Әріптер сыры
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: «Б б, Сс әрпі және дыбысы»
Кіріктірілген сабақ: Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру. «Таным» білім берусаласы.
Мақсаты: Өткен тақырып,«Мм» дыбысы және әрпін қайталау барысында білімдерін бекіту. Жаңа «Бб, Сс» дыбысы және әрпімен таныстыру; «Б» «С» дыбысы кездесетін сөздерді ататқызып, сөйлемдер құратқызу арқылы сөздік қорларын толықтыру, дыбыстық талдау жасатып, буынға бөлуге дағдыландыру.
Ұқыпты жазуға, дұрыс отыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әріп таңбалары жазылған саңырауқұлақтар, хат, текшелер, суреттер, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, смайликтер.
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, ассоциация, «феш - боун» әдісі.
Билингвальды компоненттер: дыбыс - звук, әріп - буква, дауысты - гласные, дауыссыз - согласные, буын - слог, сөйлем - предложение.
Мотивациялық қозғаушы
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Шеңберге тұрып, жылулық сөздерін айтайық.
Әріптер елінің ханшайымынан ерекше хат келеді
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС
- Балалар, бір аптада неше күн бар?
- Бүгін нешінші күн? Ертең ше?
- Қазір қандай ай? Бүгін нешесі?
- Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс нешеге бөлінеді? Қандай болып?
- Жақсы. Қараңдаршы, балалар, біз қайда келдік?
- Бірінші топ «уық» сөзінде бірінші қандай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әріп таңбасы жазылған саңырауқұлақты алсын; екінші топ: «ойна» сөзінің бірінші буыны қандай? Сол буын жазылған саңырауқұлақты алыңдар; үшінші топ: өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық, сол дыбыстың таңбасы жазылған саңырауқұлақты алсын.
(Тәрбиеші әр топтың жұмысын қарап, сұрақ тар қояды)
- Бұл қандай дыбыс?
- Мынау не?
- Сендер қандай әріпті алдыңдар?
- Жақсы сендердің жауаптарың үшін әр топқа жұлдызша беремін.
(Әр топқа тақтаға жұлдызша қойылады)
- Балалар, әріптер елінің ханшайымы сендерге ерекше хат тастап кетіпті. Оқып берейін бе?
(Хатта ханшайым оларға тапсырма бергенін, тапсырмаларды орындаса алғыс жариялайтыны айтылады. Тәрбиеші хатты оқып, суреттер таратады)
- Сендерде ненің суреттері бар?
- Бұл суреттердің қандай құпиясы бар?
Жаңа сабақ.
- Ендеше, біз бүгін «Бб» «Сс» дыбысы және әрпімен танысамыз. Тек бүгінгі дыбыс туралы өздерің
түсіндіресіңдер.
(Тәрбиеші жаңа сабақты өздері ашуларына ұсыныс жасайды)
(Тақтада әр топты бағалайды)
- Сендердің, ақылдарыңа тәнті болып тұрмын. Ендеше, мына экранға қарап, «Б», «С» дыбысының әріп таңбасымен, «С», «Б» дыбысына кездесетін сөздермен танысыңдар.
Сөз ұстарту.
- Сонымен, сендер айтпаған қандай сөздер естідіңдер?
- Ал, «Б» , «С» әріптері неге ұқсаттыңдар?
Әріптер сыры МАД В тобы 31.01.19ж
Сабақтың тақырыбы: Ұ ұ, ң әріптері
Сабақтың мақсаты: Әріптерді таныту, ерекшеліктерін ұқтыру дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға, жазуға, көркем , таза орындауға дағдыландыру. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
Жабдығы: әріп , кеспе әріптер, суреттер.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Дыбыс , әріп ұғымы бойынша түсінігін
Қалыптастыру
Жаңа сабақ:
Темір құсты алып батпан
Көк аспанда қалықтатқан
Ағаларды кімдер дейді?
Алдымен тез тауып мақтан.
а/ Ұшқыш сөзіндегі бірінші дыбысты бірге атау.
ә/ Ұ дыбысы дауысты дыбыс.
б/ Сөзді буынға бөлу дыбыстық талдау жасау.
Дәптермен жұмыс: Ұ әрпінің жазылу емлесімен таныстыру . Қолы жаттықтыру жұмыстарын өткізу.Буындар жалғасын табу.
Мен жүремін таңда да
Іңірде мен бармын
Мен жүремін шаңда да
Сіңірде де мен бармын. (ң)
ң— дыбысы сөз басында келмейді
Ң- аң, таң шаң, маң, жаңбыр, қоңырау, іңір, сіңір
Жұмбақ шешуін табу,дыбыстық талдау жасау. Қанатсыз құс маңып барады, Құрғақ жерде сақтайсың, Көзінен жас тамып барады. Менсіз тамақ татпайсың.
(бұлт) (тұз)
Сабақты қорыту: Бұгін қандай дыбыспен таныстық?
Бұл қандай дыбыс?
Сабақтың тақырыбы: Н н және ң әріптері
Сабақтың мақсаты: Әріптерді таныту, ерекшеліктерін аңғарту, дыбыстарды ажырата білуге,сауатты оқуға, жазуға, көркем орындауға дағдыландыру. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
Жабдығы: әріп , кеспе әріптер, суреттер.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Дыбыс , әріп ұғымы бойынша түсінігін
қалыптастыру.
Жаңа сабақ:
Ас біткенннің анасы- Мен жүремін таңда да,
Қасиетті «нан» осы. Іңірде мен бармын.
Қайсы әріптен басталған, Мен жүремін шаңда да,
Соңғы әрпін де қарашы?(н) Сіңірде де мен бармын. (ң)
Н, ң әріптері дауыссыз дыбыстар. Н – дыбысы сөздің барлық буындарында келеді. Ң — дыбысы сөз басында келмейді.
Сөз тізбек: Н- Нан, нар, нағашы, нұр, намыс, нау
Ң- аң, таң шаң, маң, жаңбыр, қоңырау, іңір, сіңір
Дәптермен жұмыс. Әріптердің жазылу емлесін түсіндіру.
Қолды жаттықтыру жұмыстарын жүргізу.
Сөздік диктант орындау. Нан, ана, ар-на, аң, таң, на, ан
Жаңылтпаш айтамыз. Нау ма, дау ма?
Нау да — дау,
Дау да — нау.
А — буынынан басталатын сөздерді ата.1.Ана сөзімен мәндес сөз.
2.Бала үшін асыл жан
3.Әкеңнің әкесі саған кім болады?
4.Бал жинайтын еңбек қор жәндік.
|
Сабақты қорыту: Н, ң дыбыстары қандай дыбыстар?
Қандай сөздерде кездеседі?
Достарыңызбен бөлісу: |