Мыс (II) сульфаты (тотяйын), күміс нитраты улану көбінесе емшара кезінде көп мөлшерін қолданғанда болуы мүмкін. Мыс сульфатын коньюктивит кезінде 0,1 немесе 0,25% ерітіндісін көзге тамызады, ал күміс нитратын жаңа туған нәрестелерге бленнореяның алдын алу үшін көзге тамызады. Улану ерітінді құрамындағы тұздың концентрациясына байланысты.
Сынап хлориді. Дәрілік заттармен улану. Дәріні дұрыс сақталмаған, балаларға қолжетімді жерде сақталған отбасындағы балалар дәрімен уланады. Ересек адамның, улануы дәрінің дозасын байқамай асырып ішкенде, суицид жағдайында және есірткіні қолданған кезде болады. Улану түрлері әртүрлі болып келеді және дәрінің түріне байланысты болады.