Әріптер сыры Білім беру саласы:



Дата06.02.2020
өлшемі45,12 Kb.
#57272
Байланысты:
Әріптер сыры

Әріптер сыры


Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: «Б б, Сс әрпі және дыбысы»
Кіріктірілген сабақ: Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру. «Таным» білім берусаласы.
Мақсаты: Өткен тақырып,«Мм» дыбысы және әрпін қайталау барысында білімдерін бекіту. Жаңа «Бб, Сс» дыбысы және әрпімен таныстыру; «Б» «С» дыбысы кездесетін сөздерді ататқызып, сөйлемдер құратқызу арқылы сөздік қорларын толықтыру, дыбыстық талдау жасатып, буынға бөлуге дағдыландыру.
Ұқыпты жазуға, дұрыс отыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әріп таңбалары жазылған саңырауқұлақтар, хат, текшелер, суреттер, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, смайликтер.
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, ассоциация, «феш - боун» әдісі.
Билингвальды компоненттер: дыбыс - звук, әріп - буква, дауысты - гласные, дауыссыз - согласные, буын - слог, сөйлем - предложение.

Мотивациялық қозғаушы
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Шеңберге тұрып, жылулық сөздерін айтайық.
Әріптер елінің ханшайымынан ерекше хат келеді

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС
- Балалар, бір аптада неше күн бар?
- Бүгін нешінші күн? Ертең ше?
- Қазір қандай ай? Бүгін нешесі?

- Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс нешеге бөлінеді? Қандай болып?

- Жақсы. Қараңдаршы, балалар, біз қайда келдік?
- Бірінші топ «уық» сөзінде бірінші қандай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әріп таңбасы жазылған саңырауқұлақты алсын; екінші топ: «ойна» сөзінің бірінші буыны қандай? Сол буын жазылған саңырауқұлақты алыңдар; үшінші топ: өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық, сол дыбыстың таңбасы жазылған саңырауқұлақты алсын.
(Тәрбиеші әр топтың жұмысын қарап, сұрақ тар қояды)
- Бұл қандай дыбыс?

- Мынау не?
- Сендер қандай әріпті алдыңдар?

- Жақсы сендердің жауаптарың үшін әр топқа жұлдызша беремін.
(Әр топқа тақтаға жұлдызша қойылады)
- Балалар, әріптер елінің ханшайымы сендерге ерекше хат тастап кетіпті. Оқып берейін бе?
(Хатта ханшайым оларға тапсырма бергенін, тапсырмаларды орындаса алғыс жариялайтыны айтылады. Тәрбиеші хатты оқып, суреттер таратады)
- Сендерде ненің суреттері бар?

- Бұл суреттердің қандай құпиясы бар?
Жаңа сабақ.
- Ендеше, біз бүгін «Бб» «Сс» дыбысы және әрпімен танысамыз. Тек бүгінгі дыбыс туралы өздерің
түсіндіресіңдер.
(Тәрбиеші жаңа сабақты өздері ашуларына ұсыныс жасайды)
(Тақтада әр топты бағалайды)
- Сендердің, ақылдарыңа тәнті болып тұрмын. Ендеше, мына экранға қарап, «Б», «С» дыбысының әріп таңбасымен, «С», «Б» дыбысына кездесетін сөздермен танысыңдар.
Сөз ұстарту.
- Сонымен, сендер айтпаған қандай сөздер естідіңдер?
- Ал, «Б» , «С» әріптері неге ұқсаттыңдар?

Әріптер сыры МАД В тобы 31.01.19ж

Сабақтың тақырыбы:    Ұ  ұ, ң әріптері  

Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту,  ерекшеліктерін ұқтыру дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

Қалыптастыру

Жаңа  сабақ:

Темір  құсты алып  батпан                                                                                   

  Көк аспанда қалықтатқан                                                                             

Ағаларды  кімдер  дейді?                                                                              

Алдымен тез тауып мақтан.

а/ Ұшқыш сөзіндегі  бірінші дыбысты  бірге  атау.

ә/ Ұ дыбысы  дауысты  дыбыс.  

б/ Сөзді  буынға  бөлу  дыбыстық  талдау  жасау.

Дәптермен   жұмыс:   Ұ  әрпінің  жазылу  емлесімен  таныстыру .  Қолы жаттықтыру  жұмыстарын  өткізу.Буындар  жалғасын табу.

Мен жүремін таңда да

Іңірде мен бармын

Мен жүремін шаңда да

Сіңірде де мен бармын. (ң)

ң— дыбысы  сөз  басында  келмейді

Ң-  аң,  таң шаң,  маң,  жаңбыр, қоңырау,  іңір,  сіңір

-мекен, — дана




Ұл




-дай, — ман , -ша

 

Жұмбақ  шешуін табу,дыбыстық талдау  жасау.                                                       Қанатсыз құс маңып барады,          Құрғақ жерде сақтайсың,                                  Көзінен  жас тамып барады.           Менсіз тамақ татпайсың.

(бұлт)                                                     (тұз)

Сабақты қорыту:    Бұгін  қандай дыбыспен таныстық?

Бұл  қандай дыбыс?

 

Сабақтың тақырыбы:    Н н  және   ң  әріптері



Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту, ерекшеліктерін аңғарту, дыбыстарды ажырата білуге,сауатты  оқуға,  жазуға,  көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Ас  біткенннің  анасы-                                Мен жүремін таңда да,

Қасиетті «нан»  осы.                                  Іңірде мен бармын.

Қайсы әріптен басталған,                         Мен жүремін шаңда да,

Соңғы әрпін де қарашы?(н)                      Сіңірде де мен бармын. (ң)

Н, ң  әріптері  дауыссыз  дыбыстар.  Н – дыбысы сөздің  барлық буындарында  келеді.  Ң — дыбысы  сөз  басында  келмейді.

Сөз  тізбек:    Н- Нан,  нар, нағашы,  нұр, намыс,  нау                                     

Ң-  аң,  таң шаң,  маң,  жаңбыр, қоңырау,  іңір,  сіңір

Дәптермен  жұмыс.    Әріптердің  жазылу  емлесін  түсіндіру.

Қолды  жаттықтыру жұмыстарын  жүргізу.

Сөздік   диктант   орындау.                                                Нан, ана,  ар-на,  аң,  таң,     на,   ан

Жаңылтпаш  айтамыз.   Нау ма,  дау ма?

Нау  да  —  дау,

Дау  да —  нау.

 

А —  буынынан  басталатын  сөздерді  ата.1.Ана  сөзімен  мәндес  сөз.

2.Бала үшін  асыл жан

3.Әкеңнің әкесі саған кім болады?

4.Бал жинайтын еңбек қор жәндік.



Сабақты  қорыту:  Н,  ң  дыбыстары  қандай  дыбыстар?

Қандай  сөздерде  кездеседі?



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет