Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 23. СӨЗДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ



бет31/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

§ 23. СӨЗДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Әдетте, белгілі бір сөзден басқа бір жаңа сөз тудыр- сақ та, басқа-басқа бірнеше сөз тудырсак, та, біз ең әуелі сол туынды сөздерге негіз болған сөздің түлға-түрпатын, демек, морфологиялық қүрылысын өзгертеміз. Мысалы, жұрнақ арқылы бір түбірден ісші, іскер, істе, іскерлік де- ген сияқты бірнеше сөз тудырсак та немесе қосарлау ар- қылы әр түбірден көзбе-көз, жүзбе-жүз, бетпе-бет сияқ- ты әлденеше сөз тудырсақ та, сөздін бастапқы түрпаты өзгереді. Сондай-ақ, екі түбірді бір-бірімен біріктіру арқылы туған бүгін, түрегел, ендігәрі, біресе (бұл күн, тұра кел, ендігіден әрі, бір ерсе) сөздерін алсақ та, олар- дың морфологиялық қүрылымы өзгеріске үшыраған. Осы сөздер не түбірге қосымша косу аркылы, не бір түбірді біріктіру арқылы — қысқасы,— солардың морфология- лық қүрылымдары өзгеру аркылы — жасалған. Олардың қай-қайсысы болса да, тіліміздің грамматикалық күры- лысына тән заңдарға лайықты күрылған. Осы сөздердін сол құрамдары олардың сыртқы формасының да, ішкі мазмұнының да әрі таянышы, әрі көрсеткіші ретінде қыз- мет етеді. Өйткені түбірге жұрнақ қосу, түбірлерді косар- лау я біріктіру тәсілдерін алсак, олар сөз тудырудың сыртқы формасы болады да, сол тәсілдер (формалар) арқылы туған жаңа сөздердін. лексикалық мағыналары сөз тудырудың мазмұны болады.
Сөйтіп, тілдің жүйесіне лайык, калыптасқан белгілі- белгілі тәсілдер бойынша сөз жасау амалдарын, әдетте, сөз тудыру тәсілі деп айтамыз.
Сөз тудыру дегеніміз — жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелерінің жинағы.
Сөз тудыру жайындағы қағидалардың бір үшығы лек- сикологиямен, бір үшығы грамматикамен ұштас болады. Өйткені сөз тудыру тәсілдері аркылы жасалған жана сөздер я жаңа үғымдарды, я белгілі-белгілі ұғымдардын әр қилы ерекшеліктерін білдіреді де жаңа лексикалык түлға (единица) ретінде қызмет етеді. Мысалы: қон, tro­uble, ңонақ, қонағуар; түт, тұтқа, тұтңыш, түтқыр деген сөздердің әрқайсысы — өз алдарына дербес лексикалын

78

түлғалар. Егер осы сөздерді лексикология тұрғысынан емес, грамматика тұрғысынан талдай бастасақ, олардың әрқайсысы белгілі сөз таптарына телулі болады. Осы се- бептен грамматика жаңа сөзді қандай тәсіл арқылы, қай жұрнак арқылы туды және қай сөз табына тән қасиетке ие болады деген сияқты мақсаттарды анықтау үшін ар- найы объект (нысана) етіп тексереді. Онан қала берді, жаңа сөздің түлға-тұрпаты қандай да болса, әйтеуір, бір өзгеріске үшырайтындыктан, сол өзгерісті қарастыру да, әрине, грамматиканын (морфологияның) міндеті болады. Сөздердің бірігуі, тіркесуі арқылы туған олардың қүрам- дарындағы компоненттер, бір жағынан, синтаксистік қа- тынастардың үлгі-нүсқалары бойынша құрылатыныи, екінші жағынан, күрделі сөздердің қызметі сөз тіркесте- рімен де азды-көпті құрылымдас болатынын ескерсек, жаңа сөз тудырудың бұл тәсілдері синтаксиспен де сы- байласып жататынын көреміз. Ендеше, туынды сөздер бұл жағынан да грамматикадан аулақтана алмайды.
Грамматикалық заңдар сияқты, жалқыдан жалпыға, нақтыдан таныкқа (абстрактілікке) қарай жинақтау, абстракциялау қасиеттері — сөз тудыру зандарына да тән, өйткені, грамматикалық өзге зандар тәрізді, сөз ту- дыру заңдары да лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді жалпы формалары мен жалпы семантикалық ерекшеліктеріне қарай топ-топқа үйірмелеп отырады. Мысалы: білгіш, көргіш, нанғыш, тапқыиі, жазғыш, бай- ңағыш
деген сөздерді алайық. Бұлар — басқа-басқа тү- бірлерге -ғыш (-кыш, -кіш, -гіш) жұрнағын косу арқылы туған сөздер. Өзге жүрнақтар сияқты, бұл жұрнақ арқы- лы туған сөздер де қосымша арқылы сез тудыру тәсіліне жатады, өйткені ол — көптеген жүрнақтың біреуі ғана. Бул жүрнақ сол (білгіш) туынды сөздерді бір топқа үйірмелеуге сыртқы белгі (көрсеткіш) болып тұр. Соны- мен қатар, сол сөздердің бастапқы түбірлерінің де, сон- дай-ақ, туынды формаларының да лексикалық мағынала- Ры басқа баска бола тұрса да, осы жүрнақ (-ғыш) олар- Дың бәрін де мазмұн жағынан шумақтап, бірыңғай жалпы семантикалық реңк берген. Ол семантикалык ренк сол формадағы туынды сөздердің бәріне де бірдей ішкі жалпы мағына болады. Бұл мағына белгілі бір істі я әре- кетті істеуге бейімдікті, қабілеттілікті білдіреді. Мысалы, сөйлегіш дегеннен жалпы сөйлеуге аса бейім, сөйлеу қа- білеті бар деген мағына аңғарылады.
Ауызба-ауыз, сөзбе-сөз, қолма-ңол, бетпе-бет, қарсы-

79

ма-ңарсы деген қос сөздерді алайык. Бұл сөздер негі- зінде бір түбірді екі рет қайталау арқылы жасалған. Bi- pan; олар, тау-тау, арба-арба, бау-бау деген сияқты жалан қайталау түрінде емес, қосарланған сөздің алғашқысына -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) бөлшегін тіркеп барып қайта- лау арқылы туған. Ендеше, бұл форма да қосарлау аркы- лы сөз жасайтын негізгі тәсілге жатады және соның бір түрі ғана болып саналады. Бұл форма да (-ма, -ме...) осы сөздерді сырттай бір топқа шумақтауға белгі (көр- сеткіш) болып түр. Сонымен қатар, бүл сездердін лекси- калық мағыналары басқа-басқа бола түрса да, олардын туынды формаларының бәріне де ортақ бір жалпы семан- тикалық мағына бар. Бұл жалпы семантикалық мағына іс-әрекеттің (өзге біреуі аркылы емес) тікелей жүзеге асырылуын аңғартады.
Алдыңғы сөздерді (білгіш, көргіш...) де, соңғы сөздер- ді де (ауызба-ауыз, сөзбе-сөз...) өз алдарына топтап тұр- ған формалар сол сөздерді белгілі сөз таптарына теліп (алдыңғы сөздерді — сығі есімге, соңғы сөздерді — үстеу- ге), олардың грамматикалық сипатын да, қызметін де өз- гертіп тұр.
Қазақ тілінің сөз тудыру жүйесі үлкен-үлкен негізгі екі саладан түрады. Оғіыц бірі -—морфологиялық тәсіл де, екіншісі — синтаксистік тәсіл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет