Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 9. ЖҮРНАҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ



бет13/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

§ 9. ЖҮРНАҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Сөз тудыратын жұрнақтар сөзге (түбірге) жаңа лек- сикалық мағына үстейтіндіктен, өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады. Мы- салы: ек, егін, егіндік, егінші, егіниіілік сөздерінің тү- бірі бір болғанымен, олардың әркайсысы басқа-басқа үғымдарды (мағыналарды) білдіреді. Бірақ сол басқа- басқа мағына лексикалық та, грамматикалық та ма- ғыналарды қоса қамтиды. Өйткені әрбір сөз, мағына- лық жақтан алғанда, қашан да болсын, лексикалық жә- не грамматикалық мағыналардың бірлігінен құралады.
Сез тудыратын жүрнак өзі жалғанған сөзден (түбір- ден) лексикалық мағынасы басқа жаңа сөз тудырады. Ондай әрбір жұрнақтың өзді-езіне тән грамматикалық мағынасы, формасы және қызметі болуы күмәнсыз. Мысалы: Шын көңілімен айтар тілегі болса, шындықпен ғана жауап беру парыз (М. Әуезов). Келмеп пе едің жол тосып, жолығуға аулаща (Абай) дегендерден шын және іиындықпен, жол және жолығуға сездерінің өзара мағыналық та, формалык та айырмашылықтары айқын керінеді. Мұндағы -дық жұрнағы арқылы жасалған шындық сөзінін. де, -ық жұрнағы арқылы туған жолсіқ сөзінің де лексикалық мағыналары шын және жол сез- дерінен. әрине, басқа. Оның бер жағында -дық жұрна- гы жалғанғаннан кейін, сын есім (шын) зат есімге ай- налады да, -ық жұрнағы жалғанған соң, зат есім (жол) етістікке (жольіқ-жолықтым, жолықса т. б.) ауысады. Бұдан жұрнақтар сөзді таза лексикалық жағынан гана емес, «лексика-грамматикалық тұрғыдан да езгеретіні аңғарылады. Солай 'болса, жұрнақтар белгілі сез табы- на және оның ішіндегі белгілі тобына (категориясына) телулі болады.
Егер көк және көкіиіл, үй және үйиіік свздерін са- лыстырып қарасақ, мұндағы -шіл (көкшіл) және -шік (үйиіік) қосымшалары да ездері жалғанған сөздерді 1 басқа сөз табына айналдырмаған, бұрынғы сын есім

30

(кеі:) сол сын есім калпында, зат есІм (үй) бүрынғы зат есім қалпында қалған да, тек біріншісінде көк де- ген сынның солғын я бәсен, түрін білдіретін кекшіл формасы, үй деген заттың аса кішкене түрін білдіретін үйшік формасы туған. Мағынасы мен қызметіне қарай, жүрнақтар сез тудыратын және форма тудыратын жүр- нақтар деген екі салаға бөлінеді.
Түбірге сөз тудыратын жүрнақ жалғанғаннан кейІн- гі форма туынды негіз/гуынды түбір деп аталып жүр. Жұрнактар сол негізге де, сол негізден туған жаца не- гізге де қажетіне қарай жалғана береді. Мысалы, егін- шілік деген сөз ек деген етістік түбірге әуелі — -ін, одан кейін -ші, одан кейін -лік жұрнақтары қосылудан туған да, ұйымдастырушылық деген сез үйы түбіріне ретінше -м, -дас,,-тыр, -у, -шы, -лық жұрнақтары жалғану арқы- лы жасалған. Жүрнақ арқылы туған (егіншілік, уйым- дастырушылық сияқты) сөздер туынды сөздер деп ата- лады («Туынды сездер») деген тақырыпты қараңыз.
Форма тудыратын жүрнақтарды мағыналары мен қызметтері жағынан сез тудыратын жұрнақтар мен сөз байланыстыратын жалғаулардың екі арасындағы, еке- уінін, де ерекшеліктеріне жуықтайтын, категбрйя деіГ қарауға болады. Дегенмен форма тудыратын жұрнақтар сез байланыстыратын қосымшалардан гөрі сөз тудыра- тын косымшаларға жакынырақ. Өйткені форма туды- ратын қосымшалар (жұрнақтар) да өзі жалғанған сөзге (түбірге я негізге) сәл де болса жаңа мағына үс- тейді. Бірақ ол жаца мағына сол сөздің барлық фор- масына өзек болатын негізгі лексикалық мағынасын өз- гертпейді, оған нұқсан келтірмейді. Демек, форма ту- дыратын жүрнақ сөзден, өзі жалғанғаннан кейін де, сол сөздін. (түбірдің я негіздің) негізгі лексика-семантика- лык қазығынан алшақ әкетпейді. Сол себептен де, бүл форма мен сол сөздің басқа формаларының аралығын- дағы берік семантикалық байланыс үзІлмейді де, бұ- зылмайды да. Мысалы, кел, келме, келер, келмес, кел- ген, келмеген, келетін, келмейтін, келмек, келмекші, ке- ліп, келе, келгелі, келсе, келгей, келгім келеді дегендердін бәрі де түбірдіц негізгі лексикалық мағынасын бұзбай Және сол мағынадан алшақтап та кетпей, оны бе- рік сақтап, бір .сөздіц (кел етістігінің) әр түрлі грам- матпкалық формалары ретінде қызмет етеді. Дәл осы Қағиданы сұр, сұрғылтым, сүриіа, сүрлау, сүршалау, ғүрырак, деген формаларға да қолдануға болады. Сол

ЗР

себептен бұл сөздерді сұр сөзінің әр алуан формалары деп қараған дұрыс.


Туынды сөздердін, құрамьіндағы жұрнақтар белгілі бір жүйе бойынша, рет-ретімен жалғанады. Түбірге те- те сөз тудыратын жүрнақтар жалғанады да, олардан кейін форма тудыратын жүрнақтар орналасады. Егер тікелей түбірге әуелі сөз тудыратын және форма туды- ратын жұрнақтар жалғанғандай болса, солардын бәрі- тікелей түбірге де қосыла береді. Мысалы: егіншілері- мізге, уйымдастырушылардың, уйымдастырсімыз деген- дердін, морфемалық қүрамдарын салыстырыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет