№№
|
Қадам
|
Әрекет алгоритмі және орындау критерийлері
|
Дайындық іс-шаралары
|
1.
|
Алда болатын емшара туралы қажетті ақпараттарды науқасқа хабарлау
|
1. Амандасу, ӛзін таныстыру;
2. Вербалдық және вербалдық емес (ишарат, мимика, жанасу, кӛзбен қатынас) әдістерді қолдану арқылы науқаспен ӛзара сенімді қатынас орнату;
3. Емшараны өткізу үшін тұлғааралық қашықтық – тұлғалық (45-120 см);
4. Емшараны өткізу жолдарын науқасқа түсіндіру, науқастың келісімін алу;
5. Қарсы кӛрсетілімдердің болмауына көз жеткізу (тері тұтасығының бұзылуы, патологиялық элементтердің болуы, санасының бұзылуы);
6. Манипуляцияларды өткізу үшін ыңғайлы қалыпта болуды ұсыну (препаратты енгізу техникасына байланысты);
7. Науқастың ақпараттанған келісімін алу.
|
2.
|
Емшара өткізуге қолды дайындау (қолды антисептиктерді қолдану арқылы өңдеу, қолғап кию)
|
1. Қолды ағынды сумен жуу (30 сек-1 мин).
Қолды жуу техникасы:
Қолды сулау және дозатор көмегімен сұйық сабынды тамызу;
Қолдың екі жағын, саусақтар арасын, қолдың ӛзін сабындау;
Сабынды жуып тастау және бір рет қолданылатын қағаз сүрткішпен кептіру;
2. Дозатор көмегімен қолдарды дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу;
3. Стерильді медициналық қолғап кию.
|
3.
|
Дәрілік препараттарды тексеру.
|
Дәрілік препараттарды тексеру:
1. дәрігер тағайындауына сәйкестігін;
2. препараттың атауын
3. жарамдылық мерзімін
4. флаконның /қораптың/ ампуланың тұтастығын;
5. консистенциясының, түсінің, тұнбасының, қоспаларының осы дәріге сәйкес келуін;
|
4.
|
Инъекция үшін шприцті жинау.
|
Шприц қаптамасының тұтастығын тексеру (қорапты қысып және босату арқылы);
Қаптаманы ашу және шприцті поршень ұстағышы жағынан шығару;
Шприцтің бұрышасты конусына иненің қалыңдаған ұшын (канюля) жалғау және бекіту.
Иненің ӛткізгіштігін тексеру (ауаны сору және шығару) және стерильді ыдысқа салу.
|
5.
|
Ампулалар дайындау
|
1. Ампуланы шайқау;
2. Ампуланы 70% этил спиртіне малынған мақта бөлшегімен ӛңдеу;
3. Ампуланың мойын қылтасын кесу;
4. Ампуланы 70% этил спиртіне малынған мақта бөлшегімен қайта ӛңдеу (үгінділерді алып тастау үшін);
5. Кесілген сызық бойынша сындыру.
|
6.
|
Шприцте дәрілік препарат ерітіндісін дайындау
|
1. Ампуладан шприцке дәрілік препараттың қажетті мөлшерін тартып алыңыз; Шприцтегі дәрілік препараттың мӛлшері тағайындау қағазына сәйкес болуы тиіс.
2. Инені ауыстыру (қолданылған инені тастау, инъекцияға арналған басқа стерильді инені салу);
3. Ауа кӛпіршігін шығару, иненің ӛткізгіштігіне көз жеткізу (инесін көздің деңгейінде жоғары ұстау арқылы шприцті тігінен ұстау, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні поршеньді басып тұрып шығару), әрі қарай шприцті қаптаманың ішіне немесе стерильді ыдысқа салу.
|
|