті жөніндегі мәліметтер әр жылдардағы «Материалы для статистики Туркестанского края», «Обзор Сырдарьинской области», «Обзор Семиреченской области», «Обзор Закаспийской области», т.б. басылымдарда жан-жақты беріледі. Сырдария облысы қазақтарының шаруашылығы А.К. Геинс, Н.А. Маев, И.И. Гейер, Н.Н. Александров, Н. Дингельштет, т.б. еңбектерінде берілсе, ХIХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. бас кезеңінде қазақ отбасына байланысты жазылған этнографиялық материалдар Н.И. Гродеков, Р. Карутц, Ә. Диваевтың еңбектерінен кездестіреміз. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы мәліметтер «Сельское хозяйство в Туркестанском крае», «Отчет Сырдаринского экономического Совещания за 1921-1922 гг. хоз. год», т.б. еңбектерде кездеседі.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы Түркістан өлкесін аудандастырумен байланысты қалыптасқан халықтардың сандық құрамы, этникалық аумақтары жөнінде Н.И. Балашев, «Материалы по районированию Узбекистана», И.И. Зарубин, Н.Б. Архипов т.б. еңбектерінде баяндалса, 1924-1926 жж. Орта Азияның этникалық шекарасы межелеу нәтижесі, оның халықтар дамуындағы орны Т.А. Жданко, Х.Т. Турсыновтың еңбектерінде көрсетіледі. ХХ ғ. 30 жылдарында ұйымдасқан Хорезм археологиялық-этнографиялық кешенді экспедиция С.П. Толстовтың, Т.А. Жданконың басшылығымен ұзақ жылдар Хорезм аумағындағы өзбек, қарақалпақ, түрікмен және қазақтардың этнографиясын зерттеп, құнды мәліметтер қалдырды. Осы экспедицияның құрамында зерттеу жұмысын жүргізіп, Қарақалпақстан қазақтарының тарихы мен этнографиясын және олардың қарым-қатынасын архив деректерімен далалық зерттеулер негізінде жазған У.Х. Шалекеновтың 4, Хиуа хандығындағы қазақтар мен қарақалпақтарды С.К. Камаловтың 5, Өзбекстандағы халықтардың мәдениетін салыстырмалы қарауда К. Шаниязовтың 6, аумақтағы қазақтардың сандық құрылымы жөніндегі мәліметтер Н.Е. Бекмаханованың 7, т.б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылады. Жалпы, 1983–1984 жж. ҚазҰУ археология және этнология кафедрасы ұжымы алғаш рет т.ғ.д. профессор Ә.Т. Төлеубаевтың жетекшілігімен Орынбор, Астрахан облыстарындағы қазақтардан этнографиялық материалдар жинақталған болатын, соның негізінде 13 баспа табақ ғылыми есеп пен монография жазылды.



Тікелей тақырыппен байланысты Орта Азиядағы халықтардың саны, этникалық құрамы, өсу, кему динамикасы Х. Салимовтың, И.Р. Муляджановтың, т.б. еңбектерінде қарастырылады. Түркіменстандағы қазақтар жөніндегі мәліметтерді Ш. Кадыров, М.Г. Гапуров, А. Оразов, т.б. еңбектерінен, Қырғызстандағы халықтардың этникалық сандық құрылымы жөнінде К.К. Кронгардтың , А.С. Кочкуновтың, В.С. Желоховцева, т.б. еңбектерінен алдық. Сол сияқты Н.А. Ахмадиевтің, Т. Мирхаликовтың, т.б. еңбектерінен Тәжікстандағы қазақтар жөнінде мәліметтер алынды. Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан үшін қазақ диаспорасы мәселесі тек 1991 жылдан бастап ғылыми проблема ретінде қазақ диаспорасының қазіргі жағдайы мен болашағы жөнінде мәселелер көтеріле бастады. Соның бірі 1999 жылы 14 қыркүйекте өткен Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, Ұлттық Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен «Қазақ диаспорасы тарихын зерттеудің келелі мәселелері» атты ғылыми тәжірибе конференциясында да диаспора мен оралмандардың саяси әлеуметтік жағдайы және рухани мәдениетін насихаттау жөнінде көптеген келелі ұсыныстар айтылды. М.Қ Қозыбаев Қазақ диаспорасының тарихын зерттеудің келелі мәселелері атты ғылыми-практикалық конференцияда жасалған баяндамада: «Ғылымның диаспорология деген ұғымы қалыптасты. Біз біртұтас ұлт, халық боламыз десек ғылымның сол саласын әлі де зерттей түсуіміз керек» – деп атап көрсетті 8. Отандық тарихшылардың ішінде қазақ халқының сандық құрылымын салыстырмалы түрде қарауда М.Х. Асылбековтың, біздің зерттеу жұмысымыздың кейбір тұстарын ашуда С. Мадуановтың, У.Х. Шалекенов пен М.У. Шалекеновтың және т.б. еңбектерінде жергілікті халықтар арасындағы өзара байланыс пен ықпалдылық мәселелері қарастырылды. Қазақ диаспорасын теориялық-әдіснамалық тұрғыда талдап, алыс шет елдік отандастарымыз жөнінде келелі тұжырымдар жасаған белгілі ғалым Г.М. Меңдіқұлованың еңбектерінің маңызының жоғары екендігін айта кеткеніміз жөн 9. Шет жерлердегі қандастарымыздың тарихы мен этнографиясы жөнінде көптеген ғалымдарымыз қалам тартты. Мәселен, Алтай қазақтарының этникалық тарихы жөнінде белгілі ғалым, этнолог-антрополог О. Смағұлов, Монғолиядағы қазақтардың тарихы мен этнографиясы жөнінде ғалым З. Қинаятұлы, қазақ-қытай қарым қатынастары жөнінде Н. Мұхамедханұлы т.б. Орта Азиядағы қазақтардың материалдық мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеуде арқау болған Н. Алимбай, Х. Арғынбаев, М. Мұқановтың 10, қазақ халқының баспана құрылыстарын Орта Азия халықтарымен салыстыра зерттеуде белгілі ғалым С. Жолдасбаевтың еңбектері құнды 11. Аумақтағы қазақтардың отбасы және отбасылық қатынастарындағы әдет ғұрып, салт дәстүрлерін зерттеуде Х. Арғынбаевтың 12, Ә.Т. Төлеубаевтың 13 еңбектерін негізге алсақ, қазақтың қоныстары, ғұрыптық кешендері жөнінде түрікмен, қарақалпақ халықтарымен салыстыра талдап, зерттеген археолог-этнограф С. Әжіғалидың 14 еңбектерінің орны ерекше. Сондай ақ Маңқыстау қазақтарын зерттеген Ү. Қыдыралиннің 15, қазақ этнографиясын аумақтық салыстыруда Ж. Артықбаевтың 16, қазақ қолөнерінің Орта Азия халықтарымен ұқсастығы мен ерекшелігін зерттеуде Ш. Тохтабаеваның 17, Н. Шаханованың 18, Р. Мустафинаның 19, т.б. еңбектері де жұмысымыздың кейбір тұстарын айқындауда арқау болды. Диссертациямыздың Өзбекстандағы қазақтарға байланысты тарихи жағын зерттеуде К.И. Кобыландиннің 20 еңбектерінің маңыздылығын атап көрсеткіміз келеді. Соңғы кезеңдерде сырттағы қазақтарды тарихи –этнографиялық тұрғыдан кешенді түрде зерттеуде Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ғалымдарының Өзбекстан мен Қарақалпақстанға, Монғолияға жүргізген кешенді экспедицияларының маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет