Жұмыстың негізгі мазмұны
Елiмiз егемендiк алғаннан берi болып жатқан терең өзгерiстер қоғам тiршiлiгiнiң барлық салаларына, оның iшiнде бiлiм жүйелерiне де әсерiн тигiзiп отыр. Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» заңы, бiлiм саласының мемлекеттiк саясатын айқын көрсетiп, осы жүйедегi өзектi проблемаларды реформалауды көздедi.
Болашақ қоғам мүшелерiн бiлiмдi, парасатты етiп қалыптастыруда химия пәнiнен бiлiм берудiң алатын орны ұшан-теңiз. Себебi, химия ғылымы адам баласын күнделiктi өмiрде қоршап қана қоймай, күнбе-күн олардың керегiне, мұқтажына, қажетiне, өмiр тiршiлiгiне жарайтын заттар мен құбылыстар туралы бiлiм беруге бағытталған. Сондықтан да орта мектеп химиясынан берiлетiн бiлiм мазмұны мен оның көлемi замана талабына қарай өзгерiп отырады.
Бүгінгі күннің басты ерекшеліктерінің бірі ақпараттың шамадан тыс көп мөлшерде дамуы. Сондықтан да оқу қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғары деңгейде меңгеретін және тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында инновациялық өзгерістерді алып келіп, оқудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады. Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интерактивті оқыту мен құралдары білімді игеру үдерісінде білім алушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді.
Интерактивті оқыту – бұл ең алдымен диалогты - сұхбаттасып оқыту. Диалог дәстүрлі оқытуда да кездеседі, бірақ бұл кезде диалог тек «оқушы-оқушы» немесе «мұғалім - оқушылар тобы (сынып)» арасында ғана болады. Ал интерактивті оқытуда диалог «оқушы-оқушы» (жұптасып жұмыс істеу), «оқушы – оқушылар тобы» (топпен жұмыс), «оқушы – аудитория» немесе « оқушылар тобы - аудитория» (топта жұмысты презентациялау), «оқушы – компьютер», «оқушы – жұмыс дәптері» бағыттарында кездеседі [58].
Интерактивті оқытуда білім үдерісі төмендегідей ұйымдастырылады:
1) Барлық білім алушылар бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасайды;
2) Әрбір білім алушы өзінің үйренгені мен білімін, түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, өз ойларын қорытындылайды;
3) Білім алушылар білімді өздігімен құрастыратын орта жасау.
Бейорганикалық химияны интерактивті құралдармен оқытудың тиімді жолдарын экспериментке қою және оның нәтижесі диссертацияның 2.2 бөлімінде баяндалады.
Жалпы бiлiм беретiн мектепте химия пәнiн оқыту үдерісінде интерактивті оқыту құралы – зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерін қолданудың тиiмдi жолдары мен әдiс-тәсiлдерiн талдап көрсетуге және оның артықшылығын дәлелдеуге тырыстық. Эксперименттiк-тәжiрибелiк жұмыстар үш кезеңде жүргiзiлдi.
I-кезең (2010 -2011 жж.) педагогикалық эксперимент сабақтары жүргiзiлу үшiн сыныптар таңдалынып, оқушылардың химиялық бiлiмдердi меңгеруi, теориялық бiлiмдi практикада пайдалана бiлуi, оқушының пәнге қызығушылығы, бiлiмдi есте сақтау қабiлеттiлiгi деңгейi анықталды. Сонымен қатар эксперименттiң I-шi кезеңiнде педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдебиеттермен танысып, оқулық мазмұнының өзгеруiне байланысты химия пәнiн оқытуға қазiргi кездегi қойылатын дидактикалық талаптарды анықтауға тырыстық. Оқушылар бiлiмiн байқау үшiн сауалнама, әңгiме, байқау, қорытындылау әдiстерiн пайдаландық.
II-кезең (2011 ж.) теориялық әдiстемелiк материалдар жинақтау жұмысы жалғасты. Эксперименттiң мақсаты айқындалды. Зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерінің ерекшелiктерi анықталды. Эксперименттiк сабақтардың тақырыптық жоспары жасалды.
III-кезеңде (2012 ж.) Қызылорда қаласындағы №171 және Қызылорда облысы Шиелi ауданы №228, Сырдария ауданы №147 мектептерiнде эксперименттiк жұмыстар жүргiзiлдi. Эксперименттiк топ пен бақылау тобы анықталып, эксперименттiк топта химияны оқыту кешендермен зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерін, интерактивті әдіс-тәсілдермен кiрiктiре отырып пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Ал, бақылау тобында бiлiм беру бұрынғы пайдаланылып жүрген оқулықтар, жұмыс дәптері негiзiнде дәстүрлі әдістермен ұйымдастырылды.
Негiзiнен ғылыми-зерттеу кезiнде мектептегi бақылау жұмысы екi бағытта жүргiзiлдi:
Достарыңызбен бөлісу: |