Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі ересек адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері


Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі



бет2/7
Дата14.10.2023
өлшемі99,5 Kb.
#185399
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-3101
ЖМП 1-семинар, 246514.pptx
Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі
Негізгі дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар адамдардың жұмыс істеген ұжьімдарында, мекемелерде, тұрған жерлерінде, әр түрлі спорттык ғимараттарда, мамандардың басқаруымен, өздерінің құрған топтарымен және өз бетімен жеке жүргізіледі.
Біздің еліміздегі ересек, орта, үлкен жастағы адамдармен дене тәрбиесі, сауықтыру дене тәрбиесі және спорт жұмыстары өнеркәсіп орындарындағы, әр түрлі мекемелердегі, оқу орындарындағы спорт клубтары, ерікті спорт қоғамдары, кәсіподақ комитеттері аркылы іске асырылады.
Ерікті спорт қоғамдарының негізгі мүшелері: оқу, өнеркәсіп орындарындағы жұмысшы, қызметкер, оқытушы, оқушы, студенттер. Олар ерікті спорт қоғамына мүше болған соң, дене тәрбиесі ұжымының мүшелері деп аталады. Ұжымды басқаратын, жұмыс ұйымдастыратын ұжым төрағасы, есепші жалпы жиналыс кезінде сайланады. Жиналыс жыл сайын өткізіліп төраға есеп беріп отырады. Дұрыс жұмыс істемесе жиналыс төрағаны ауыстыру құқығына ие.
Дене тәрбиесі үжымының жұмыстарының міндеттері:
• Ұжым мүшелерінің санын көбейту.
• Жатгықтырулар, денсаулық топтарын, жарыстар, саяхаттар, туристік жорықтар, спорт мерекелерін ұйымдастыру.
Дене тәрбиесі ұжымының құжаттары:
1. Жылдық жоспар.
2.Әрбір үш айға жоспарланатын жұмыс жоспары.
3. Істелген жұмыстарды есепке алу журналы.
4. Мәжілістер хаттамасы.
5.Бұйрықтар кітабы.
6. Ұжым мүшелерінің тізімі.
7.Статистикалық есептер.
8. Дене тәрбиесі мамандарын есепке алу кітабы.
9. Көпшілік дене мәдениеті және спорт жұмысының жылдық күнтізбе жоспары.
10. Бес жылдық даму жоспары және т.б.
Еңбек қызметтері кезінде дене тәрбиесі жұмыстарының жүргізілуі ғылыми зерттеулер негізінде дәлелденген. Ол дене тәрбиесіндегі зерттеулер еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) жүйесіне кіргізілген. ЕҒҰ жүйесінің міндеттері: алдыңғы қатарлы тәжірибе мен ғылыми жаңалықтарды тұрақты қолдану, дамыту арқылы еңбек өнімділігін жоғарылату, адамдардың денсаулыктарын нығайту, кәсіптік шеберліктерін жақсарту, өнеркәсіпте колданылатын техникаларды жетілдіру.
ЕҒҰ жүйесінде дене тәрбиесі жұмыстарының төмендегідей түрлері ұсынылады:
1. Кіріспе гимнастика. Жұмыс күнінің басында 4-9 мин, 6-10 шақты дене дамыту жаттығуларын орындау арқылы орындалады.
2. Сергектік сәттері. Жұмыс кезінде 2,5 сағаттан кейін, ағза шаршай бастағанда 5-8 мин, 6-8 жеңіл жаттығулар орындау.
3. Саулық минуты. Үзіліс кезінде 3-4 жаттығу, 1-2 мин уақытында орындалады.
4. Түскі тамақ кезіндегі дене тәрбиесі жаттықтыруы. Мақсаты: тамақ алдында бой жазу, қан тарату, тәбет ашу. 5-6 жеңіл созылу, керілу жаттығуларын, 3-4 мин уақында орындау.
5. Денсаулық топтарындағы жаттықтырулар. Жетісіне 3 рет 1,5-2 сағат уақытында орындалады. Бұл жаттықтырулар негізінен жүгіру, шаңғы тебу, жалпы дене дамыту жаттығуларын орындау түрінде жүргізіледі.
6. Жалпы дене куаты дайындығы секцияларындағы жаттықтырулар. Денсаулықтары мықты адамдарға арналған жетісіне 3 рет, 2 сағаттан жүргізіледі. Амалдары: ЖДДЖ, жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, ырғақтық гимнастика, жүгіру т.б.
7. Спорт секцияларындағы спорт түрлерінен жаттыктырулар. Бұл жаттықтыруларға денсаулықтары мықты жастар мен орта жастағы адамдар қатысады. Спорт секциясы қүрамы 10-15 адамнан тұрады.
8. Туристік жорықтар секциясы. Секцияның негізгі жұмыс мазмұны демалыс кездерінде 1-3 күндік жорықтар ұйымдастыру. Жорық түрлері жаяу, шаңғымен, атпен, велосипедпен, кайықпен т.б. қозғалыс түрлерімен, жолдарымен ұйымдастырылады.
9. Жарыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет