Әрекет алгоритмі және орындау критерилері


Медициналық колледж бітірушілеріне арналған алгоритм



бет2/17
Дата23.06.2020
өлшемі50,52 Kb.
#74354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Медициналық колледж бітірушілеріне арналған алгоритм

Медициналық колледж бітірушілеріне арналған алгоритм

«Парентералдық инъекция техникасы»


№№

Қадам

Әрекет алгоритмі және орындау критерийлері

Дайындық іс-шаралары

1.

Алда болатын емшара туралы қажетті ақпараттарды науқасқа хабарлау

1. Амандасу, ӛзін таныстыру;

2. Вербалдық және вербалдық емес (ишарат, мимика, жанасу, кӛзбен қатынас) әдістерді қолдану арқылы науқаспен ӛзара сенімді қатынас орнату;

3. Емшараны өткізу үшін тұлғааралық қашықтық – тұлғалық (45-120 см);

4. Емшараны өткізу жолдарын науқасқа түсіндіру, науқастың келісімін алу;

5. Қарсы кӛрсетілімдердің болмауына көз жеткізу (тері тұтасығының бұзылуы, патологиялық элементтердің болуы, санасының бұзылуы);

6. Манипуляцияларды өткізу үшін ыңғайлы қалыпта болуды ұсыну (препаратты енгізу техникасына байланысты);

7. Науқастың ақпараттанған келісімін алу.


2.

Емшара өткізуге қолды дайындау (қолды антисептиктерді қолдану арқылы өңдеу, қолғап кию)

1. Қолды ағынды сумен жуу (30 сек-1 мин).

Қолды жуу техникасы:

 Қолды сулау және дозатор көмегімен сұйық сабынды тамызу;

 Қолдың екі жағын, саусақтар арасын, қолдың ӛзін сабындау;

 Сабынды жуып тастау және бір рет қолданылатын қағаз сүрткішпен кептіру;

2. Дозатор көмегімен қолдарды дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу;

3. Стерильді медициналық қолғап кию.



3.

Дәрілік препараттарды тексеру.

Дәрілік препараттарды тексеру:

1. дәрігер тағайындауына сәйкестігін;

2. препараттың атауын

3. жарамдылық мерзімін

4. флаконның /қораптың/ ампуланың тұтастығын;

5. консистенциясының, түсінің, тұнбасының, қоспаларының осы дәріге сәйкес келуін;



4.

Инъекция үшін шприцті жинау.

 Шприц қаптамасының тұтастығын тексеру (қорапты қысып және босату арқылы);

 Қаптаманы ашу және шприцті поршень ұстағышы жағынан шығару;

 Шприцтің бұрышасты конусына иненің қалыңдаған ұшын (канюля) жалғау және бекіту.

 Иненің ӛткізгіштігін тексеру (ауаны сору және шығару) және стерильді ыдысқа салу.



5.

Ампулалар дайындау

1. Ампуланы шайқау;

2. Ампуланы 70% этил спиртіне малынған мақта бөлшегімен ӛңдеу;

3. Ампуланың мойын қылтасын кесу;

4. Ампуланы 70% этил спиртіне малынған мақта бөлшегімен қайта ӛңдеу (үгінділерді алып тастау үшін);

5. Кесілген сызық бойынша сындыру.


6.

Шприцте дәрілік препарат ерітіндісін дайындау

1. Ампуладан шприцке дәрілік препараттың қажетті мөлшерін тартып алыңыз; Шприцтегі дәрілік препараттың мӛлшері тағайындау қағазына сәйкес болуы тиіс.

2. Инені ауыстыру (қолданылған инені тастау, инъекцияға арналған басқа стерильді инені салу);

3. Ауа кӛпіршігін шығару, иненің ӛткізгіштігіне көз жеткізу (инесін көздің деңгейінде жоғары ұстау арқылы шприцті тігінен ұстау, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні поршеньді басып тұрып шығару), әрі қарай шприцті қаптаманың ішіне немесе стерильді ыдысқа салу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет