Әок қолжазба құқығында



бет4/9
Дата02.06.2022
өлшемі350 Kb.
#145766
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-68957

Қорытынды


Интерактивті оқу құралы – оқушы жұмыс дәптері мен интерактивті әдіс – тәсілдерін кіріктіре пайдалануды ұсыну үшiн жүргiзiлген зерттеу жұмысының нәтижесi мына төмендегi жағдайларды анықтады:



  1. Әр кезең оқулықтары мен оқу бағдарламаларының оқушыларда химиялық бiлiм қалыптастырудағы тарихи кезеңдерi, қоғам алдына қойған мақсат мүделерi, соған сәйкес жасалынған әдiстемелiк құралдар ауқымы айқындалды.

  2. Мектептерде химияны оқытудың казiргi кезеңдегi жай-күйi қарастырылды.

  3. Қазiргi таңда мектеп өмiрiнде қолданылып отырған «Химия» оқулықтарына (8-сынып) сәйкес берілген жұмыс дәптерінің жүйесi мен мазмұны сараланып, олардың жетiстiк жақтары мен кемшiлiк тұстары айқындалды.

  4. Химия пәнi бойынша берiлген оқу-әдiстемелiк кешендер құрамына кіретін оқушы жұмыс дәптерінің жаңа талапқа сәйкес жазылған оқу құралдары ретiнде iрiктеп, оларды бiлiм беру жүйесiнде қолданудың жолдары көрсетiлдi. Жекебас сапаларын тәрбиелеу мүмкiндiгiнiң жолдары көрсетiлдi.

  5. Оқушы дербестiгiне жол ашу мақсаттарын жүзеге асыруда интерактивті оқу құралы – зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерін интерактивті әдістермен кiрiктiре қолданудың тиiмдiлiгi дәлелдендi.

  6. Жүргiзiлген эксперименттiк жұмыстар нәтижесi интерактивті жұмыс дәптерінің кешендер мен интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалану негiзiнде оқушылардың шығармашылық деңгейiн көтеруге болатындығын дәлелдедi.

  7. Педагогикалық эксперимент кезiнде оқу-құралдарын интерактивті әдістермен оқыту арқылы оқушылардың өзiндiк жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары көрсетiлдi.

  8. Педагогикалық экспериментке қатысқан оқушылардың 90 пайызы жоғары бiлiм нәтижесiн көрсетiп ғана қоймай, тестiк бақылау кезiнде теориялық бiлiмдерiн практикалық iс-әрекетте қолдана бiлгендiгi, оқу-құралын тиiмдi қолданудың нәтижесi екендiгiнiң дәлелi болды.

  9. Оқулықтар мен интерактивті оқу-құралдарын оқу үрдерісінде жүйелi пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, химиялық ұғымдарды саналы меңгеруiн, алған бiлiмдерiн кез –келген жағдаятта пайдалана бiлу мүмкiндiгiн жоғарлатуға болатындығы айқындалды.

  10. Эксперименттiк жұмыстар қорытындылары зерттеу жұмысының болжамын толық дәлелдедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет