Әрекет алгоритмі және орындау критерилері



бет1/17
Дата23.06.2020
өлшемі50,52 Kb.
#74354
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Медициналық колледж бітірушілеріне арналған алгоритм


Медициналық колледж бітірушілеріне арналған алгоритм

«Медициналық манипуляциларды түсіндіру бойынша коммуникативті дағдыларды бағалау»



Қадам

Әрекет алгоритмі және орындау критерилері

1.

Алғашқы қатынасты қалыптастыру

 Науқаспен амандасу

 Ӛзін таныстыру (ӛзінің есімін/есімі мен әкесінің атын айту)



2.

Қолайлы тұлғааралық қашықтықты орнату/тұлғааралық қашықтықты таңдау және сақтау

 Кем дегенде 45см және 1,20 м-ден кӛп емес қашықтықта отыру

 Кӛзбен қатынас қалыптастыру



3.

Алда болатын медициналық манипуляциялар туралы хабарлау

 Емшараларды кімнің тағайындағанын және қандай мақсатта (диагностика, емдеу, сақтандыру, операцияға дайындық) екендігін хабарлау;

 Емшаралар қашан және қайда болады, емшараның ұзақтығы қанша;

 Қосымша дайындық қажет етіле ме.


4.

Алда болатын медициналық манипуляциялар туралы науқастың ақпараттану деңгейін білу

 Бұрын осыған ұқсас емшаралар тағайындалды ма (егер тағайындалса – асқынулар болды ма, жағдайының нашарлауы/жақсаруы байқалды ма, емшарадан кейін қалаған тиімділікке қол жетті ме);

 Әңгімелесу сәтінде науқастың емшараға дайындық деңгейін нақтылау.



5.

Медициналық манипуляцияны ӛткізу тәртібін түсіндіру; емшараны ӛткізудің қажеттілігіне және оның қауіпсіздігіне науқастың кӛзін жеткізу

 Емшара қандай түрде ӛтеді (осы үшін не қолданылады, қандай препараттар және әдістер, қанша уақыт алады);

 Емшара кезінде науқаста мүмкін болатын жағдайлар туралы айту (ауырсыну, жайсыздық, жүрегі айну, құсу, күйдіру сезімі) және осы кезде ӛзін қалай ұстауы туралы кеңес беру;

 Емшараны ӛткізу реттілігін және манипуляция кезінде ӛзін қалай ұстау керектігін түсіндіру;

 Емшараның қажеттілігін және қауіпсіздігін айту.



6.

Емшараны ӛтуге науқастың дайын екендігіне кӛз жеткізу.

 Алда болатын емшара туралы сұрақтары бар ма соны сұрау;

 Туындаған сұрақтарға дұрыс жауап беру;

 Алынған ақпараттар туралы науқастың қысқаша айтып беруін ӛтіну;

 Қиналған жағдайда емшараның негізгі сәттерін қайтадан түсіндіру;



7.

Жағымды психологиялық қатынас орнату

 Сабырлы мінез-құлық, жағымды нәтиже болатынына сенімділік ұялату және ақжарқын кӛңіл күй.

8.

Оңтайлы вербалдық емес (қимыл, ишара) және вербалдық (сӛзбен) қатынас белгілерін қолдану

 Даусының тембрі байыпты, дене қалпы, бір сарынды қимылдар, қолдау/жан ашу белгілері.

9.

Ақпараттарды түсіндіру анықтығы.

Сауаттылық, дәйектілік, сӛйлеуінің логикалығы;

 Күрделі медициналық терминдерді, екіұштылық пен белгісіздікті қолданудан аулақ болу.



10.

Әңгімелесуді аяқтау

 Әңгімелесуге белсенді түрде қатысқаны үшін науқасты мақтау;

 Науқастың эмоциялық тұрғыдан дайындығын бағалау;

 Емшараны ӛткізуге ақпараттық келісім алу.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет