Әр түрлі аурулар мен жағдайларға мамандандырылған мейірбике күтімі Білім алушы білу керек


Ауырсынуды және дене қызуын басатын дәрілер (



бет9/18
Дата11.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#131404
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
әр түрлі аурулар мен жағдайларға мамандандырылған мейірбике күтімі

Ауырсынуды және дене қызуын басатын дәрілер (бутадион, анальгин, промедол, аспирин, және т.б.дозасын асырып ішкенде ОЖЖ тежеу және қозу процестері бұзылады,капилляр кеңейеді және дене жылуды интенсивті түрде бөле бастайды. Бұл жағдайда дене қатты терлейді, әлсіздік пайда болады, адамның ұйқысы келеді. Бұндай жағдай адамды терең ұйқыға, кейде тыныс алуы бұзылған ессіз күйге әкеліп соқтырады. Жиі улану ұйықтататын дәрілердің дозасын асырып ішкенде дамиды (барбамид,небутал және т.б.) Адам уланған кезде ОЖЖ терең тежелуі байқалады. Ұйқы адамды ессіз күйге ұшыратып,ол кейін тыныс алу орталығының параличіне ауысады. Науқастың терісі бозарған, демі үстіртін және сирек, ырғақсыз, шулы болады. Есірткімен уланған адамның басы айналады, жүрегі айниды, әлсіздік, құсады,ұйқы пайда болады. Есірткінің дозасын асырып қолданғанда адам терең ұйқыға кетеді, ессіз күйге ұшырайды. Бұдан кейін тыныс алу және жүрек- қантамырлар орталығының параличі пайда болады. Терісі бозарады, ерні көгереді, көздің қарашығы кішірейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет