Әр түрлі аурулар мен жағдайларға мамандандырылған мейірбике күтімі Білім алушы білу керек



бет6/18
Дата11.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#131404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
әр түрлі аурулар мен жағдайларға мамандандырылған мейірбике күтімі

Сілтілермен улану
Улану көбінесе үй жағдайында, өндірісте кездеседі. Құрамында сілтісі бар химиялық заттар тұрмыста медицинада, электролит күйінде, тыңайтқыштар дайындау үшін қолданады. Интоксикация удың іш қуысына немесе оның буы тыныс жолдарына түскенде де болады. Сілтілерге натрий гидроксиді NaOH, калий гидроксиді КОН, кальций гидроксиді (әк) Ca(OH)2 және т.б. жатады
Белгілері: 1.Еріннің, ауыз қуысының шырышты қабаттарының күюі. 2.Ауыз қуысында, өңештің күюінде қатты ауырсынулар болады. 3.Жүрек айну, құсу болады. 4.Сілекейдің көп бөлінуі. 5.Қатты су ішкісі келуі. 6.Көмейдің күюі, жұтынудың қиындауы.
7.Қан аралас диария. 8.Тыныс алу функциясының бұзылуы. 9.Жүрек жұмысының бұзылуы.
Терісіне түскенде қатты күйеді, көзге түскенде ісік, коньюктивит, көрудің бұзылуы дамиды.Асқынулары асқазан перфорациясы мен өңештің, іш қуысына қан кету.
Алғашқы көмек. 1.Дәрігерді шақыру. 2.Теріге түскенде, уды көп сумен жуады,киімін шешеді. 3.Ауыз қуысын сірке қышқылымен, лимон шырынымен шаяды. Ол сілтіні бейтараптайды. Сірке қышқылымен реакциясы:
2KOH + 2CH3COOH = 2CH3COOK + H2O
4.Тамағына жылы компресс қою. Лимон қышқылы немесе сірке қышқылын 6-10 л сумен алғашқы 4 сағатта жуады.
5.У көзге түскенде 15 мин бойы салқын сумен жуып, новокаин ерітіндісін тамызамыз.
Жасауға болмайды: 1.Асқазанды жумай тұрып құстыруға; 2.Ішекті босататын дәрілерді қолдануға болмайды; 3.Асқазанды ас содасымен жууға болмайды, себебі ол сілтіні бейтараптамайды; 4.Асқазан тесілгенде оны жууға, су ішкізуге болмайды; 5.Карбол қышқылы, фенол, лизолмен уланғанда сүт, май ішуге болмайды. Күйдірілген магнезий қосылған су ішкізеді. 6.Ауырғанды азайту үшін асқазан тұсына мұзды мұйық қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет