Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі ересек адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері


Жаттықтыру кездерінде денсаулықтарын және дене қуаты дайындығын бақылау әдістері



бет7/7
Дата14.10.2023
өлшемі99,5 Kb.
#185399
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-3101
ЖМП 1-семинар, 246514.pptx
Жаттықтыру кездерінде денсаулықтарын және дене қуаты дайындығын бақылау әдістері
Сауықтыру жаттығуларымен айналысқан адамдар тұракты жылына бір рет жан-жақты дәрігерлік бақылаудан өтуі, қажет кездерде отбасылық амбулаториядағы емдеуші дәрігеріне қаралып тұруы керек. Сонымен бірге өз бетімен сауықтыру жаттыктырулары кезінде денсаулық күйін, адам ағзасының жүктемеге әсерін, ағзаның қандай дене қуаты дайындық деңгейінде екенін аныктаудың, тұрақты бақылау, бағалау жүргізіп отырғанның маңызы өте зор.
Бақылау кезінде күнделік жүргізудің маңызы өте зор. Күнделікте адамның күнделікті ұйкысы, тәбеті, көңіл күйі, жаттығуға ыкыласы., жаттықтыру мазмұны (мысалы, жүгіру 5 км, жалпы дамыту, күш, икемділік жаттығулары - 15 мин т.с.с.) таңертең, жүгіру алдында, соңында, ұйықтары алдында жүректің соғу жиілігі т.б. кажетті мәліметгер жазылып отырылады.
Жетісіне бір рет орындалған жаттықтырулар қорытындыланады. Ол үшін күнделікке бір жетідегі орындалған таңғы гимнастикалық жаттығулар, жаттықтырулар, басқа қимыл белсенділігі әрекеттерінің саны, ұзақтығы жазылады.
Жылына үш рет арнайы бақылау түрлері жүргізіледі. Ол бақылаулар: бой, салмақ, кеуде клеткасы көлемі, тамыр соғысы, қан кысымы, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, тыныс жиілігі (Штанге, Генче сынамасы), саусақ -қол күші, орнынан ұзындыққа секіру, етпеттеп жатып еденнен итерілу, жүруден, жүгіруден, суға жүзуден, шаңғы тебуден Купер тестері, ағзанын, қалпына келуін бақылау сынақтары.
1. Тамыр согысы. Тамыр соғысын есептеу аркылы жүректің кызметің мөлшерлеп білуге болады. Еркектерде тамыр соғысы 50 соғу/мин болса, ете жақсы, 65-тен төмен - жақсы, 65-75-қанағаттандырарлық, 75-тен жоғары - жаман деп есептеледі. Әйелдер мен жасөспірім балаларда осы көрсеткіштер 5 соғу/мин жоғары болады.
Баспалдақ сынағы. Өзіңнің жаттыққандық деңгейіңді аныктау үшін бір қарқында, тоқтап дем алмай төртінші этажға көтеріліп, тамыр соғысыңды есепте. Егер 100 соғу/мин төмен соқса, өте жаксы, 120-дан төмен жақсы, 140-тан төмен — қанағаттандырарлык, 140-тан жоғары жаман.
Отырып, тұрулар сынағы. Тік тұрған қалыпта тамыр соғысын есептеңіз. Ақырын карқында қолыңызды алдыға созып 20 рет отырып тұрыңьіз. Жасы үлкен адамдарға отырып, тұру кездерінде орындық немесе столдан ұстауға болады. Жаттығуды орындап болғаннан сон. тамыр соғысын есептеңіз. Жүктемеден кейінгі тамыр соғысы жиілігі 25 % және одан аз өсуі өте жақсы, 25-50 % өсуі - жақсы, 50-75 % өсуі - қанағаттандырарлық, 65% жоғары - жаман деп есептеледі.
Бірқалыпты секірулер сынағы. Тамыр соғысын есептеп алып, тік тұрамыз, колымыз белімізде. 30 секунд бойы, аяқтың үшімен, жеңіл түрде, еденнен 5-10 см биіктікке 60 рет, секірулер орындаймыз. Секірулерді орындап бола сала тамыр соғысы жиіліктерін есептейміз. Бағалау -алдыңғы отырып-тұрулар сынағы секілді алынады.
2. Тыныс алу. А) Өкпенің тіршілік сыйымдылығьш (ӨТС) спирометр кұралы арқылы өлшеу. Денсаулығы жақсы ер адамдарда 3-3 л, әйел адамдарда 2-3 л болуы кажет; Б) Штанге сынамасы. Орындықта отырған қалыпта терең дем алып, мұрнымызды қолымызбен қысып, тыныс алуды тоқтатамыз. 90 с тыныс алуды тоқтату - өте жақсы, 60-90 с - жақсы, 30-60 с - орташа, 30 с - жаман деп, есептеледі.
3. Қан кысымы. Қан қысымы медициналық танометр арқылы өлшенеді. Денсаулығы жаксы адамдарда орташа 120/80 болуы қажет.
4. Салмақ. Дұрыс салмақ мөлшерін білу үшін, өлшенген салмақты (гпамм) бой ұзындығына (см) бөлеміз. Шыққан сан 300-500 аралығы қалыпты, 300-ден төмен аз, 500-ден жоғары көп, артық салмақ деп есептеледі.
5. Физиологиялық сынамалар. Ең қарапайым сынама Мартинэ сынамасы деп есептеледі. Бұл сынамада жүрек қан тамыры жүйесінің жүктемеге қатынасы, ағзаның жүктемеден кейінгі қалпына келуі арқылы анықталады. Орындалуы: Тамыр соғысын тыныштық күйінде есептейміз. 30 с уақытта қолымызды алдыға созып, 20 рет отырып тұрамыз. Жаттығуды орындап болганнан кейін жүректің соғу жиілігі, 59 с уақытта қалпына келсе - өте жақсы, 1 мин - Імин 29 с уақытта - жақсы, 1,30-1,59 - орташа, 2-3 мин -қанағаттандырарлық, 3 мин жоғары - қанағаттандырарлықсыз деп есептеледі.
Ағзаның жүктемеге (жүру, жүгіру, суға жүзу, шаңғы тебу т.б.) бейімделгендігін анықтайтын тағы бір сынама - 3 мин уақытта жүректің соғу жиілігінің қалпына келуін анықтау. Ол үшін тамыр согудың калпына келу коэффициентін (ТСҚКК) формула арқылы есептейміз:
ЖСЖ (жүктемеден 3 мин кейін) x 10
Т СҚҚ=
ЖСЖ (жүктеме орындала сала)
Формула бойынша есептелген ТСҚКК 30 % аз болса, ол ағзаның жүктемеден кейінгі жақсы қалпына келгені, жүктемеге жақсы бейімделгендігі.
6. Сынақ жаттығулары. Америка ғалымы, физиолог К.Купер ухынған жүру, жүгіру, суға жүзу, велесипед тебу сынақ жаттығуларын кітабы-мыздың келесі беттерінде көрсетеміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет