-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш... жүрнақтары сабақты етістік- ке жалғанғанда түрлі қүрал-жабдық атауларын жасай- ды. Мысалы: сыпырғыш, сүзгіш, тұтқыш, басқыш, ес- керткіш т. б.
-ыш, -іш, -ш — етістіктен зат есім жасайды. Бүл жүрнақтар (-ыш, -іш, -ш) көбінесе өздік етіс формала- рына жалғанып, абстракт үғымды білдіретін зат есім тудырады. Мысалы: қуаныш, өкініиі, сүйінііи, жубаныш, қызғаныш, куйініш, сағыныш т. б.
-уыш, -уіш жүрнақтары -у және -ыш қосымшала- рынан қүралған күрделі жүрнак. Бұл (-уыш, -уіш) фор- ма етістіктерге жалғанып, олардан түрлі қүрал-жабдық аттары мен басқа да әр алуан абстракт атаулар жасай- ды. Мысалы: өлшеуіш, елеуііи, желпуіш, түйреуіш, бас~ тауыіи, баяндауыіи т. б.
§ 49. ЕТІСТІКТЕРДЕН ЗАТ EC1M ТУДЫРАТЫН ӨНІМСІЗ ЖҰРНАҚТАР
-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек формалары етіс- тіктерден біраз туынды зат есім жасайды. Етістіктен -мақ (-мек) жүрнағы арқылы жасалған туынды зат есім- Дердің мағыналары мынадай:
Кейбір сабақты етістіктерге жалғанып, олардан
155
әр түрлі қүрал-сайман, бұйым-жабдық, ойын-сауык, ас- гамақ сияқты нақтылы заттык үғымдардыц атауларын жасайды: Мысалы, ілмек, піспек, оймақ, иіақпақ, сыр- мақ, қүймақ, жүмбақ т. б.
Қейбір сабақты етістіктерге жалғанып, абстракт заттық үғымның атауын тудырады. Мысалы: қыспақ, оспақ т. б.
-сын (-сін) формасы арқылы, бір жағынан, есімдер- ден туынды етістік жасалса (кедейсін, кемсін, керексін, жатсын т. б.), екінші жағынан, бір алуан етістіктерден туынды зат есімдер жасалады. Ал, етістіктен -сын (-сін) жұрнағы арқылы жаслаған зат есім тиісті қимыл-әрекет- тен туатын нәтиженің атауын блідіреді. Мысалы: бора- сын, бурқасын, бөгесін, ықтасын, бүктесін т. б.
-мыс, -міс, -мыш, -піш (көне) формалары кейбір са- бақты етістіктерге ғана жалғанып, олардан конкретті зат атауларын жасаса, кейбір салт етістіктерден абстракт зат есімдер тудырады. Мысалы: тарамыс, қылмыс, бол- мыс, жазмыиі, тұрмыс т. б. (Өтеміс, Төлеміс тәрізді жал- қы есімдердің құрамындағы -мыс (-міс) формасы да — осы жұрнақ).
-мал (-мел) жүрнағы бірді-екілі етістік негіздеріне ғана қосылып, заттык ұғымдардың атауын білдіреді. Мы- салы: аіиымал, саумал, түнемел, сүйемел, орамал, тасы- мал, жорамал т. б.
-ман, -мен, -бан, -бен косымшаеы етістіктің болжал- ды келер шақ формасынан іс-әрекет иесінің атауын ту- дырады. Мысалы: аларман, берермен, көрермен, атар- ман, шабарман, сабарман, өлермен, түрарман, жылар- ман т. б.
-р, -ыр, -ір, -ар, -ер жүрнақтарының қызметі әр та- рапты. Өйткені, -ыр, -ір, -р формасы етістіктің өзгелік етіс формасын (асыр, өсір, іиығар, кетір, ішір т. б.) жасауға да, есімдерге жалғанып туынды етістік жасауға да (қыс- қар, аласар, қайғыр, жақсар, ескір т. б.), сондай-ак, етіс- тіктерден туынды сын есімдер (бүкір, тықыр, жүмыр, обыр т. б.) мен туынды зат есімдер (үңгір, іиүқыр т. б.) жасауға да катысады.
-up, -ір, -р жүрнағы арқылы етістіктен туған заттык ұғым атаулары манадай: көмір, иіуқыр, үңгір, түйір, шо- ғыр, қайнар, қарар, жанар т. б.
-ыт (-іт, -т) формасы да омоним жүрнақтардың то- бына жатады. Бұл форма, біріншіден, етістіктерге жал- ғанып, өзгелік етіс формасын (оқыт, сүрат, қарат, жинат
156
г
х. б.) тудырса, екіншіден, есім сөздерден туынды етістік (шырамыт, қүмарт, сейілт т. б.) жасайды, үшіншіден, етістіктен туынды зат есім (бөгет, иіабыт, сарқыт, іркіт х. б.) жасаса, төртіншіден, есімнен есім (қырат, уыт, же- міт т. б.) тудырады.
-ыт, (-іт, -т) жүрнағы аркылы етістіктерден туған зат есімдер мыналар: бөгет, сарңыт, іркіт, киіт, шабыт, суыт т. б.
-уыл (-уіл) формасы -у және -ыл қосымшаларынан кұралған. Өйткені бұл түлғаны жамылған сөздердің кө- бініа түбірі етістік болады да, олардан жасалған азын- аулақ сөздер әр түрлі заттық ұғымның атаулары ретінде кызмет етеді. Мысалы: бөгеуіл, қарауыл, шабуыл, тос- қауыл, жортуыл, кеиіеуіл, торуыл т. б. Ал, сырғауыл, иіыңдауыл, кешеуіл, ереуіл тәрізді сөздер аналогия заңы бойынша қалыптасқан я олардан өзгеріп көнеленген сөз- дер сияқты.
-қын, -кін, -ғын, -гін жүрнактары етістіктерге жал- ғанып, біріншіден, іс-әрекетті істеушінің я іс-әрекеттің ие- сінің атауын жасайды (Мысалы: қуғын, қаиіқын, босңын, иіапқын, түтқын т. б.), екіншіден, етістіктердің мазмүны- на тікелей байланысты іс-әрекеттің атауын жасайды. (Мысалы: жойңын, ұіиқын, тасқын, түрғын, көіикін, қыр- ғын, иіалғын т. б.).
-асы (-есі) жұрнағы кейбір етістіктерге жалғанып, абстракт ұғымды білдіретін зат есімдер жасайды. Мыса- лы: аласы, бересі, тиесі, көресі, шығасы, барасы т. б.
-ын, (-ін, -н) жүрнағы омонимдес қосымшаның бі- рі. Бұл жүрнақ, негізгі (түбір) етістікке жалғанып, өздік етіс формасын (жуын, таран, киін т. б.) жасайды, кейбір етістіктерден зат есім (боран, келін, жуын, қүйын, жиын т. б.) тудырады, кейбір есімдерден туынды етістік жасай- ды (күрсін, иіегін, талпын т. б.), кейбір етістіктерден әрі зат есім, әрі етістік формаларын (мақтан, қорған, жасы- рын т. б.) жасайды. Бұдан -ын (-ін, -н) жүрнағының өрісі де кен, қызметі де мол болғанын көруге болады.
Етістіктен туынды зат есім жасайтын -ын, -ін, -н жүр- нағының қызметі мынадай:
Іс-қимыл процесінің заттық атауын жасайды. Мы- салы: боран, толқын, ағын, жауын, серпін т. б.
Абстракт заттық үғымның атауын тудырады. Мы- салы: жиын, мақтан, сауын, иіығын, жасырын т. б.
Конкретті заттық үғымдардыц атауларын жасай-
157
ды. Мысалы: егін, қорған, жұғын, жулын, тығын, түтін, келін т. б.
-шақ (-шек)— омонимдес жүрнақ. Өйткені, -шақ, (-шек) қосымшасы зат есімдерге жалғанып, кішіреиту формаларын (келіншек, туйініиек, інііиек, жарықіиақ т. б.) тудырса, кейбір салт және сабақты етістіктердең зат есім (еміиек, бөліиек т. б.) жасайды, сондай-ақ кей- бір өздік етіс формаларынан сын есім (ерініиек, суран- іиақ, мақтаншақ, аіиуланшақ т. б.) жасайды.
-ашақ, (-ешек) жұрнағы кейбір салт және сабақ- ты етістіктерден абстракт зат есімдер жасайды. Мыса- лы: Кем сілтеуден көреіиекті көрдік (Ғ. Мұстафин); Шахтёрдің әр куннен алаіиағы бар, алса — қуанады, ал- маса,— ренжиді (бұ да). Екі туаіиақ жоқ болса, екі өл- мек те жоқ (М. Әуезов).
Етістіктерден зат есім тудыратын кейбір тіпті өнімсіз формаларды (мысалы, ат-пақыл, уйір-мекіл, қаржы-ма- қыл, шерт-пекіл; шыміиы-уыр, суңгі-уір, жар-а, жыр-а, куй-е, жаң-қа, тут-қа, т. б.) жұрнақ тізімге енгізілмеді.
Достарыңызбен бөлісу: |