Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 21. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ӨЗГЕ ЖАЛҒАУЛАРМЕН ҚАБАТТАСУЫ



бет29/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

§ 21. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ӨЗГЕ ЖАЛҒАУЛАРМЕН ҚАБАТТАСУЫ
Баяндауыш көптік, тәуелдік және кейбірі септік жал- ғаулы сөздерден де бола беретіндіктен, әрі жіктік жал ғау баяндауышқа тән қосымша болғандықтан, ол жал

74

ғаулар (көптік, тәуелдік, септік қосымшалары) кабаттас- қанда, есім сөзге ең алдымен көптік жалғау, одан кейін хәуелдік жалғау, ең соңында септік жалғау жалғанады да, жіктік жалғау осылардың бәрінен соң жалғанады , (мысалы: үй-лер-іміз-де-міз)
. Ал, оның нақтылы тіркесу ерекшеліктеріне келсек, олар мынадай:
а) Көптік жалғаулы сөзге де жалғана береді (біздер 0қу-шы-лар-мьіз). Бірақ жіктелетін етістік формалары- нын көпше түрінің екінші жақтарында (анайы, сыпайы хүрлерінде бірдей) көптік жалғау жіктік жалғаудан ке- йін келеді. Мысалы: Сендер бар-ың-дар, сіздер бар-ыңыз- дар; сендер барса-ң-дар, сіздер барса-ңыз-дар, сендер барған-сың-дар, сіздер барған-сыз-дар; сендер жүресің- дер; сіздер жүр-сіз-дер т. б. Етістіктерге жалғанатын көптік жалғаудың осылайша келуі оның (баяндауышы болатын етістіктің) көптік формадағы бастауышпен жақ- хасуымен (қиысуымен) байланысты.
Осы ерекшелікке орай, жіктелетін зат есімнің көпше формасының екінші жағының анайы түрінде де, сыпайы түрінде де көптік жалғау, сараландырып айтқанда, екі рет қолданылады. Мысалы: Сендер студент-сің-дер және сендер студент-тер-сің-дер; сіздер студент-сіз-дер және сіздер студент-тер-сіз-дер т. б. Осылайша екі рет қайта- ланғандағы алғашқы көптікжалғау (студент-тері) жікте- летін заттың (нәрсенің) көптігін білдірсе, соңғы, екінші рет қайталанатын көптік жалғау жіктелетін сөзді бас- тауышпен (сендер) қиыстырып тұрады (мысалы: Сен оқушысың сіз оцушысьіз және сендер оқуиіыларсыңдар, сіздер- оқушыларсыздар дегендерді салыстырыңыздар).
Е с к е р т у: Дауысты дыбысқа бітетін есім сөздерге жалғанатын көпше форманың бірінші жағының жіктік жалғауы ортақ тәуелдеудің бірінші жағының қосымша- сымен (тәуелдік жалғауымен) түрлес болады. Мысалы: біз оқуиіымыз (жіктік жалғау), біздің оқушымыз (тәуел- дік жалғау). Бұларды ажырату үшін, біріншіден, сөздің мағынасын, екіншіден, оның қызметін, демек, ондай сөз- Ден бүрын я бастауыш (біз), я анықтауыш (біздің) бар- лығын аңғару қажет, үшіншіден, жіктік жалғауға екпін түспейтінін, тәуелдік жалғауға екпін түсетінін ескеру керек.
ә) Жіктік жалғау тәуелдеулі сөзге де жалғана береді Де, жіктік жалғаудан кейін (субстантивтенгенде ғана болмаса) тәуелдік жалғау жалғанбайды. Бірақ тәуелдеу-

75



лі сөздердін жіктеулерінде біраз ерекшеліктер бар. Олар мынадай:

  1. тәуелдіктің бірінші жағынын қосымшасы косылған сөзге ешуақытта да жіктік жалғаудың бірінші жағының косымшасы қосылмайды, тек екінші жақтын жалғауы ға- на жалғанады. Мысалы:

Сен студент-ім-сің, оқушы-м-сың, сіз студент-ім-сіз, оңуіиы-м-сыз, сендер студент-ім-сің-дер, оқушы-м-сың- дар, сіздер студент-тер-іміз-сіздер, оқуиіы-лар-ымыз- сыздар.

  1. Керісінше, тәуелдіктін екінші жағынын жалғауы жалғанған сөзге еш уақытта да жіктіктін екінші жағы- ның жалғауы жалғанбайды, тек бірінші жақтын жіктік жалғауы ғана жалғанады. Мысалы:

мен студент-ің-мін, оқуіиы-ң-мын
мен студент-іңіз-бін, оқушы-ыңыз-бын
біз (дер) студент-іңіз-біз, оқуіиы-ңыз-быз
біздер студент-тер-іңіз-біз, оқуіиылар-ыңыз-быз т. б.

  1. Тәуелдіктің үшінші жағынын жалғауы жалғанған сөзге жіктіктін бірінші, екінші жақтарының жалғаулары жалғана береді. Мысалы:

мен студент-і-мін, оқушы-сы-мын
сен студент-і-сің, оңуиіы-сы-сың
біз студент-і-міз, оқушы-сы-мыз
сіз студент-і-сіз, оңуиіы-сы-сыз
біздер студент-тер-іміз, оқушы-лар-ы-мыз
сендер студент-тер-і-сіңдер, оқуиіы-лар-ы-сыңдар
сіздер студент-тер-і-сіздер, оқушы-лар-ы-сыздар
б) Сұраулық шылау (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) жік- тік жалғаудың екінші жағының жалғауынан кейін де, бұ- рын да келе береді. Бірақ бұрын келгенде сұраулык шылаудың ашық дауысты дыбысы (-а, -е), сөздін жуан я жіңішкелігіне қарай, қысаң дыбысқа (-ы, -і) айналады. Мысалы:
оқуіиы-сың-ба?оқушы-мы-сың? оқуіиы-сыз-ба?оқушы-мы-сыз? оқуиіы-лар-сыңдар ма?оЦуіиы-лар-ым-сыңдар? оңушы-лар-сыздар ма?оқушы-лар-мы-сыздар? сен бара-сың ба?сен бара-мы-сың? сіз барып-сыз ба?сіз барып-пы-сыз т. б.
в) Тәуелді сөздін бірінші және үшінші жақтарында да, сүраулык шылау (-ма, -ме) жіктік жалғаудан кейін, де, бүрын да келе береді: Мысалы:
оқушы-м-сың ба?оқушы-м-бы-сың?

76

оқушы-мыз-сыз ба?— оқуіиы-мыз-бы-сыз? оқуіиы-сы-сың ба?оқуіиы-сы-мы-сың? оңушы-лар-ы-сыңдар ма?оцуіиы-лар-ы-мы-сыңдар?
г) Атау формалардан басқа септік жалғаулы сөздер- дің ішінен, әдетте, мекендік және көлемдік мағына бере- тін жатыс және шығыс жалғаулы сөздер де баяндауыш болатыны мәлім. Ондай сөздерге, баяндауыш болғанда, жіктік жалғау жалғанады. Мысалы: біз Крошитад-тан- быз, сендер қай колхоз-дан-сыңдар?
ғ) Жіктік жалғаудың, бірінші, екінші жақтарының косымшалары, кажет болған жағдайда, жіктелетін сөзге тікелей жалғанбай, -ғана (-қана), -ақ шылауларынан кейін де келеді. Мысалы: Мен оның атқосшысы -ғанамын (С. Мұқанов); Телміріп бар өмірінде жемтік жеген., Қар- ғаның жаман-ақсың баласынан (С. Торайғыров) т. б.
Е с к е р т у: Жіктік жалғау күрделі етістіктер баян- дауыш болғанда, ең соңғы көмекші етістікке жалғанаты- ны сияқты, күрделі есімдер баяндауыш болғанда да, оның соңғы көмекші сөзіне жалғанады. Мысалы: Сендер мені осы сапарға ңимайтын сияқтанасыңдар (М. Әуезов). К,айда аттансақ та, басқарушыларымызды сайлап алып аттанатын сияқтымыз (Ғ. Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет